Бокстан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншы күні (20 қазан) шаршы алаңға шыққан екі қазақ боксшысы да жеңіске жетті.
69 келіде Данияр Елеусінов Багам аралдарының өкілі Карл Хэйлдті 3:0 есебімен ұтса, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов финляндиялық Вилл Хукканненді таза жеңді — 3:0.
Елеусінов енді француз Сүлеймен Киссеккомен кездеседі. Ал Ниязымбетовтің қарсыласы — косовалық Арменд Хохнаж.
Кешкі сессияда Берік Әбдірахманов (60 килограмм) Даниелло ди Росамен (Пуэрто-Рико) кездесіп, жеңді. Үш төреші де жеңісті Берікке берген. Боксшымыздың ендігі қарсыласы неміс спортшысы болмақ.

Baq.kz