Жаңалықтар

Орта ғасырлық философия

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды. Патристика (pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий, Августин Блаженный, т.б. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі – христиан діннің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік кқрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осы жағдайда философия өзінің барлық ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Орта ғасырлық философтар екі топқа бөлінді: реалистер, номиналистер: а) жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. (Фома Аквинский 1225-1274 ж.ж.); б) жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды. Тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы (Росцелин 1050-1112 ж.ж.)
17.10.2013 04:35 52928

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты, «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушылар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздағы ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін апологетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик, Тициан, Тертуллаин Квинт Септимий Флоренс, т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды.
Патристика (pater-әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (ІІІ-VІ ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий, Августин Блаженный, т.б. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі – христиан діннің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы. Ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып тағы басқа оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған.
Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік кқрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осы жағдайда философия өзінің барлық ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды.
Орта ғасырлық философтар екі топқа бөлінді: реалистер, номиналистер:
а) жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. (Фома Аквинский 1225-1274 ж.ж.); б) жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды. Тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы (Росцелин 1050-1112 ж.ж.)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға