Қазақ халқында ат үстінде ойналатын «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар», «Бәйге» сияқты ойындар бар. «Көкпар» ойынының атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70-80 кг-дай келеді. Көкпар жігіттердің күш-жігеріне, төзімділігіне, батылдығы мен ептілігіне сын. Сонымен қатар Көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорттық ойын. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі.
Қазақстанда 1949 жылы Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарында өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 метрлік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Ойын жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.
Біздің ұсынып отырған «Көкпарымыз» – ұлттық Көкпар ойынының компьютерге лайықталған, аздаған өзгерістері бар нұсқасы. Оның негізгі мақсаты – көпшілікті көкпар ойынымен жақынырақ таныстыру, ат мініп, көкпар туртуға құштар азаматтар қатарының артуына септік ету.
«Көкпар» – спорттық ойын
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады