Жаңалықтар

«Барыстың» кезекті жеңісі

Континентальдық лиганың тұрақты чемпионатында кезекті турдың нәтижелері белгілі болды. Шығыс конференцияда көш бастап тұрған Астананың «Барысы» өз алаңында Подольскіден келген «Витязьді» қабылдады. Алма-кезек шабуылға ұласқан шиеленіске толы бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Әр командадан төрт ойыншы қатысқан бес минуттық овертайм да таблодағы есепке өзгеріс әкелмеді. Айналып келгенде жеңімпазды анықтау үшін буллитке жүгінуге тура келді. Міне осы тұста «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен ерледі. Финляндиялық легионеріміз буллиттік серияда өз қақпасына бір де бір шайба жіберген жоқ. Әупірімдей жүріп екі ұпай олжалаған «Барыс» келесі турда Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Baq.kz
10.10.2013 03:12 2857

Континентальдық лиганың тұрақты чемпионатында кезекті турдың нәтижелері белгілі болды. Шығыс конференцияда көш бастап тұрған Астананың «Барысы» өз алаңында Подольскіден келген «Витязьді» қабылдады.

Алма-кезек шабуылға ұласқан шиеленіске толы бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Әр командадан төрт ойыншы қатысқан бес минуттық овертайм да таблодағы есепке өзгеріс әкелмеді. Айналып келгенде жеңімпазды анықтау үшін буллитке жүгінуге тура келді. Міне осы тұста «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен ерледі. Финляндиялық легионеріміз буллиттік серияда өз қақпасына бір де бір шайба жіберген жоқ. Әупірімдей жүріп екі ұпай олжалаған «Барыс» келесі турда Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға