Жаңалықтар

Бүгін сәулетшілердің кәсіби мерекесі

Бүгін әлем сәулетшілерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік сәулет күні (World Architecture Day). Бұл мереке жыл сайын қазан айының алғашқы дүйсенбісінде тойланады. Бұл күнді мереке ретінде атап өтуді Халықаралық сәулетшілер одағы (ХСО) ұсынды. Алғашында, 1985 жылы ХСО жиынында мерекені шілденің бірінші дүйсенбісінде атап өту ұсынылған. Ал 1996 жылы Халықаралық сәулетшілер одағы Барселонада өткен ХХ Бас ассамблеясында мерекені қазан айына ауыстыру туралы қарар қабылдайды. Халықаралық сәулетшілер одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Одақтың бастапқы мақсаты – соғыс кезінде қираған қалаларды, елді мекендерді және өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру. КСРО Сәулетшілер одағы ХСО-ны құрушылардың бірі болды және оның жұмысына белсене араласты. Қазір ХСО құрамына 100-ге тарта ұлттық секция мен миллионнан астам сәулетші кіреді. Baq.kz
07.10.2013 06:24 3543

Бүгін әлем сәулетшілерінің кәсіби мерекесі – Дүниежүзілік сәулет күні (World Architecture Day). Бұл мереке жыл сайын қазан айының алғашқы дүйсенбісінде тойланады.

Бұл күнді мереке ретінде атап өтуді Халықаралық сәулетшілер одағы (ХСО) ұсынды. Алғашында, 1985 жылы ХСО жиынында мерекені шілденің бірінші дүйсенбісінде атап өту ұсынылған. Ал 1996 жылы Халықаралық сәулетшілер одағы Барселонада өткен ХХ Бас ассамблеясында мерекені қазан айына ауыстыру туралы қарар қабылдайды.
Халықаралық сәулетшілер одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылды. Одақтың бастапқы мақсаты – соғыс кезінде қираған қалаларды, елді мекендерді және өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру. КСРО Сәулетшілер одағы ХСО-ны құрушылардың бірі болды және оның жұмысына белсене араласты. Қазір ХСО құрамына 100-ге тарта ұлттық секция мен миллионнан астам сәулетші кіреді.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға