Жаңалықтар

"Алланың өзі де рас, сөзі де рас"...

       ХХ ғасырдың басында-ақ ұлы Абай атамыз «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген екен. Коммунистік идеология заманында біресе «байшыл», біресе «ұлтшыл» болып, сыртынан ғайбатталған, кейін кенеттен «халықшыл» атанған (біздегі қашанда асыра сілтеуші жарамсақтардың Абайды «коммунист» жасап қоймағанына да шүкір) ұлы ақынның, қазақтың абзал да адал, ізгі перзентінің адам өмірінің маңызды бір тұсы-сенімге, дінге соқпай кетуі мүмкін емес еді. Алайда коммунистік қағиданың қолшоқпарлары жарапазан жасағандай, Абай ешқашан атеист болып көрген жоқ, болмады да. Осындайда көбіне тілге тиек етілетін : «Құранды молда теріс оқыр, дағарадай боп сәлдесі» дейтін өлең жолдары ақынның «атеистігінің» еш дәлеліне жатпайды...  Жасыратыны жоқ, бұл тақырыпқа сөз қозғаудың өзі күпірлік сияқты. Бірақ ата-бабамыздың ұлы да қасиетті сеніміне қарсы күнде айтылып жатқан керенау сөз (әсіресе Батыс, Ресей және өзіміздің орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарында), өрекпіген арсыздық еріксіз қолға қалам алғызды. Сонда баспасөз бостандығын  бейпілауыздық деп түсінетіндер Алланың ақ жолына, ғ.с.с. Мұхаммад пайғамбардың қасиетті өсиеттеріне қандай айып тағып келеді? Ол -Америка мен Еуропаның парықсыз журналистері ойлап шығарған, оны «Ләббай» деп, ресейлік жазғыштар жерге түсірмей қағып алып, күнде қақсайтын «ислам фундаментализмі» деген бір жасанды «құбыжық» өркениетті адамзаттың дамуына кедергі жасайды-мыс. Тағы да сондай ауызға алуға да келмейтін, жиіркенішті, негізсіз өсек-аяң, қаңқу сөз, байлам пайымдаулар... «Ислам фундаментализмі» жер бетінде жоқ және болуы да мүмкін емес. Ат төбеліндей санаулы адамдардың исламды жалау етіп ұстап, есерсоқтық жасауына бүкіл мұсылман әлемі, Алланың ақ жолы, қасиетті сенімді өмірлік мәні ретінде тұтынған миллиондаған діндес бауырлар-іскер де еңбекқор арабтар мен түріктер, үнділер мен малайлар, парсылар мен албандар, тағы басқалары тіпті де кінәлі емес. Өкініштісі сол, осындай әлемдік бір дін, екі миллиардқа жуық  пенделері бас иген сенімге тұра қалып, топырақ шашатындардың сандырағына көптеген қандастардың, әсіресе өзге мектепті бітіріп, мәңгүртке айналған немесе айналып кете жаздаған қазақ бауырларымыз, соның ішінде жастар иланып қалады немесе иланып та қалып жүр. Сондай-ақ, жетпіс төрт жыл бойы «Молланы қу, байды құрт!» деп үйреніп, соған жан-тәнімен берілген қазақтың көпшілігінің діннің нағыз жоралғыларынан мүлдем  хабарсыз немесе шала сауатты екені белгілі. Атеизмнің де өзге халықтармен салыстырғанда (мәселен, өзбек, шешен, тағы басқалары) қазекеңе әбден өтіп кеткен рухани ауру екенін де ұмытпайық... Егер қасиетті ислам діні туралы байыпты түрде зерттеп, сол туралы оқып таныссаңыз, жоғарыдағы сандырақ, ғайбат сөздер өз-өзінен жәйіне қалады. Ислам діні-әлемдегі өзге  де діндер сияқты, ізгілікті де адам сүйгіш, тазалық пен еңбекті уағыздайтын сенім. Адамның өзін-өзі тәртіпті ұстауына себепкер боп, өзге христиан, буддизм діндеріне қарағанда, өмірге жақын тұратын да ислам діні. Дін ережелерін бұзғандарға немесе бұрмалайтындарға ымырасыз қарайтын, әдет-ғұрып, салт-сана тәртібі белгіленген шариғаттың қатаң жүйесіне орай ислам діні  яхуди сеніміне (иудаизм) өте ұқсас. Бұл- тегіннен тегін емес. Өйткені яхуди сеніміне құлдық  ұратын жебірейлер мен мұсылман арабтар-қандас бауырлар, бір әкенің (саясат өзара қырқыстырып қойғаны үшін олар айыпты ма?) ұрпақтары. Қасиетті Құран-Кәрім мен Тәурат(Тора), Інжілде(Библия) көрсетілгеніндей, жебірейлер Ибрахим пайғамбардың Сара атты бәйбішесінен, арабтар Ажар атты тоқалынан өрбісе керек. Исламның қасиетті қағидаларының түпсіз терең тұңғиығына сүңгімей-ақ (оны қарапайым ғана түсіндіру үшін бір мақала былай тұрсын, кітаптың өзі аздық етер еді) кейбір ережелерін ауызға алсақ та жарап жатыр. Мәселен, мұсылман күніне бес рет намаз оқып, міндетті түрде дәрет алуы тиіс. Ал осында адамның табиғатына жат немесе үйлеспейтін не бар? Намаз-тек Құдайға құлшылық қана емес, сонымен қатар өзіндік гимнастика, дене шынықтыру қимылдары да іспеттес. Үнемі жуынып отырудың тазалық үшін қаншалықты тиімді екенін айту  артық. Тіпті бүгінгі медицина көтеу (геморрой), простатит сынды жан қинайтын аурулардың алдын алуда дәрет кезінде жуынудың ерекше маңызын бекерге шығармайды. Мұсылманға парыз-апта сайын моншаға түсудің пайдасын (рахатын айтпағанның өзінде!) әркім де жақсы біледі. «Тән тазалығы-исламның жартысы» деген қанатты сөз де бекер айтылмаған. Маскүнемдік, есірткі тарту, темекі шегу, шектен тыс ырду-дырдуға құштарлық, мешкейлік, ысырапқорлық, құмар ойынға елтушілік, тағы басқа адамға жат қылықтарды батыл да ымырасыз айыптайтын ислам дінін бүгінгі нарыққа (адамгершілік ережелеріне қаншалықты үйлесімді екенін айтпағанның өзінде), барды үнемді пайдалануға икемді емес деп кім айта алады?! Қолыңнан келсе, адал еңбегіңнің өнімін сат та, пайда ет! Міне, сауданы да ислам діні құп көреді. Сөйте тұра, ол саудадағы өсімқорлыққа, алыпсатарлыққа, яғни арамнан баюға үзілді-кесілді қарсы. Бұған не айтар едіңіз?.. Шариғаттың да құдіреті күшті. Осы мұсылман заңының негізінде Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы және басқа елдерде қасақана кісі өлтіргендер, әйел зорлағандар, есірткі сатып немесе алушылар міндетті түрде өлім жазасына кесіліп, үкім дүйім жұрттың алдында орындалып, теледидар арқылы халыққа көрсетіледі. Ұрлық жасағандардың міндетті түрде қолы кесіледі не саусақтары шабылып, қалған кесігі қайнаған қара майға батырылады. Немесе күйеуінің көзіне шөп салған қатындар көрнекті жердегі бағанға байланып, қырық таспен кесектелу жазасына кесіледі. Ал осының бәрі әділеттілік емес пе?! Біздегідей құрғақ ақыл айту, сендіру немесе бүгін түрмеге қамап, ертең босату сияқты берекетсіздік тағы жоқ. Удай мас, тағыланған маскүнемнің қолынан жазықсыз ажал табу, таяқ жеу, тағы басқаларының шариғат үстемдік құрған мұсылман елдерінде кездесуі мүмкін емес. Өйткені мұнда спиртті ішімдіктерді пайдаланып, қоғамдық орында, көшеде ұсталған мүттайымға миршабтың (полицай) бағанға байлап қойып, резина немесе жәй таяқпен 40 рет дүре соғуына құқы бар. Дүреден өліп кетсе де, ол үшін ешкім жауап бермейді. Егер рухани жұтаңдық жайлаған АҚШ, Батыс пен солтүстіктегі көршіміз осыны «ислам лаңкестігі» десе, онда айтарға сөзіміз жоқ. Көңілің тыныш, өмірің қалыпты, кез келген адамды қауіп-қатерден қорғайтын мұндай заң мен тәртіп ережелерінен айналмассың ба?!... Ислам және әйел жөнінде бірер сөз. Күні бүгінге дейін коммунистік, кейін батыстық насихат  санаға тынбай құйып жатқан: «Ислам әйелді кемсітеді» деген байбалам-құр сандырақ. Мәселен, талай рет қарғыс айтылған, бүгінде қайта жаңғырығып жатқан қалың малды алайық. Дұрысында қалың мал-келешек жас жұбайлардың шаңырағының материалдық негізін қалаудың көрінісі. «Мұқтаждық мінезді бұзады» деген қазақ мәтелін де ұмытпайық. «Күрке де жұмаққа айналар еді, егер ол коттедж болса» деген орыс көршіміздің қағытпа сөзін де бекерге шығауға болмайды. Байлық та бақытпен (соның ішінде отбасылық) үзеңгілес жүреді. Бұл аз десеңіз, қалың малдың тікелей ислам дініне қатысы  да жоқ, өйткені ол ұлттық салтымыздың бірі ғана. Екіншіден, қазақ, қырғыз әйелдері бетін жауып көрген жоқ, сондықтан оларды «исламнан қорлық көрді» деу тіпті де қисынға келмейді. Үшіншіден, әйелдердің қымтанып киінуінің өзі жаулықтыларды жат пиғыл, жексұрын көзден қорғаудың бір амалы. Ғ.с.с. Мұхаммад пайғамбардың ең сүйікті перзенті- Фатима (қазақшасы Бәтима) атты қызы екенін еске салған дұрыс. Пайғамбардың мынадай өсиеті бар: «Әкең мен анаң қатар шақырса, анаңа бірінші жолық...». Бүгінде бұрын белсенді коммунист болып, енді діншіл бола қалғандарға да ішім сенбейді. Өйткені коммунистік идеологияның қағидалары исламмен кереғар әрі жат. Коммунизмнің қазаққа (тек қазаққа ғана ма?) сырттан таңылған еуропалық , жат ілім екені ешқандай дәлелді қажет етпейді... Сонымен бірге жұрттың бәрін бірдей «кенеттен» мұсылман бола қалуға да шақырғым келмейді. Қазір де және қашанда олай болуы да мүмкін емес. Ғ.с.с. Мұхаммад пайғамбарымыздың өзі де: «Дінде зорлық жоқ» деп айтқан емес пе?! Ал егер шынымен де «мода» үшін немесе «жұрт сөйтеді» деп емес, жан-тәніңмен Алланың ақ жолына бетіңді бұрсаң ғана тілегің қабыл болады. Тек мынаны ескерейік: жекелеген дүмше молдалар мен исламның атын жамылып, пасық істерге баратындар үшін дін айыпты емес және соған бола Алланың ақ жолына күмән келтіру, күдікпен қарау, онан да сорақысы-мысқылдау- күпірлік пен парықсыздық... ...Алғашқы «атеист» Ленин және онан кейінгілердің тұсында аяусыз қуғындалып, тек еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін еңсесін көтерген, ата-бабамыздан қалған рухани мұраның бірі, мәңгі жасайтын сенім-Алланың ақ жолына бет бұру әркімнің өз ісі десек те, соған адалымен қадам жасайық, жамағат!   Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы
21.11.2013 09:20 4912

       ХХ ғасырдың басында-ақ ұлы Абай атамыз «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген екен. Коммунистік идеология заманында біресе «байшыл», біресе «ұлтшыл» болып, сыртынан ғайбатталған, кейін кенеттен «халықшыл» атанған (біздегі қашанда асыра сілтеуші жарамсақтардың Абайды «коммунист» жасап қоймағанына да шүкір) ұлы ақынның, қазақтың абзал да адал, ізгі перзентінің адам өмірінің маңызды бір тұсы-сенімге, дінге соқпай кетуі мүмкін емес еді. Алайда коммунистік қағиданың қолшоқпарлары жарапазан жасағандай, Абай ешқашан атеист болып көрген жоқ, болмады да. Осындайда көбіне тілге тиек етілетін : «Құранды молда теріс оқыр, дағарадай боп сәлдесі» дейтін өлең жолдары ақынның «атеистігінің» еш дәлеліне жатпайды... 

Жасыратыны жоқ, бұл тақырыпқа сөз қозғаудың өзі күпірлік сияқты. Бірақ ата-бабамыздың ұлы да қасиетті сеніміне қарсы күнде айтылып жатқан керенау сөз (әсіресе Батыс, Ресей және өзіміздің орыс тіліндегі бұқаралық ақпарат құралдарында), өрекпіген арсыздық еріксіз қолға қалам алғызды.

Сонда баспасөз бостандығын  бейпілауыздық деп түсінетіндер Алланың ақ жолына, ғ.с.с. Мұхаммад пайғамбардың қасиетті өсиеттеріне қандай айып тағып келеді? Ол -Америка мен Еуропаның парықсыз журналистері ойлап шығарған, оны «Ләббай» деп, ресейлік жазғыштар жерге түсірмей қағып алып, күнде қақсайтын «ислам фундаментализмі» деген бір жасанды «құбыжық» өркениетті адамзаттың дамуына кедергі жасайды-мыс. Тағы да сондай ауызға алуға да келмейтін, жиіркенішті, негізсіз өсек-аяң, қаңқу сөз, байлам пайымдаулар...

«Ислам фундаментализмі» жер бетінде жоқ және болуы да мүмкін емес. Ат төбеліндей санаулы адамдардың исламды жалау етіп ұстап, есерсоқтық жасауына бүкіл мұсылман әлемі, Алланың ақ жолы, қасиетті сенімді өмірлік мәні ретінде тұтынған миллиондаған діндес бауырлар-іскер де еңбекқор арабтар мен түріктер, үнділер мен малайлар, парсылар мен албандар, тағы басқалары тіпті де кінәлі емес. Өкініштісі сол, осындай әлемдік бір дін, екі миллиардқа жуық  пенделері бас иген сенімге тұра қалып, топырақ шашатындардың сандырағына көптеген қандастардың, әсіресе өзге мектепті бітіріп, мәңгүртке айналған немесе айналып кете жаздаған қазақ бауырларымыз, соның ішінде жастар иланып қалады немесе иланып та қалып жүр. Сондай-ақ, жетпіс төрт жыл бойы «Молланы қу, байды құрт!» деп үйреніп, соған жан-тәнімен берілген қазақтың көпшілігінің діннің нағыз жоралғыларынан мүлдем  хабарсыз немесе шала сауатты екені белгілі. Атеизмнің де өзге халықтармен салыстырғанда (мәселен, өзбек, шешен, тағы басқалары) қазекеңе әбден өтіп кеткен рухани ауру екенін де ұмытпайық...

Егер қасиетті ислам діні туралы байыпты түрде зерттеп, сол туралы оқып таныссаңыз, жоғарыдағы сандырақ, ғайбат сөздер өз-өзінен жәйіне қалады. Ислам діні-әлемдегі өзге  де діндер сияқты, ізгілікті де адам сүйгіш, тазалық пен еңбекті уағыздайтын сенім. Адамның өзін-өзі тәртіпті ұстауына себепкер боп, өзге христиан, буддизм діндеріне қарағанда, өмірге жақын тұратын да ислам діні. Дін ережелерін бұзғандарға немесе бұрмалайтындарға ымырасыз қарайтын, әдет-ғұрып, салт-сана тәртібі белгіленген шариғаттың қатаң жүйесіне орай ислам діні  яхуди сеніміне (иудаизм) өте ұқсас. Бұл- тегіннен тегін емес. Өйткені яхуди сеніміне құлдық  ұратын жебірейлер мен мұсылман арабтар-қандас бауырлар, бір әкенің (саясат өзара қырқыстырып қойғаны үшін олар айыпты ма?) ұрпақтары. Қасиетті Құран-Кәрім мен Тәурат(Тора), Інжілде(Библия) көрсетілгеніндей, жебірейлер Ибрахим пайғамбардың Сара атты бәйбішесінен, арабтар Ажар атты тоқалынан өрбісе керек.

Исламның қасиетті қағидаларының түпсіз терең тұңғиығына сүңгімей-ақ (оны қарапайым ғана түсіндіру үшін бір мақала былай тұрсын, кітаптың өзі аздық етер еді) кейбір ережелерін ауызға алсақ та жарап жатыр. Мәселен, мұсылман күніне бес рет намаз оқып, міндетті түрде дәрет алуы тиіс. Ал осында адамның табиғатына жат немесе үйлеспейтін не бар? Намаз-тек Құдайға құлшылық қана емес, сонымен қатар өзіндік гимнастика, дене шынықтыру қимылдары да іспеттес. Үнемі жуынып отырудың тазалық үшін қаншалықты тиімді екенін айту  артық. Тіпті бүгінгі медицина көтеу (геморрой), простатит сынды жан қинайтын аурулардың алдын алуда дәрет кезінде жуынудың ерекше маңызын бекерге шығармайды. Мұсылманға парыз-апта сайын моншаға түсудің пайдасын (рахатын айтпағанның өзінде!) әркім де жақсы біледі. «Тән тазалығы-исламның жартысы» деген қанатты сөз де бекер айтылмаған.

Маскүнемдік, есірткі тарту, темекі шегу, шектен тыс ырду-дырдуға құштарлық, мешкейлік, ысырапқорлық, құмар ойынға елтушілік, тағы басқа адамға жат қылықтарды батыл да ымырасыз айыптайтын ислам дінін бүгінгі нарыққа (адамгершілік ережелеріне қаншалықты үйлесімді екенін айтпағанның өзінде), барды үнемді пайдалануға икемді емес деп кім айта алады?! Қолыңнан келсе, адал еңбегіңнің өнімін сат та, пайда ет! Міне, сауданы да ислам діні құп көреді. Сөйте тұра, ол саудадағы өсімқорлыққа, алыпсатарлыққа, яғни арамнан баюға үзілді-кесілді қарсы. Бұған не айтар едіңіз?..

Шариғаттың да құдіреті күшті. Осы мұсылман заңының негізінде Иран, Пәкістан, Сауд Арабиясы және басқа елдерде қасақана кісі өлтіргендер, әйел зорлағандар, есірткі сатып немесе алушылар міндетті түрде өлім жазасына кесіліп, үкім дүйім жұрттың алдында орындалып, теледидар арқылы халыққа көрсетіледі. Ұрлық жасағандардың міндетті түрде қолы кесіледі не саусақтары шабылып, қалған кесігі қайнаған қара майға батырылады. Немесе күйеуінің көзіне шөп салған қатындар көрнекті жердегі бағанға байланып, қырық таспен кесектелу жазасына кесіледі. Ал осының бәрі әділеттілік емес пе?! Біздегідей құрғақ ақыл айту, сендіру немесе бүгін түрмеге қамап, ертең босату сияқты берекетсіздік тағы жоқ. Удай мас, тағыланған маскүнемнің қолынан жазықсыз ажал табу, таяқ жеу, тағы басқаларының шариғат үстемдік құрған мұсылман елдерінде кездесуі мүмкін емес. Өйткені мұнда спиртті ішімдіктерді пайдаланып, қоғамдық орында, көшеде ұсталған мүттайымға миршабтың (полицай) бағанға байлап қойып, резина немесе жәй таяқпен 40 рет дүре соғуына құқы бар. Дүреден өліп кетсе де, ол үшін ешкім жауап бермейді. Егер рухани жұтаңдық жайлаған АҚШ, Батыс пен солтүстіктегі көршіміз осыны «ислам лаңкестігі» десе, онда айтарға сөзіміз жоқ. Көңілің тыныш, өмірің қалыпты, кез келген адамды қауіп-қатерден қорғайтын мұндай заң мен тәртіп ережелерінен айналмассың ба?!...

Ислам және әйел жөнінде бірер сөз. Күні бүгінге дейін коммунистік, кейін батыстық насихат  санаға тынбай құйып жатқан: «Ислам әйелді кемсітеді» деген байбалам-құр сандырақ. Мәселен, талай рет қарғыс айтылған, бүгінде қайта жаңғырығып жатқан қалың малды алайық. Дұрысында қалың мал-келешек жас жұбайлардың шаңырағының материалдық негізін қалаудың көрінісі. «Мұқтаждық мінезді бұзады» деген қазақ мәтелін де ұмытпайық. «Күрке де жұмаққа айналар еді, егер ол коттедж болса» деген орыс көршіміздің қағытпа сөзін де бекерге шығауға болмайды. Байлық та бақытпен (соның ішінде отбасылық) үзеңгілес жүреді. Бұл аз десеңіз, қалың малдың тікелей ислам дініне қатысы  да жоқ, өйткені ол ұлттық салтымыздың бірі ғана. Екіншіден, қазақ, қырғыз әйелдері бетін жауып көрген жоқ, сондықтан оларды «исламнан қорлық көрді» деу тіпті де қисынға келмейді. Үшіншіден, әйелдердің қымтанып киінуінің өзі жаулықтыларды жат пиғыл, жексұрын көзден қорғаудың бір амалы.

Ғ.с.с. Мұхаммад пайғамбардың ең сүйікті перзенті- Фатима (қазақшасы Бәтима) атты қызы екенін еске салған дұрыс. Пайғамбардың мынадай өсиеті бар: «Әкең мен анаң қатар шақырса, анаңа бірінші жолық...».

Бүгінде бұрын белсенді коммунист болып, енді діншіл бола қалғандарға да ішім сенбейді. Өйткені коммунистік идеологияның қағидалары исламмен кереғар әрі жат. Коммунизмнің қазаққа (тек қазаққа ғана ма?) сырттан таңылған еуропалық , жат ілім екені ешқандай дәлелді қажет етпейді...

Сонымен бірге жұрттың бәрін бірдей «кенеттен» мұсылман бола қалуға да шақырғым келмейді. Қазір де және қашанда олай болуы да мүмкін емес. Ғ.с.с. Мұхаммад пайғамбарымыздың өзі де: «Дінде зорлық жоқ» деп айтқан емес пе?! Ал егер шынымен де «мода» үшін немесе «жұрт сөйтеді» деп емес, жан-тәніңмен Алланың ақ жолына бетіңді бұрсаң ғана тілегің қабыл болады. Тек мынаны ескерейік: жекелеген дүмше молдалар мен исламның атын жамылып, пасық істерге баратындар үшін дін айыпты емес және соған бола Алланың ақ жолына күмән келтіру, күдікпен қарау, онан да сорақысы-мысқылдау- күпірлік пен парықсыздық...

...Алғашқы «атеист» Ленин және онан кейінгілердің тұсында аяусыз қуғындалып, тек еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін еңсесін көтерген, ата-бабамыздан қалған рухани мұраның бірі, мәңгі жасайтын сенім-Алланың ақ жолына бет бұру әркімнің өз ісі десек те, соған адалымен қадам жасайық, жамағат!

 

Дереккөзі: "Әдеби әлем" порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға