Талдықорғанда «Азаматтық қоғам – еліміздің әлеуметтік жаңғыруындағы мемлекеттің стратегиялық серіктестігі және тірегі» атты VI облыстық азаматтық форум өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасай отырып.
Форум мақсаты - үкіметтік емес ұйымдардың өзара әрекеттестігін нығайту, кәсіби тұрғыдан алға жылжуды ынталандыру және жоғары сапалы әлеуметтік қызметтерді ұсыну. Бүгінгі күннің негізгі мақсаты – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттестікті жаңа, сапалы деңгейге көтеру.
Қазіргі таңда облыста 200-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Облыс әкімдігінде арнайы үйлестіру-кеңес ұйымдары жұмыс істейді. Бүгінде ҮЕҰ-ның 60-70% белсенділік танытады. 2013 жылы облыстық бюджеттен ҮЕҰ-ны қолдауға 72 млн теңге бөлінді. Бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5 есе артық.
Талдықорғанда VI облыстық азаматтық форум өтті
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді