Қазақстанның Беларустағы Мәдениет күндері аясында Минскіде, мемлекеттік академиялық музыка театрында қазақстандық жұлдыздар мен әртістердің қатысуымен гала-концерт өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазақстандық әртістердің өнері халықтың жан дүниесін көрсетеді, бұл аз ғана дүниеден ұлы нәрсені байқауға болады. Осы үшін мен бұл концертті ұйымдастырған жандарға алғыс айтамын. Бұл концерт – тұтас өнердің көрінісі. Мұнда қандай да бір жеке нөмірлерді бөліп айту қиын. Және де сахнаға шыққан әр адам өзінше тамаша әртіс»,- деп өз сезімдерімен бөлісті Беларус Республикасының Мәдениет министрі Борис Светлов.
Мәдениет министрінің айтуынша, жиналған қауым әртістерге орындарынан тұрып қол соғып, көпке дейін залдан шықпаған.
«Тек бір ғана өкінішіміз бар, ол концерттің тез аяқталып қалғаны», - деп толықтырды Светлов.
Естеріңізге сала кетсек, Минскіде 7 мен 9 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Беларустағы Мәдениет күндері өтіп жатыр.
Гала-концертте Қазақстанның өнер ұжымдары мен жетекші солистері, Халық әртісі Р.Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Б.Жанұзақ, А.Трегубенко, Ж.Жарқымбаева, Н.Бекмұхамбетов, «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Ұлытау» тобы, «Серпер» домбырашылар ансамблі мен «Аққу» би ансамблі өнер көрсетті.
Минскіде қазақстандық әртістердің қатысуымен гала-концерт өтті
Оқи отырыңыз
23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?