Cтуденттер арасындағы шахмат турнирі қашан басталады?

 FIDE
Фото: FIDE

Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) қолдауымен 2026 жылдың ең ірі турнирлерінің бірі – университеттер арасындағы командалық әлем чемпионатының финалы өтеді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов мәлімдеді.

Тимур Турлов өзінің авторлық бағанында атап өткендей, FIDE World University Team Chess Championship 2026 тамыз айында Алматы қаласында өтеді және ол жаһандық деңгейдегі студенттік шахматтың нағыз жаңаруына айналмақ.

Бұл әлемдік шахматтағы кәсіби қауымдастықтың 2021 жылдан бері күткен «студенттік форматты» толыққанды қайта пайымдауы болмақ. Естеріңізге сала кетейін, сол жылы пандемия кезінде 1st World University Online Rapid Championship өткен болатын, бірақ ол толығымен онлайн форматта ұйымдастырылды. Енді бұл формат нағыз жаһандық ауқымда қайта жаңғырып, оның шешуші кезеңін өткізу бізге сеніп тапсырылды, – деп жазды ҚШФ президенті.

Оның айтуынша, мамыр айында Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа, Африка және Азия елдерінің жетекші жоғары оқу орындары бақ сынаған іріктеу кезеңдері өтті. 
Нәтижесінде алғашқы 8 қатысушы анықталды:

  • Сент-Луис университеті,
  • Далластағы Техас университеті,
  • Орал тау-кен университеті,
  • Афины ұлттық техникалық университеті,
  • Вебстер университеті, Чили университеті,
  • Гунадарма университеті,
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

ҚШФ президенті қалған 8 қатысушының тікелей wild card алатынын атап өтті. Олар:

  • Кембридж университеті,
  • Оксфорд университеті,
  • Гарвард университеті,
  • Пекин университеті және
  • республикалық іріктеу арқылы жолдама алған Қазақ ұлттық спорт университеті.

Тағы үш wild card иегерінің аты кейінірек жарияланады.Жалпы, Тимур Турловтың айтуынша, мұндай деңгейдегі университеттік турнир, спортта өзін көрсету және медальдар жеңіп алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңа академиялық байланыстар орнатуға және бірлескен жастар жобаларын іске қосуға берілген мүмкіндік.

Оқи отырыңыз