Ертең Алматы қаласы Алатау ауданының сотында «Неке сақталсын!» тақырыбына арналған кездесу өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.
Іс-шараға Алматы қаласының жас отбасылары, қала құрылымдары мен қызметтерінің өкілдері, қалалық және аудандық сот өкілдері, бірлестік қатысушыларының 28 ұйымы (қоғамдық, жастар және студенттер ұйымдарының өкілдері) қатысады, делінген хабарламада.
«Іс-шара барысында жас отбасылардың арасындағы ажырасу проблемалары көтерілетін видеоролик көрсетіледі. Ажырасуға өтініш білдірген жұптарға ақпараттық кітапшалар таратылады, сондай-ақ сағат 11-ден кешкі 5-ке дейін аудан соттарында кәсіби психологтар жас отбасыларға тегін жеке кеңес өткізеді»,- деп хабарлайды Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы.
Алматының аудандық соттарында психологтар жас отбасыларға тегін кеңес өткізеді
Оқи отырыңыз
26 Маусым, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?26 Маусым, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер