Екатеринбордағы ЭКСПО халықаралық көрме орталығында Еуропадағы ең ірі әлеуметтік жоба, күш қолданылатын спорт түрлерінің фестивалі, «Алтын Жолбарыс VII» мультитурнирі өтті. Фестиваль шеңберінде пауэрлифтингтен ӘЧ өтті. Онда 12 жастағы қазақстандық спортшы Никита Тымченко алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Бірінші Теміртау классикалық лицейдің 6-шы сынып оқушысы Никита Тымченко пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ең жас қатысушы болды. Ол 60 келіні көтеріп, экипировкасыз жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.
«Менің салмақ дәрежем бойынша 5 адам болды. Мен салмақты олардан екі есе артық ұсынып отырдым. Маған жеңіске жетуге әкем көмектесті. Ол ең жақсы бапкер», - деді Никита Тымченко.
Никитаның бұл спорт түрімен айналысқанына бір жыл болыпты. Жарыста ол өзінен 2-3 жас үлкен қарсыластарын жеңді.
Қазақстандық спортшы 12 жасында пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды