Жаңалықтар

«Әскерге шығарып салу» байқауының жеңімпаздарды марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, Еl.kz әлеуметтік желісі «Әскерге шығарып салу» эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Аталған байқаудың мақсаты - жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстан Республикасының  қарулы күштерінің имиджін қалыптастыру.  Нәтижесінде  Петропавл қаласының тұрғыны Нұржан Сейілбеков 1-орынға ие болды. Қызылордалық Гүлбану Мақажан  2-орыннан көрінсе, 3-орын астаналық Гүлнұр Қоспановаға бұйырды.  Бүгін аталған  байқау   жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Бас жүлдеге қол жеткізген солтүстік қазақстандық Нұржан Сейілбеков  өз әсерімен бөлісті: «Қазақша әлеуметтік желілерді іздегенмін. Осылайша Еl.kz сайтына көзім түсті. Беттерін ақтарып отырып, көптеген қызықты материалдар бар екенін аңғардым. Қазақтың ұлттық ойындары да бар екен. Жалпы бұл интернет портал маған қатты ұнап қалды. Бүгінде Еl.kz әлеуметтік желісінің тұрақты қолданушыларының қатарына қосылдым деуге болады. Сайт материалдарымен танысу барысында қос байқаудың ұйымдастырылып жатқанын білдім. Бағымды сынап көрейін деп жұмыстарымды жібердім. Жеңімпаз атанғанымды естігенде қатты қуанып қалдым. Осындай байқауларды өткізіп тұрған Еl.kz ұжымына алғысымды білдіремін. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!"
25.11.2013 09:44 3358

Естеріңізге сала кетейік, Еl.kz әлеуметтік желісі «Әскерге шығарып салу» эссе байқауын ұйымдастырған болатын. Аталған байқаудың мақсаты - жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстан Республикасының  қарулы күштерінің имиджін қалыптастыру. 

Нәтижесінде  Петропавл қаласының тұрғыны Нұржан Сейілбеков 1-орынға ие болды. Қызылордалық Гүлбану Мақажан  2-орыннан көрінсе, 3-орын астаналық Гүлнұр Қоспановаға бұйырды. 

Бүгін аталған  байқау   жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. Бас жүлдеге қол жеткізген солтүстік қазақстандық Нұржан Сейілбеков  өз әсерімен бөлісті: «Қазақша әлеуметтік желілерді іздегенмін. Осылайша Еl.kz сайтына көзім түсті. Беттерін ақтарып отырып, көптеген қызықты материалдар бар екенін аңғардым. Қазақтың ұлттық ойындары да бар екен. Жалпы бұл интернет портал маған қатты ұнап қалды. Бүгінде Еl.kz әлеуметтік желісінің тұрақты қолданушыларының қатарына қосылдым деуге болады. Сайт материалдарымен танысу барысында қос байқаудың ұйымдастырылып жатқанын білдім. Бағымды сынап көрейін деп жұмыстарымды жібердім. Жеңімпаз атанғанымды естігенде қатты қуанып қалдым. Осындай байқауларды өткізіп тұрған Еl.kz ұжымына алғысымды білдіремін. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға