«Балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт мектептерiнiң мақсаты мен мiндетi – елiмiздiң спорт резервiн құрау мен жас спортшылар шеберлiгiн арттырып қана қоймай, бұқаралық спортты дамыту болып табылады. Республикамызда 2012 жыл қорытындысы бойынша 418 мектеп жұмыс iстеп жатыр. Оларда 265 мыңнан астам бала мен жасөспiрiм тәрбиеленуде», - дедi Е.Қожағапанов.
Оның айтуынша, аталған бағытта әлi күнге дей шешiмiн таппай отырған мәселелер жеткiлiктi. Балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт мектептерiнiң желiсi дамымай, олардың саны үшiншi жыл қатарынан бiрқалыпты деңгейде сақталып отыр.
«Бүгiнгi таңда бiз 1991 жыл көрсеткiшiне әлi қол жеткiзген жоқпыз. Ол жылы елiмiзде 617 БЖСМ болған. Бұл жергiлiктi деңгейде БЖСМ желiсiн дамыту мiндетi орындалмай отырғандығын көрсетедi», - деп толықтырды ол.
Елімізде соңғы үш жылда спорт мектептерінің саны өспеген - Е. Қожағапанов
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік
Қазақстанда жергiлiктi деңгейде Балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт мектептерi желiсiн дамыту мiндетi атқарылмай жатыр. Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағаты барысында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттiгiнiң төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлiмдедi, деп хабарлайды