Жаңалықтар

Twitter акциясы 20 млрд долларға қымбаттауы мүмкін

Twitter өзінің ІРО-сынан кейін 15-20 млрд долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін 7 қазанда Bloomberg агенттігі Ironfire Capital мен Gamco Investors хедж-қорлардың болжамдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Лента.ру.  Салыстырмалы түрде, ІРО алдында Twitter өзін 12,8 млрд долларға бағалаған болатын. Twitter акциясын бастапқы орналастыруға өтінішті 13 қыркүйекте берген. Ал тамызда компания өз акцияларының әділ бағасын 20,62 долларға теңеген болатын. Бейресми мәліметтеге сәйкес, Twitter жалпы алғанда 620 миллион акциясын сатылымға шығарыпты. Оның бағасының өсіміне микроблогтар сервисінің жарнама арқылы табатын табысының болжамдық өсуі себеп болса керек.  Егер Twitter акциялары шынымен 20 млрд долларға дейін қымбаттайтын болса, оның нарықтық бағасы капитализациясы 442,6 млрд долларға тең Apple-дің 22-ден бір бөлігін, Facebook құнының алтыдан бір бөлігін (123,13 млрд доллар) және Google капитализациясының 14-тен бір бөлігін (289,19 млрд доллар) құрайтын болады. Twitter ІРО-сының ресми күні әлі белгіленген жоқ. Бейресми мәліметтерге сенсек, акцияны бастапқы орналастыру АҚШ-тағы Ризашылық күні мерекесіне дейін өтуі мүмкін (2013 жылы ол 28 қарашаға тұспа-тұс келеді). 2012 жылы компанияның табысы 317 миллион долларды құрады. Ал таға шығыны 80 миллион долларға тең. Қазір әлем бойынша Twitter-дің белсенді пайдаланушыларының саны 200 миллионға жетеді, ал сайтта тіркелгендердің жалпы саны біржарым миллиардтан асады.  BNews.kz
08.10.2013 02:36 3153

Twitter өзінің ІРО-сынан кейін 15-20 млрд долларға дейін қымбаттап кетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін 7 қазанда Bloomberg агенттігі Ironfire Capital мен Gamco Investors хедж-қорлардың болжамдарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Лента.ру

Салыстырмалы түрде, ІРО алдында Twitter өзін 12,8 млрд долларға бағалаған болатын. Twitter акциясын бастапқы орналастыруға өтінішті 13 қыркүйекте берген. Ал тамызда компания өз акцияларының әділ бағасын 20,62 долларға теңеген болатын. Бейресми мәліметтеге сәйкес, Twitter жалпы алғанда 620 миллион акциясын сатылымға шығарыпты. Оның бағасының өсіміне микроблогтар сервисінің жарнама арқылы табатын табысының болжамдық өсуі себеп болса керек. 

Егер Twitter акциялары шынымен 20 млрд долларға дейін қымбаттайтын болса, оның нарықтық бағасы капитализациясы 442,6 млрд долларға тең Apple-дің 22-ден бір бөлігін, Facebook құнының алтыдан бір бөлігін (123,13 млрд доллар) және Google капитализациясының 14-тен бір бөлігін (289,19 млрд доллар) құрайтын болады.

Twitter ІРО-сының ресми күні әлі белгіленген жоқ. Бейресми мәліметтерге сенсек, акцияны бастапқы орналастыру АҚШ-тағы Ризашылық күні мерекесіне дейін өтуі мүмкін (2013 жылы ол 28 қарашаға тұспа-тұс келеді).

2012 жылы компанияның табысы 317 миллион долларды құрады. Ал таға шығыны 80 миллион долларға тең. Қазір әлем бойынша Twitter-дің белсенді пайдаланушыларының саны 200 миллионға жетеді, ал сайтта тіркелгендердің жалпы саны біржарым миллиардтан асады. 

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға