Жаңалықтар

Сұлтан Әбілдаев

Қызылордалық «Қайсардың» бірнеше жыл капитаны әрі көшбасшы ойыншысы болған. Кейіннен осы команданың бас бапкері қызметін атқарған танымал футболшы – Сұлтан Әбілдаев Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Сұлтанның футболдағы карьерасы 1988 жылы КСРО чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсететін жергілікті «Мелиоратор» командасына қабылданумен басталды. Ол кезде оның жасы 18-де болатын. Дәл сол уақытта Қызылорда командасының ойын өрнегі түзеліп, чемпионаттағы жағдайы жақсара бастаған. Команда бұрын-сонды болмаған нәтижеге қол жеткізеді. Біріншілікте үздік бестікке еніп көрмеген «Мелиоратор» 1988 жылы алғаш рет төрт команданың қатарына кірді. Сондай-ақ, бірінші рет КСРО Кубогына қатысты. Түмен қаласының «Геолог» клубын тізерлетіп, 1/16 финалға шығады. Оларды алда Украинаның танымал командасы «Металлист» (Харыков) күтіп тұрған болатын. Юрий Хакимов жаттықтыратын  Қызылорда клубы тәжірибелі командаға қос ойын қорытындысы бойынша есе жібереді. Кейіннен осы клубта ұзақ жыл ойнаған марқұм Әбіл Қалымбетов бас бапкер болып тағайындалды. 1988 жылғы жетістікті араға үш жыл салып екінші рет қайталады. Ал тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы Қазақстан чемпионатында  «Қайсар» 10-шы орыннан көрінді. Келесі жылы Сұлтан Керекудің «Аңсатына» ауысады.  Виктор Ярышев жаттықтырған командада бірінші айналымда 17 ойын өткізіп, екінші айналымда туған командасына қайта оралады. Ол кеткеннен кейін Павлодар клубы ел чемпионы атанды. Чемпиондық тәжге қолы жетпегенімен, екі клубта да ол өзін жақсы қырынан таныта білді. Сол жылы жалпы саны 40 ойын өткізіп, 9 гол соқты. Футбол мамандары  Сұлтанды үздік 33 футболшының қатарына қосып, сол қапталдағы ең үздік жартылай қорғаушы деп таныды. Өзінің керемет спорттық бабында жүрген футболшыны «Аңсат» клубының басшылары 1994 жылы Керекуге қайтарып алды. Осылайша, Павлодар жерінде ол үш жарым жылдай тер төкті. Команданы Виктор Веретнов жаттықтырған тұста – 1997 жылы Қазақстан чемпионатындағы өзінің алғашқы алтынына қол жеткізді. Сондай-ақ, 1994 және 1996 жылдары күміс, 1996 жылы қоланы да еншіледі. Ол Павлодарда Қазақстан чемпионатының үш бірдей жүлдесіне қол жеткізді. «Ертісте» соңғы маусымда негізгі құрамнан жиі орын бұйырмаған «Қайсарға» қайта келді. Бұл кезде Қызылорда клубына инвестиция құйылып, еліміздегі беделді футболшылар жинала бастаған. «Таразға» ел біріншілігінің бас жүлдесін сыйлаған Воит Талгаев 1999 жылы «Қайсарға» Қазақстан Кубогын алып берді. Финалда Өскеменнің «Восток» клубымен кездесіп, ойын соңында пенальтиден жеңіске жетті. Сұлтан команда капитаны болды. Футболшыларды алаңға өзі бастап шығып жүрді. «Қайсар» екі жыл бірдей Азия кубок иегерлерінің турнирінің қатысты. Аталмыш турнирге 1999 жылы алғаш қатысқанда Ашхабадтың «Ниса» клубынан өте алмаса, екіншы жылы 1/8 финалға дейін жетті. Сол жылы «Қайсардың» бапкерлері жиі ауысты. 2003 жылы Виктор Кумыков келгенше, Марьянков, Марат Есмұратов, Болат Есмағанбетов, Тілеухан Тұрмағанбетовтер бір жылдан артық тұрақтаған емес. Виктор Кумыков тізгінді ұстаған шақта қазақ футболшыларының саны артты. Сұлтан алаңда командадағы інілері Мақсат Байжанов, Дәуренбек Тәжімбетов, Талғат Сыздықов өз ақылын айтып, тәжірибесімен бөлісті. Әбілдаев – 2002 жылы «Атырау» сапында да бір жыл өнер көрсеткен ойыншы. Оны мұнайшылар командасына шақырған Воит Талгаев болатын. Талгаев бапкер «Атырауды» жаттықтырған тұста бұрынғы шәкірттерінің арасынан Сұлтаннан бөлек Азамат Ниязымбетовті де өз командасына алдырады. Сұлтан Әбілдаев 2005 жылы «Қайсармен» Бірінші лигада жеңіске жеткеннен кейін футболдағы карьерасын аяқтады. Ол 1988-2005 жылдар аралығында 17 маусым үздіксіз өнер көрсеткен кәсіби футболшы. Осы аралықта ол 500-ге жуық ойын өткізді. Екі рет үздік 33 футболшының қатарына енді. 1992 жылы ұлттық құраманың ең алғашқы кездесуі Түркіменстан құрамасына қарсы матчқа қатысты. Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке белсене араласты.  2009 жылы «Қызылжар» клубының бас бапкері болды. Одан кейін өзінің туған командасы «Қайсарды» жаттықтырды. Қазіргі кезде аталмыш команданың бас бапкерінің көмекшісі. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1997 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994,1996, 2002 жылдары Қазақстан  чемпионатының қола жүлдегері: 1998 жылы Қазақстан Кубогының иегері: 1999 жылы Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасының жеңімпазы: 2005 жылы. Бек Төлеуов, «Sport» газеті  
28.11.2013 06:59 3107

Қызылордалық «Қайсардың» бірнеше жыл капитаны әрі көшбасшы ойыншысы болған. Кейіннен осы команданың бас бапкері қызметін атқарған танымал футболшы – Сұлтан Әбілдаев

Сұлтан Әбілдаев 1970 жылы 21 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. Сұлтанның футболдағы карьерасы 1988 жылы КСРО чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсететін жергілікті «Мелиоратор» командасына қабылданумен басталды. Ол кезде оның жасы 18-де болатын. Дәл сол уақытта Қызылорда командасының ойын өрнегі түзеліп, чемпионаттағы жағдайы жақсара бастаған. Команда бұрын-сонды болмаған нәтижеге қол жеткізеді. Біріншілікте үздік бестікке еніп көрмеген «Мелиоратор» 1988 жылы алғаш рет төрт команданың қатарына кірді. Сондай-ақ, бірінші рет КСРО Кубогына қатысты. Түмен қаласының «Геолог» клубын тізерлетіп, 1/16 финалға шығады. Оларды алда Украинаның танымал командасы «Металлист» (Харыков) күтіп тұрған болатын. Юрий Хакимов жаттықтыратын  Қызылорда клубы тәжірибелі командаға қос ойын қорытындысы бойынша есе жібереді. Кейіннен осы клубта ұзақ жыл ойнаған марқұм Әбіл Қалымбетов бас бапкер болып тағайындалды. 1988 жылғы жетістікті араға үш жыл салып екінші рет қайталады.

Ал тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы Қазақстан чемпионатында  «Қайсар» 10-шы орыннан көрінді. Келесі жылы Сұлтан Керекудің «Аңсатына» ауысады.  Виктор Ярышев жаттықтырған командада бірінші айналымда 17 ойын өткізіп, екінші айналымда туған командасына қайта оралады. Ол кеткеннен кейін Павлодар клубы ел чемпионы атанды. Чемпиондық тәжге қолы жетпегенімен, екі клубта да ол өзін жақсы қырынан таныта білді. Сол жылы жалпы саны 40 ойын өткізіп, 9 гол соқты. Футбол мамандары  Сұлтанды үздік 33 футболшының қатарына қосып, сол қапталдағы ең үздік жартылай қорғаушы деп таныды. Өзінің керемет спорттық бабында жүрген футболшыны «Аңсат» клубының басшылары 1994 жылы Керекуге қайтарып алды. Осылайша, Павлодар жерінде ол үш жарым жылдай тер төкті. Команданы Виктор Веретнов жаттықтырған тұста – 1997 жылы Қазақстан чемпионатындағы өзінің алғашқы алтынына қол жеткізді. Сондай-ақ, 1994 және 1996 жылдары күміс, 1996 жылы қоланы да еншіледі. Ол Павлодарда Қазақстан чемпионатының үш бірдей жүлдесіне қол жеткізді. «Ертісте» соңғы маусымда негізгі құрамнан жиі орын бұйырмаған «Қайсарға» қайта келді. Бұл кезде Қызылорда клубына инвестиция құйылып, еліміздегі беделді футболшылар жинала бастаған. «Таразға» ел біріншілігінің бас жүлдесін сыйлаған Воит Талгаев 1999 жылы «Қайсарға» Қазақстан Кубогын алып берді. Финалда Өскеменнің «Восток» клубымен кездесіп, ойын соңында пенальтиден жеңіске жетті.

Сұлтан команда капитаны болды. Футболшыларды алаңға өзі бастап шығып жүрді. «Қайсар» екі жыл бірдей Азия кубок иегерлерінің турнирінің қатысты. Аталмыш турнирге 1999 жылы алғаш қатысқанда Ашхабадтың «Ниса» клубынан өте алмаса, екіншы жылы 1/8 финалға дейін жетті. Сол жылы «Қайсардың» бапкерлері жиі ауысты. 2003 жылы Виктор Кумыков келгенше, Марьянков, Марат Есмұратов, Болат Есмағанбетов, Тілеухан Тұрмағанбетовтер бір жылдан артық тұрақтаған емес.

Виктор Кумыков тізгінді ұстаған шақта қазақ футболшыларының саны артты. Сұлтан алаңда командадағы інілері Мақсат Байжанов, Дәуренбек Тәжімбетов, Талғат Сыздықов өз ақылын айтып, тәжірибесімен бөлісті.

Әбілдаев – 2002 жылы «Атырау» сапында да бір жыл өнер көрсеткен ойыншы. Оны мұнайшылар командасына шақырған Воит Талгаев болатын. Талгаев бапкер «Атырауды» жаттықтырған тұста бұрынғы шәкірттерінің арасынан Сұлтаннан бөлек Азамат Ниязымбетовті де өз командасына алдырады.

Сұлтан Әбілдаев 2005 жылы «Қайсармен» Бірінші лигада жеңіске жеткеннен кейін футболдағы карьерасын аяқтады. Ол 1988-2005 жылдар аралығында 17 маусым үздіксіз өнер көрсеткен кәсіби футболшы. Осы аралықта ол 500-ге жуық ойын өткізді. Екі рет үздік 33 футболшының қатарына енді. 1992 жылы ұлттық құраманың ең алғашқы кездесуі Түркіменстан құрамасына қарсы матчқа қатысты.

Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, бапкерлік қызметке белсене араласты.  2009 жылы «Қызылжар» клубының бас бапкері болды. Одан кейін өзінің туған командасы «Қайсарды» жаттықтырды. Қазіргі кезде аталмыш команданың бас бапкерінің көмекшісі.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1997 жылы

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1994,1996, 2002 жылдары

Қазақстан  чемпионатының қола жүлдегері: 1998 жылы

Қазақстан Кубогының иегері: 1999 жылы

Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасының жеңімпазы: 2005 жылы.

Бек Төлеуов, «Sport» газеті

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға