Жаңалықтар

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ

Еліміз дарынды ұл мен қызға қашанда кенде  болмған. Қай саланы алсаңыз да ауыз толтырып айтатын таланттарды таппай қалмайсыз. Бұл спортта да өз жалғасын таба береді. Қасиетті Түркістан топырағынан түлеп ұшқан қазақ спортының әйгілі саңлақтары Октябрь Жарылқапов, Әбдісалан Нұрмаханов, Бекзат Саттархановты исі қазақ қашанда мақтан тұтады. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан жетпісінші жылдың ортасына дейін дүркіреп аты шыққан «Буревестник» командасының жеткен жетістіктерінің барлығы да осы есіммен байланысты еді. Түркістандағы бұрынғы Киров, қазіргі Әл-Фараби атындағы орта мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы Зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды. Октябрь Қыдырбайұлы студент кезінен волейболға ерекше мән беріп, мықтап ден қояды. Бастапқыда Алматыдағы «28 панфиловшылар» саябағында доп ойнап жүрген жастардың ойынын тамашалап, ойыншы жетпей қалған жағдайда соларды алмастырумен ғана шектелетін. Сөйтіп жүріп уақыт өте келе, Киров зауытының жұмысшы жастарынан құралған «Авангард» клубына қабылданады. Спорт әлеміне, оның ішінде волейболға кештеу келгенімен, талмай іздену мен еңбекқорлығының арқасында көп ұзамай көшбасшы атанады. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Октябрь Жарылқапов 1956 жылы «Буревестник» клубын жасақтауға белсене кіріседі. Өзі ойыншы әрі бапкер бола жүріп, «буревестниктің» дәрежесін көтерген ол 1961 жылы КСРО- ның 24 волейболшысы  қатарына еніп, қазақстандықтардың арасында алғаш болып спорт шебері болды. Бокстан Азия-Африка (ГАНЕФО) ойындарының жеңімпазы, КСРО чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері Әбдісалан Нұрмаханов спортшы жайындағы естелігінде «... Октябрь  Жарылқапов  басқаратын үйірмеге келдім. Марқұм  Октябрь әр  адамның көзіне қарап-ақ  қарым-қабілетін дөп басатын кемеңгер адам еді ғой.  Бірнеше  ай жаттыққан  соң  ұстазым шақырып алып: « Әбдісалан, сен  волейболды қой. Саған  қолайлысы  бокс»- деп  өзі  қолымнан жетектеп  Дәулеткерей  Муллаев дейтін бапкерге  табыс  етті»- дейді. Октябрь  Жарылқапов шәкірттерінің барлығы  ұстаз үмітін ақтап, биік белестерге жеткен. Атап айтқанда, Олег  Антропов  Олимпиада  чемпионы атанса, Валерий  Кравченко осы  белесті екі рет бағындырады. Ал  Жәнібек  Сауранбаев  Әлем кубогы мен  Еуропа чемпионаттарында топ жарса, Заңғар  Жәркешов  КСРО-ның  еңбек сіңірген бапкері  атанған. Сонымен қатар  Александр  Портной, Николай  Рагозин, Жұмаш  Махмұдов,  Еңсебек   Иманғалиев,  Марат  Мәденов, Еркін   Ақынов, Александр  Кармановский, Амангелді  Сұлтанов, Геннадий  Гончаров есімдері күллі  Одаққа танымал еді. Бар жоғы қамшының сабындай  38 жыл  ғана ғұмыр кешкен  дарынды ұстаз спортшы  қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері,  КСРО-ның  еңбек сіңірген жаттықтырушысы  атағын алды. Қазіргі таңда екі жүзден астам ел мүшелікке кіретін  Халықаралық волейбол  федерациясының  тақтасында  Октябрь Жарылқапов  есімі жазулы тұр. Бұл- еліміз  үшін  үлкен мәртебе екені  айқын. Иә, еткен еңбек пен  төккен тер  өз жемісін бермей қоймайды. Өзі кетсе де,көзіндей болып қалған  шәкірттері мен  волейболды жандарына серік еткен  кейінгі толқын жастардың  биік тұғырдан көріну  бағытындағы талпыныстары  ұстаз үмітінің  ақталғанының белгісіндей. Осындай жалынды спортшылар  тұрғанда  Октябрь есімі  жиі айтыла бермек.                                                                              Қ.ҚЫДЫРБЕК
25.10.2013 03:23 5297

Еліміз дарынды ұл мен қызға қашанда кенде  болмған. Қай саланы алсаңыз да ауыз толтырып айтатын таланттарды таппай қалмайсыз. Бұл спортта да өз жалғасын таба береді. Қасиетті Түркістан топырағынан түлеп ұшқан қазақ спортының әйгілі саңлақтары Октябрь Жарылқапов, Әбдісалан Нұрмаханов, Бекзат Саттархановты исі қазақ қашанда мақтан тұтады.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан жетпісінші жылдың ортасына дейін дүркіреп аты шыққан «Буревестник» командасының жеткен жетістіктерінің барлығы да осы есіммен байланысты еді. Түркістандағы бұрынғы Киров, қазіргі Әл-Фараби атындағы орта мектепті тәмамдаған соң Алматыдағы Зоотехникалық-малдәрігерлік институтына оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтайды.

Октябрь Қыдырбайұлы студент кезінен волейболға ерекше мән беріп, мықтап ден қояды. Бастапқыда Алматыдағы «28 панфиловшылар» саябағында доп ойнап жүрген жастардың ойынын тамашалап, ойыншы жетпей қалған жағдайда соларды алмастырумен ғана шектелетін. Сөйтіп жүріп уақыт өте келе, Киров зауытының жұмысшы жастарынан құралған «Авангард» клубына қабылданады. Спорт әлеміне, оның ішінде волейболға кештеу келгенімен, талмай іздену мен еңбекқорлығының арқасында көп ұзамай көшбасшы атанады.

Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары Октябрь Жарылқапов 1956 жылы «Буревестник» клубын жасақтауға белсене кіріседі. Өзі ойыншы әрі бапкер бола жүріп, «буревестниктің» дәрежесін көтерген ол 1961 жылы КСРО- ның 24 волейболшысы  қатарына еніп, қазақстандықтардың арасында алғаш болып спорт шебері болды. Бокстан Азия-Африка (ГАНЕФО) ойындарының жеңімпазы, КСРО чемпионаттары мен спартакиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері Әбдісалан Нұрмаханов спортшы жайындағы естелігінде «... Октябрь  Жарылқапов  басқаратын үйірмеге келдім. Марқұм  Октябрь әр  адамның көзіне қарап-ақ  қарым-қабілетін дөп басатын кемеңгер адам еді ғой.  Бірнеше  ай жаттыққан  соң  ұстазым шақырып алып: « Әбдісалан, сен  волейболды қой. Саған  қолайлысы  бокс»- деп  өзі  қолымнан жетектеп  Дәулеткерей  Муллаев дейтін бапкерге  табыс  етті»- дейді.

Октябрь  Жарылқапов шәкірттерінің барлығы  ұстаз үмітін ақтап, биік белестерге жеткен. Атап айтқанда, Олег  Антропов  Олимпиада  чемпионы атанса, Валерий  Кравченко осы  белесті екі рет бағындырады. Ал  Жәнібек  Сауранбаев  Әлем кубогы мен  Еуропа чемпионаттарында топ жарса, Заңғар  Жәркешов  КСРО-ның  еңбек сіңірген бапкері  атанған. Сонымен қатар  Александр  Портной, Николай  Рагозин, Жұмаш  Махмұдов,  Еңсебек   Иманғалиев,  Марат  Мәденов, Еркін   Ақынов, Александр  Кармановский, Амангелді  Сұлтанов, Геннадий  Гончаров есімдері күллі  Одаққа танымал еді.

Бар жоғы қамшының сабындай  38 жыл  ғана ғұмыр кешкен  дарынды ұстаз спортшы  қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері,  КСРО-ның  еңбек сіңірген жаттықтырушысы  атағын алды. Қазіргі таңда екі жүзден астам ел мүшелікке кіретін  Халықаралық волейбол  федерациясының  тақтасында  Октябрь Жарылқапов  есімі жазулы тұр. Бұл- еліміз  үшін  үлкен мәртебе екені  айқын.

Иә, еткен еңбек пен  төккен тер  өз жемісін бермей қоймайды. Өзі кетсе де,көзіндей болып қалған  шәкірттері мен  волейболды жандарына серік еткен  кейінгі толқын жастардың  биік тұғырдан көріну  бағытындағы талпыныстары  ұстаз үмітінің  ақталғанының белгісіндей. Осындай жалынды спортшылар  тұрғанда  Октябрь есімі  жиі айтыла бермек.

       

                                                                     Қ.ҚЫДЫРБЕК

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға