Бүгін Алматыда ҚР Жазушылар Одағының басқармасы шеберлік сыныбы мен поэзия кешін өткізеді деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Аталған кешті Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін «Қазіргі заман жастар әдебиеті» атты жиынның аясында өткізеді. Әдебиетшілер шеберлік сыныбын және жастардың поэзия кешін ұйымдастырады. Кеште ақындар өздерінің өлеңдерін оқып, оқырман қауымға шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліспек.
Айта кетейік, жастар толқыны арасынан алғаш рет романды жазуды қолға алған жас қаламгер Арман Әлменбет те осы кешке қатысады деп күтілуде. Ол өз оқырмандарына «Мимырт» романының алғашқы бөлімдерін ұсынып, оқырмандырының жоғары бағасын алған болатын.
Жас қаламгерлердің кеші өтеді
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді