Бүгін Алматыға садақ атудан жастар құрамасы келеді. Оның ішінде жеке есепте 2 орын алған жас спортшы Санжар Мұсаев бар, деп хабарлайды BNews.kz Қазақстан Республикасы Садақ, арбалет пен дартс ату федерациясының президенті Е. Ерденбековке сілтеме жасап.
Осылайша, Санжар Мұсаев екінші орын алды, деді Е.Ерденбеков. Оның айтуынша, бірінші орын Ұлыбританияға бұйырған, ал үшінші орынды Мексика өз қанжығасына байлады. «Санжар – жаттықтырушы Артем Кичкиннің тәрбиеленушісі, бас жаттықтырушы – Нығматулла Сайдиев, Алматы облысы, Талдықорған қаласы»,-деп толықтырды федерация президенті.
Естеріңізге сала кетсек, 1996-1997 жылдар аралығында туған жастар арасында садақ атудан Әлем чемпионаты 13-20 қазан күндері Укси қаласында (ҚХР) өткен еді.
Жастар арасында садақ атудан Әлем чемпионатында Қазақстан екінші орын алды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды