Жаңалықтар

Біржан Жақыпов пен Қайрат Ерәлиев ширек финалда

Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсеткен Біржан Жақыпов (49 келі) пен Қайрат Ерәлиев (56 келі) ширек сынға жолдама алды. Біржанның Алматы шаршы алаңындағы екінші қарсыласы биыл Тартарстан астанасы Қазан қаласында студенттер арасында өткен Универисада додасында топ жарып, алтыннан алқа таққан өзбекстандық боксшы Хасанбай Дусматов болды. Біржан мен Хасанбай бірін бірі бұрыннан білетін ескі қарсыластар. Алматыда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде топ жару екі спортшының да басты мақсаты. Содан болар, шаршы алаңдағы айқаста қиынға соқты. Екі раунд бойы қос боксшы тең дәрежеде жұдырықтасты. Алайда, жерлесіміздың дайындығының жоғары болғаны байқалып тұрды. Тартысқа толы болған айқас нәтижесінде жерлесіміз өзбек боксшысынан 9:10 есебімен басым түсті. Ал 56 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Қайрат Ерәлиев 1/8 финалында қырғыстандық Өмірбек Малабековпен кездесті. Бұл екі былғары қолғап шеберінің де айқасы тартысты өтті. Деседе, төрешілер жерлесіміздің басымдылығын бағалап, 2:1 есебімен жеңісті Қайратқа берді.     Естеріңізге сала кетейік, бүгін кешкі сессияда яғни сағат 19:00-де шарша алаңға Мерей Ақшалов (64 келі) қарсыласы — Карлос Адамс (Доминикан) 91 келі. Антон Пинчук — Рустам Туляганов (Өзбекстан) боксшысымен кездеседі. Бокстан әлем чемпионатының телевизиялық көрсетілімін «Қазспорт» телеарнасынан тамашалай аласыздар. Baq.kz
21.10.2013 11:11 3518

Алматыда бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/8 финалында өнер көрсеткен Біржан Жақыпов (49 келі) пен Қайрат Ерәлиев (56 келі) ширек сынға жолдама алды.

Біржанның Алматы шаршы алаңындағы екінші қарсыласы биыл Тартарстан астанасы Қазан қаласында студенттер арасында өткен Универисада додасында топ жарып, алтыннан алқа таққан өзбекстандық боксшы Хасанбай Дусматов болды. Біржан мен Хасанбай бірін бірі бұрыннан білетін ескі қарсыластар. Алматыда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде топ жару екі спортшының да басты мақсаты. Содан болар, шаршы алаңдағы айқаста қиынға соқты. Екі раунд бойы қос боксшы тең дәрежеде жұдырықтасты. Алайда, жерлесіміздың дайындығының жоғары болғаны байқалып тұрды. Тартысқа толы болған айқас нәтижесінде жерлесіміз өзбек боксшысынан 9:10 есебімен басым түсті.

Ал 56 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Қайрат Ерәлиев 1/8 финалында қырғыстандық Өмірбек Малабековпен кездесті. Бұл екі былғары қолғап шеберінің де айқасы тартысты өтті. Деседе, төрешілер жерлесіміздің басымдылығын бағалап, 2:1 есебімен жеңісті Қайратқа берді.

   

Естеріңізге сала кетейік, бүгін кешкі сессияда яғни сағат 19:00-де шарша алаңға Мерей Ақшалов (64 келі) қарсыласы — Карлос Адамс (Доминикан)
91 келі. Антон Пинчук — Рустам Туляганов (Өзбекстан) боксшысымен кездеседі.

Бокстан әлем чемпионатының телевизиялық көрсетілімін «Қазспорт» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға