Жаңалықтар

Cәкен Сейфуллиннің идеялары Тәуелсіз Қазақстанның саяси-идеологиясымен ұштасып жатыр

Тарихымыздың жазылмас жан жарасы болып қалған осы кезеңде қаншама арыстарымыз жазықсыз атылып кетті. Солардың бірі ұлт зиялысы Сәкен Сейфуллин еді. Ол ағартушылық, педагогтық бағытта үлкен еңбек атқарып, қазақ елінің  білімді жастарының еңсе көтеруіне көп күш жұмсады. Білім алу  жолының  әртүрлі бағыттары арқылы дәріс берген Сәкеннің педагогтық қызметі туралы да сөз қозғағанды жөн көрдік. Осы тақырып төңірегінде Астана қаласының С.Сейфуллин мұражайының   ғылыми қызметкері Гүлназия Болатқызы Ибраевамен сұқбаттасқан едік.              -    Гүлназия Болатқызы, өзіңізді Сәкен Сейфуллин мұраларын зерттеп жүрген ғалымдардың қатарынан білеміз. Сәкеннің жазушы, саясаткер, ақын ретіндегі қырын оқырман қауым өте жақсы таниды. Ал, Сіздің қарастырып жүрген тақырыптарыңыздың бірі С.Сейфуллиннің педагогикалық қызметі. Жалпы Сәкеннің ұстаздық қызметі қай уақыттан басталады? -  Сәкен Сейфуллиннің негізгі педагогтық қызметі 1912 жылы Ғабдулла халфе Сұлтанұлы медресесінде қазақ және татар балаларына орыс тілінен сабақ беруден басталады. Кейіннен, 1916 жылы 10 мамырда Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп, арнайы куәлік алып, жолдамамен Ақмола уезі Сілеті-Бұғылы ауылында Ш.Уәлихановтың жиені Сұлтан Абылаевтың үйінде мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарады. 1917 жылы Ақмола қаласына  келіп, орыс-қазақ  мектебінде екі кластық училищеде сабақ береді. Сонда жүріп қалалық мектептер үшін ашылған мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курста дәріс оқиды. Міне, Сәкеннің оқытушылық қызметке келуі осылай басталды.     -   «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді ғой дана халқымыз. Сәкен мектебінен білім алып, танымал болған шәкірттері кімдер?             -  Сәкеннің мектебінен білім алып, ол жайлы небір естеліктер жазған жайсаң жандарымыз көптеп саналады. C.Сейфуллиннің бастауымен  Орынбор қаласында тәжірибе- көрсеткіш мектебі ашылғанын білеміз. Кезінде бұл мектепте ҚазМУ ректоры Асқар Закарин  оқыған. Сондай-ақ  арнайы  қыздар мектебін ашады. Ол мектептің алғашқы түлектерінің бірі - Шолпан  Иманбаева. Бұл екі танымал тұлға жайлы да аз айтылып жүрген жоқ.    «Сәкеннің  қарапайымдылғы мен адамгершілігінің молдығы   соншалықты, ол маған ғана емес, басқаларға да қол ұшын беретін.   Ауылдан келген әрбір адам одан көмек сұрайтын. Көпшілігі оның пәтерінде тұрып,  оқу  орындарында оқыды»,- дейді бір естелігінде  Сәкеннің шәкірті Ұзақбай Балқашев.            Сәкен Сейфуллин 1925 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқара жүріп,  Қызылордада қазақ халық ағарту институтының директоры қызметін атқарады, 1926 жылы Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтында жұмыс істейді.(Орта Азия мемлекеттік университеті). 1929 жылы астана Алматыға ауысуына байланысты, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы педагогикалық  институтында қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, қазақ әдебиеті кафедрасының деканы болады. Бұл Сәкеннің орта білім емес жоғары білім саласындағы ұстаздық қызметі еді.     С.Сейфуллиннен  институтта дәріс алған  шәкірті   Мәмбеталиев  Күлтай өз естелігінде былай деп еске алады: «Қазақ журналистер институтына түскенге дейін   мектепте мұғалім болдым. Ел аузынан  Сәкен жайлы  қазақ жастарына көп қолдау көрсететін  адам ретінде еститінмін. Шынында да, ол кісі  көп адамға көмек көрсеткен. Алматыға 1936 жылы келдім. Алдымен Қазақ педагогикалық институтына түсіп, кейін   Қазақ журналистер институтына   ауыстым. С.Сейфуллин бізге қазақ әдебиетінен дәріс берді. Ол кісі дәріс оқуға  келгенде  аудитория  студенттерге  лық толатын. Әсіресе халық ауыз әдебиетінен оқыған лекциясы өте тартымды болатын. Келесі сабаққа  келгенде бірнеше   күн, тіпті  апта өтсе де  келген жерінен  ары  қарай жаңылмай, бізден сұрамай лекциясын  өзі жалғастырып кететін. Ол кісі бірнеше   институтта қатарынан сабақ берген. Соған қарамастан, сабақ беру кезінде  студенттердің есімдерінен жаңылыспайтын...» Қарап отырсаңыз, ұстаз жайлы тамаша естелік емеспе?! Бұл естелік арқылы Сәкеннің ұстаз ретіндегі моральдық бейнесін әбден көруге болады.   - Сәкеннің білім беру саласындағы ұлттық идеологияны жүзеге асырғаны туралы айтылып кетіп жүр. Осы жайлы тоқталып өтсеңіз?      -   ХХ ғасырдың басындағы  заман талабына сай, орыс тілін  білсең ойың жетік, қоғамның дамуынан қалыс қалмайсың,  барлық әдебиет орыс тілінде болған соң, қазақ жастары да көзі ашық, осы талапқа сай болса екен деген ой еді Сәкеннің. Сондықтан орыс тілі терең оқытылған, сабақ беру сағаты да көп бөлінген. Ана тілімен салыстырмалы түрде сабақ жүргізгендегі мақсаты, қазақ тілінің ерекшелігін одан әрі терең түсініп, сөздік қорды байыту еді.    Тәуелсіз мемлекет болғалы Президентіміз Н.Назарбаевтың ұстанған саясаты үштұғырлы тілді, яғни  басты міндет өз тіліңді, яғни  мемлекеттік тіл саналатын –қазақ тілін білу, ресми тіл- орыс тілін білу, халықаралық тіл  - ағылшын  тілін білу. Осыған сәйкес, елімізде  білім беру  әдістемесінде тереңдетілген тіл мектектептері, үш тілді мектептер көбейе бастады. Қазіргі күнгі білім беру әдісімен салыстыра  келсек, С.Сейфуллиннің жүргізген оқу әдісі өте тиімді болғандығын анық байқаймыз. Қазіргі   халықаралық деңгейде мемлекетіміздің дәрежесін көтеру үшін жасалып отырған, үштұғырлы  тіл саясатымен Сәкен ойы идея жағынан ұштасып жатыр.   - Сәкеннің ұстаздық қызметі өз еңбектерінде орын алғанба?   - С.Сейфуллиннің публицистикалық шығармаларының дені халық ағарту мәселесіне арналған. 1921-25 жылдарда жазған  «Әр қазақтың жадында оқу болсын», «Зор міндет», «Барлық күш оқуға», «Оқушы жастарға үлгі», « Екі мың Орынборда», «Қазақ арасында сауатсыздықты жою», «Жас азамат әскери мектепке даярлан!» деген мақалаларының атының өзінен-ақ көп жайды аңғаруға болады.         «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы мойнына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң - кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді» деген С.Сейфуллин,  оқусыз адамның болашағы күңгірт екенін айтқысы келген. Ол тағы да  жарқын болашаққа жетудің жолдарын былай деп көрсетіп, бағыт береді: «Қазақ кедейлерінің теңелуіне қатесіз екі жол бар: біреу - оқу, екінші – Қазақстанда кәсіп дүкенін жүргізу». Яғни, жан-жақты білім алу арқылы   ғана адамзат  үлкен жетістікке жетеді,  өз ісінің шеберлері, белгілі бір маман болып қалыптасады,- деп білім саласындағы мамандыққа бейімділік туралы алғашқылардың қатарында болып мәселе көтерген еді.   -  Оқытушылық қызметпен айналысқан Сәкеннің дәл осы бағыттағы қандай еңбектерін атап өтуге болады?   -         Қазақстан тарихында бірінші рет халық мұрасын жинау мақсатында 1929 жылы жер-жерге экспедициялар  ұйымдастырған да Сәкен Сейфуллин болатын. Оның 1931 жылы «Ескі әдебиет нұсқалары» , 1933 жылы  «Батырлар жыры»,   «Әдебиет тану- оқу құралы» сияқты топтама жинақтарды  және Ыбырай Алтынсарин, Ақан сері, Ақмолда Мұхамедияров, Шәкәрім Құдайбердіұлының  шығармаларын бастырып шығарды. 1932 жылы қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы зор қадамы болып есептелетін « Қазақ әдебиеті»  атты оқу құралын жазып, жоғары оқу орындары шәкірттерінің қазақ  ауыз әдебиеті тарихы жөніндегі  қажетін қанағаттандырды. 1934 жылы бесінші класқа арнап «Көркем әдебиет» атты оқулық- хрестоматия жасады.        Осылайша Сәкен Сейфуллин  ғұмырының  20 жылдай уақытын бала оқытып, оқулық жазуға арнаған.  Оның оқу- ағарту саласындағы басты мұрасы - әдеби шығармалары, оқулықтары. Қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арнайы көрнекі түрде  жазып кеткен құнды дерек оқулықтарды әр оқырман С.Сейфуллиннің мұражайының  қорынан таба алады.    Сұхбатыңызға көп рахмет!   Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС  
06.12.2013 04:12 5803

Тарихымыздың жазылмас жан жарасы болып қалған осы кезеңде қаншама арыстарымыз жазықсыз атылып кетті. Солардың бірі ұлт зиялысы Сәкен Сейфуллин еді. Ол ағартушылық, педагогтық бағытта үлкен еңбек атқарып, қазақ елінің  білімді жастарының еңсе көтеруіне көп күш жұмсады. Білім алу  жолының  әртүрлі бағыттары арқылы дәріс берген Сәкеннің педагогтық қызметі туралы да сөз қозғағанды жөн көрдік. Осы тақырып төңірегінде Астана қаласының С.Сейфуллин мұражайының   ғылыми қызметкері Гүлназия Болатқызы Ибраевамен сұқбаттасқан едік.  

        

 

-    Гүлназия Болатқызы, өзіңізді Сәкен Сейфуллин мұраларын зерттеп жүрген ғалымдардың қатарынан білеміз. Сәкеннің жазушы, саясаткер, ақын ретіндегі қырын оқырман қауым өте жақсы таниды. Ал, Сіздің қарастырып жүрген тақырыптарыңыздың бірі С.Сейфуллиннің педагогикалық қызметі. Жалпы Сәкеннің ұстаздық қызметі қай уақыттан басталады?

-  Сәкен Сейфуллиннің негізгі педагогтық қызметі 1912 жылы Ғабдулла халфе Сұлтанұлы медресесінде қазақ және татар балаларына орыс тілінен сабақ беруден басталады. Кейіннен, 1916 жылы 10 мамырда Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп, арнайы куәлік алып, жолдамамен Ақмола уезі Сілеті-Бұғылы ауылында Ш.Уәлихановтың жиені Сұлтан Абылаевтың үйінде мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарады. 1917 жылы Ақмола қаласына  келіп, орыс-қазақ  мектебінде екі кластық училищеде сабақ береді. Сонда жүріп қалалық мектептер үшін ашылған мұғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курста дәріс оқиды. Міне, Сәкеннің оқытушылық қызметке келуі осылай басталды.

   

-   «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді ғой дана халқымыз. Сәкен мектебінен білім алып, танымал болған шәкірттері кімдер?

          

 -  Сәкеннің мектебінен білім алып, ол жайлы небір естеліктер жазған жайсаң жандарымыз көптеп саналады. C.Сейфуллиннің бастауымен  Орынбор қаласында тәжірибе- көрсеткіш мектебі ашылғанын білеміз. Кезінде бұл мектепте ҚазМУ ректоры Асқар Закарин  оқыған. Сондай-ақ  арнайы  қыздар мектебін ашады. Ол мектептің алғашқы түлектерінің бірі - Шолпан  Иманбаева. Бұл екі танымал тұлға жайлы да аз айтылып жүрген жоқ.

   «Сәкеннің  қарапайымдылғы мен адамгершілігінің молдығы   соншалықты, ол маған ғана емес, басқаларға да қол ұшын беретін.   Ауылдан келген әрбір адам одан көмек сұрайтын. Көпшілігі оның пәтерінде тұрып,  оқу  орындарында оқыды»,- дейді бір естелігінде  Сәкеннің шәкірті Ұзақбай Балқашев. 

          Сәкен Сейфуллин 1925 жылдары Халық ағарту комиссары қызметін атқара жүріп,  Қызылордада қазақ халық ағарту институтының директоры қызметін атқарады, 1926 жылы Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтында жұмыс істейді.(Орта Азия мемлекеттік университеті). 1929 жылы астана Алматыға ауысуына байланысты, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы педагогикалық  институтында қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беріп, қазақ әдебиеті кафедрасының деканы болады. Бұл Сәкеннің орта білім емес жоғары білім саласындағы ұстаздық қызметі еді.

    С.Сейфуллиннен  институтта дәріс алған  шәкірті   Мәмбеталиев  Күлтай өз естелігінде былай деп еске алады: «Қазақ журналистер институтына түскенге дейін   мектепте мұғалім болдым. Ел аузынан  Сәкен жайлы  қазақ жастарына көп қолдау көрсететін  адам ретінде еститінмін. Шынында да, ол кісі  көп адамға көмек көрсеткен. Алматыға 1936 жылы келдім. Алдымен Қазақ педагогикалық институтына түсіп, кейін   Қазақ журналистер институтына   ауыстым. С.Сейфуллин бізге қазақ әдебиетінен дәріс берді. Ол кісі дәріс оқуға  келгенде  аудитория  студенттерге  лық толатын. Әсіресе халық ауыз әдебиетінен оқыған лекциясы өте тартымды болатын. Келесі сабаққа  келгенде бірнеше   күн, тіпті  апта өтсе де  келген жерінен  ары  қарай жаңылмай, бізден сұрамай лекциясын  өзі жалғастырып кететін. Ол кісі бірнеше   институтта қатарынан сабақ берген. Соған қарамастан, сабақ беру кезінде  студенттердің есімдерінен жаңылыспайтын...» Қарап отырсаңыз, ұстаз жайлы тамаша естелік емеспе?! Бұл естелік арқылы Сәкеннің ұстаз ретіндегі моральдық бейнесін әбден көруге болады.

 

- Сәкеннің білім беру саласындағы ұлттық идеологияны жүзеге асырғаны туралы айтылып кетіп жүр. Осы жайлы тоқталып өтсеңіз?

    

-   ХХ ғасырдың басындағы  заман талабына сай, орыс тілін  білсең ойың жетік, қоғамның дамуынан қалыс қалмайсың,  барлық әдебиет орыс тілінде болған соң, қазақ жастары да көзі ашық, осы талапқа сай болса екен деген ой еді Сәкеннің. Сондықтан орыс тілі терең оқытылған, сабақ беру сағаты да көп бөлінген. Ана тілімен салыстырмалы түрде сабақ жүргізгендегі мақсаты, қазақ тілінің ерекшелігін одан әрі терең түсініп, сөздік қорды байыту еді.

   Тәуелсіз мемлекет болғалы Президентіміз Н.Назарбаевтың ұстанған саясаты үштұғырлы тілді, яғни  басты міндет өз тіліңді, яғни  мемлекеттік тіл саналатын –қазақ тілін білу, ресми тіл- орыс тілін білу, халықаралық тіл  - ағылшын  тілін білу. Осыған сәйкес, елімізде  білім беру  әдістемесінде тереңдетілген тіл мектектептері, үш тілді мектептер көбейе бастады. Қазіргі күнгі білім беру әдісімен салыстыра  келсек, С.Сейфуллиннің жүргізген оқу әдісі өте тиімді болғандығын анық байқаймыз. Қазіргі   халықаралық деңгейде мемлекетіміздің дәрежесін көтеру үшін жасалып отырған, үштұғырлы  тіл саясатымен Сәкен ойы идея жағынан ұштасып жатыр.

 

- Сәкеннің ұстаздық қызметі өз еңбектерінде орын алғанба?

 

- С.Сейфуллиннің публицистикалық шығармаларының дені халық ағарту мәселесіне арналған. 1921-25 жылдарда жазған  «Әр қазақтың жадында оқу болсын», «Зор міндет», «Барлық күш оқуға», «Оқушы жастарға үлгі», « Екі мың Орынборда», «Қазақ арасында сауатсыздықты жою», «Жас азамат әскери мектепке даярлан!» деген мақалаларының атының өзінен-ақ көп жайды аңғаруға болады. 

       «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы мойнына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң - кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді» деген С.Сейфуллин,  оқусыз адамның болашағы күңгірт екенін айтқысы келген. Ол тағы да  жарқын болашаққа жетудің жолдарын былай деп көрсетіп, бағыт береді: «Қазақ кедейлерінің теңелуіне қатесіз екі жол бар: біреу - оқу, екінші – Қазақстанда кәсіп дүкенін жүргізу». Яғни, жан-жақты білім алу арқылы   ғана адамзат  үлкен жетістікке жетеді,  өз ісінің шеберлері, белгілі бір маман болып қалыптасады,- деп білім саласындағы мамандыққа бейімділік туралы алғашқылардың қатарында болып мәселе көтерген еді.

 

Оқытушылық қызметпен айналысқан Сәкеннің дәл осы бағыттағы қандай еңбектерін атап өтуге болады?

 

-         Қазақстан тарихында бірінші рет халық мұрасын жинау мақсатында 1929 жылы жер-жерге экспедициялар  ұйымдастырған да Сәкен Сейфуллин болатын. Оның 1931 жылы «Ескі әдебиет нұсқалары» , 1933 жылы  «Батырлар жыры»,   «Әдебиет тану- оқу құралы» сияқты топтама жинақтарды  және Ыбырай Алтынсарин, Ақан сері, Ақмолда Мұхамедияров, Шәкәрім Құдайбердіұлының  шығармаларын бастырып шығарды. 1932 жылы қазақ әдебиеттану ғылымының алғашқы зор қадамы болып есептелетін « Қазақ әдебиеті»  атты оқу құралын жазып, жоғары оқу орындары шәкірттерінің қазақ  ауыз әдебиеті тарихы жөніндегі  қажетін қанағаттандырды. 1934 жылы бесінші класқа арнап «Көркем әдебиет» атты оқулық- хрестоматия жасады.

       Осылайша Сәкен Сейфуллин  ғұмырының  20 жылдай уақытын бала оқытып, оқулық жазуға арнаған.  Оның оқу- ағарту саласындағы басты мұрасы - әдеби шығармалары, оқулықтары. Қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арнайы көрнекі түрде  жазып кеткен құнды дерек оқулықтарды әр оқырман С.Сейфуллиннің мұражайының  қорынан таба алады.

   Сұхбатыңызға көп рахмет!

 

Нұрсерік  ЖОЛБАРЫС

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға