2 Волфганг Амадей Моцарт - el.kz

Жаңалықтар

Волфганг Амадей Моцарт

Волфганг Амадей Моцарт (алманша Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған. Моцарт туылғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі - әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат. Amadeus, алм. Gottlieb, итал. Amadeo. Моцарт өзін Вольганг деп атағанды қалаған. Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756 Моцарт туылған жылы жарыққа шықты. Талай басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Баласы Волфгаңты әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен. 1762 Моцарттың әкесі ұлы мен қызы Аннаны, және әдемі клавесинада ойнаушы әйелмен әртістік саяхатпен Мюнхен мен Венаға, сосын Алманияның басқа қалаларына, Париж, Лондон, Голландия, Швейцарияға барады. Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқы сонаттары шығады. 1766-1769 жылдары Моцарт Гендел, Страделла, Кариссими, Дуранте және т.б. мықты шеберлерді оқып зерттейді. Император Иосиф II бұйрығы бойынша Моцарт бірнеше апта ішінде «La Finta semplice» (Қылымсық қарапайым) операсын жазады, бірақ осы 12 жасар композитордың еңбегі қолдарына түскен италияндық труппа мүшелері баланың әуенін орындаудан бас тартады, олардың сұмпайылығы сонша, тіпті оның әкесі операның орындалуын қатаң талап етуге батылы бармады. 1770 —74 жж. Моцарт Италияда өткізеді.. 1771 ж. Миланда, тағы да театрлік импрессариолардың қарсылығымен, Моцарттың «Mitridate, Rе di Ponto» (Митридат, Понтия патшасы) атты операсы әйтеуір қойылып, көрермендер оны үлкен ілтипатпен қабылдайды. Дәл осындай сәттілікпен операның екінші нұсқасы «Lucio Sulla» (Луций Сулла) (1772) өтеді. Зальцбург үшін Моцарт «Il sogno di Scipione» (Жаңа архиепископты сайлауы жайлы Сципион түсі, 1772), Мюнхенге — «La bella finta Giardiniera» операсын, 2 мессаларын, офферторий (1774) жазады. 17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған.
21.10.2013 08:39 5045

Волфганг Амадей Моцарт (алманша Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композициялар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған.

Моцарт туылғаннан кейінгі екінші күні әулие Руперт Соборында шоқырдырылған. Шоқындыру кітабында оған берілген аты латынша Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus (Gottlieb) Mozart болып жазылады. Осындағы алғашқы екеуі - әулиелер аты, күнделікті өмірде пайдаланылмайды, ал төртінші есімі Моцарттың өмірінің кезінде: лат. Amadeus, алм. Gottlieb, итал. Amadeo. Моцарт өзін Вольганг деп атағанды қалаған.

Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756 Моцарт туылған жылы жарыққа шықты. Талай басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Баласы Волфгаңты әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен.

1762 Моцарттың әкесі ұлы мен қызы Аннаны, және әдемі клавесинада ойнаушы әйелмен әртістік саяхатпен Мюнхен мен Венаға, сосын Алманияның басқа қалаларына, Париж, Лондон, Голландия, Швейцарияға барады. Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқы сонаттары шығады. 1766-1769 жылдары Моцарт Гендел, Страделла, Кариссими, Дуранте және т.б. мықты шеберлерді оқып зерттейді. Император Иосиф II бұйрығы бойынша Моцарт бірнеше апта ішінде «La Finta semplice» (Қылымсық қарапайым) операсын жазады, бірақ осы 12 жасар композитордың еңбегі қолдарына түскен италияндық труппа мүшелері баланың әуенін орындаудан бас тартады, олардың сұмпайылығы сонша, тіпті оның әкесі операның орындалуын қатаң талап етуге батылы бармады. 1770 —74 жж. Моцарт Италияда өткізеді.. 1771 ж. Миланда, тағы да театрлік импрессариолардың қарсылығымен, Моцарттың «Mitridate, Rе di Ponto» (Митридат, Понтия патшасы) атты операсы әйтеуір қойылып, көрермендер оны үлкен ілтипатпен қабылдайды. Дәл осындай сәттілікпен операның екінші нұсқасы «Lucio Sulla» (Луций Сулла) (1772) өтеді. Зальцбург үшін Моцарт «Il sogno di Scipione» (Жаңа архиепископты сайлауы жайлы Сципион түсі, 1772), Мюнхенге — «La bella finta Giardiniera» операсын, 2 мессаларын, офферторий (1774) жазады. 17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға