Жаңалықтар

«Арландар» айға шабуға әзір

Бұл күндері бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы санаулы 14 қазанда Алматыда жалауы желбірейтін әлем чемпионатына даярланып жатса, «Астана арландары» клубының сапындағы жігіттер WSB додасына қызу әзірленуде. Олар үшін жарыс қараша айының бел ортасында басталады. Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бұған дейін үш мәрте ұйымдастырылды. Сол жарыстардың барлығында «Астана арландарының» қанжығасы майланды. Атап айтсақ, алғашқыда күміс медальді иеленсе, келесі жылы қолаға қол созды. Ал былтырғы маусымда бас жүлдені жеңіп алып, жергілікті спортсүйер қауымды қуантты. «Астана арландарының» бұл жеңісі отандық бокс тарихында алтын әріптермен жазылатыны айдан анық. Биыл біздің жігіттер сол межеден төмендемей, алтын тұғырға қайта көтерілу үшін барынша күш саламыз деп белді бекем буып отыр. WSB додасының үшінші маусымы аяқталғаннан кейін «Астана арландарының» сапында біраз өзгерістер болды. Қазақстандықтардың жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуіне сүбелі үлес қосқан украиналық бапкер Сергей Корчинский өз қызметінде қалды. Десек те көптеген легионерлер командадан кетті. Оған себеп клуб басшылығы негізінен, өз өрендеріне арқа сүйеуді жөн көреген екен. Бұл – құптарлық іс. Әрине, бұл халықаралық жоба болғандықтан, АИБА-ның талабы бойынша біздің ұжым құрамында легионерлердің бой көрсететіні анық. Бірақ олардың саны бұрынғыдай көп болмайды. Дүниежүзілік бокс сериясының тағы бір жаңалығы бәсекелер бұрын бес салмақ дәрежесі бойынша өтсе, енді 10 салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынады. Яғни алдағы уақытта жарыстың ауқымы кеңіп, қатысушылар саны одан әрі арта түседі. «Астана арландары» «В» тобында күш сынасады. Тұсаукесер кездесуді олар өз жерінде 15 қарашада өткізеді. Қарсыластары – Әзірбайжанның «Баку Файрс» клубы. 23 қарашада Мәскеуге сапар шегіп, «Ресей» былғары қолғап шеберлерімен айқасамыз. 6 желтоқсанда «Мехиконы» қабылдасақ, арада бір апта өткеннен кейін Астана не Алматыда Куба қабыландарымен күш сынасамыз. 2014 жылы топтық турнирде тағы алты бәсеке өткізу жоспарланып отыр. 11 қаңтарда Польшаға аттанып, жергілікті «Гусары» клубының жігіттерімен қолғап түйістіреміз. 18 қаңтардан бастап қарымта кездесулер ұйымдастырылады. Алдымен Қап тауы бөктерінде «Баку Файрс» боксшыларымен жұдырықтасамыз. 31 қаңтарда ресейліктер біздің елге келеді. 8 және 22 ақпан күндері Америка құрлығына аттанып, әуелі «Мехико» клубымен, одан кейін «Куба қабылдандарымен» сайысқа түсеміз. 28 ақпанда «Астана арландары» «Гусарларды» қабылдайды. Міне, осы бәсекелерден кейін плей-офф додасы басталады. Бұл сынақтан сүрінбей өткен командалар WSB додасының бас жүлдесі үшін таласу құқығына ие болады. Baq.kz
09.10.2013 03:17 2654

Бұл күндері бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы санаулы 14 қазанда Алматыда жалауы желбірейтін әлем чемпионатына даярланып жатса, «Астана арландары» клубының сапындағы жігіттер WSB додасына қызу әзірленуде.

Олар үшін жарыс қараша айының бел ортасында басталады. Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бұған дейін үш мәрте ұйымдастырылды. Сол жарыстардың барлығында «Астана арландарының» қанжығасы майланды. Атап айтсақ, алғашқыда күміс медальді иеленсе, келесі жылы қолаға қол созды. Ал былтырғы маусымда бас жүлдені жеңіп алып, жергілікті спортсүйер қауымды қуантты. «Астана арландарының» бұл жеңісі отандық бокс тарихында алтын әріптермен жазылатыны айдан анық. Биыл біздің жігіттер сол межеден төмендемей, алтын тұғырға қайта көтерілу үшін барынша күш саламыз деп белді бекем буып отыр.
WSB додасының үшінші маусымы аяқталғаннан кейін «Астана арландарының» сапында біраз өзгерістер болды. Қазақстандықтардың жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілуіне сүбелі үлес қосқан украиналық бапкер Сергей Корчинский өз қызметінде қалды. Десек те көптеген легионерлер командадан кетті. Оған себеп клуб басшылығы негізінен, өз өрендеріне арқа сүйеуді жөн көреген екен. Бұл – құптарлық іс. Әрине, бұл халықаралық жоба болғандықтан, АИБА-ның талабы бойынша біздің ұжым құрамында легионерлердің бой көрсететіні анық. Бірақ олардың саны бұрынғыдай көп болмайды.
Дүниежүзілік бокс сериясының тағы бір жаңалығы бәсекелер бұрын бес салмақ дәрежесі бойынша өтсе, енді 10 салмақ дәрежесінің жүлделері сарапқа салынады. Яғни алдағы уақытта жарыстың ауқымы кеңіп, қатысушылар саны одан әрі арта түседі.
«Астана арландары» «В» тобында күш сынасады. Тұсаукесер кездесуді олар өз жерінде 15 қарашада өткізеді. Қарсыластары – Әзірбайжанның «Баку Файрс» клубы. 23 қарашада Мәскеуге сапар шегіп, «Ресей» былғары қолғап шеберлерімен айқасамыз. 6 желтоқсанда «Мехиконы» қабылдасақ, арада бір апта өткеннен кейін Астана не Алматыда Куба қабыландарымен күш сынасамыз. 2014 жылы топтық турнирде тағы алты бәсеке өткізу жоспарланып отыр. 11 қаңтарда Польшаға аттанып, жергілікті «Гусары» клубының жігіттерімен қолғап түйістіреміз. 18 қаңтардан бастап қарымта кездесулер ұйымдастырылады. Алдымен Қап тауы бөктерінде «Баку Файрс» боксшыларымен жұдырықтасамыз. 31 қаңтарда ресейліктер біздің елге келеді. 8 және 22 ақпан күндері Америка құрлығына аттанып, әуелі «Мехико» клубымен, одан кейін «Куба қабылдандарымен» сайысқа түсеміз. 28 ақпанда «Астана арландары» «Гусарларды» қабылдайды. Міне, осы бәсекелерден кейін плей-офф додасы басталады. Бұл сынақтан сүрінбей өткен командалар WSB додасының бас жүлдесі үшін таласу құқығына ие болады.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға