Жаңалықтар

«Минтонет»

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың желтоқсан айындағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі»
03.03.2014 04:03 4977

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың желтоқсан айындағы «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деген бөлімі спорт пен медицина саласына арналған.

Жолдауда Елбасымыз: «Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы денешынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек» деген болатын.

Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзіне танымал, Олимпиада ойындарының қатарына енген спорттың бір түрі волейбол. Волейболда жүгіру, секіру, лақтыру, жүру сияқты қимылдардың орын алуының арқасында адам денсаулығына берер пайдасы мол. Волейбол жас талғамайды, мектеп баласынан бастап, жоғары жастағылар да ойнай береді. Осы спорт түрімен айналысатын адамдардың көбіне бойлары ұзын болып келеді.

Волейболдың қалыптасқанына тоқсан бесінші жылы бір ғасыр толған болса, қазіргі таңда оның тарихы одан да әрмен жалғасын табуда.

1897 жылы волейболды ойлап тапқан адамның Уильям Дж. екенін және алғашында бұл ойын «Минтонет» деп аталғанын көбісі біле бермейді. Кейін профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасаған екен.

Қазақстанда волейбол ойыны мектептегі денешынықтыру пәнінің бағдарламасына енген. Елімізде волейбол ойыны 1926 жылы Қызылорда қаласында жарыс түрінде ұйымдастырылған екен. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары аталмыш ойын танымалдыққа ие болып, жақсы дами бастады. Оның дамуына КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт шебері Октябрь Жарылғаповтың алар орны ерекше. Октябрь ағаның есімі волейбол ойынын сүйер қауымға кеңінен танымал.

Оның құрған «Буревестник» атты ерлер командасы 1969 жылы КСРО-ның, 1970-71 жылы Еуропа чемпиондарының кубогін жеңіп алған.

1968 жылы Қазақстанның орыс ұлтты азаматтары Валерий Кравченко, Олег Антропов, Надежда Смолеева Мексикада өткен 19-Олимпиялық ойында басты жеңісті жеңіп алса, 1969 жылы Жәнібек Саурамбаев Еуропаның чемпионы атағына ие болған.

1988 жылы Сеулде өткен 26-Олимпиялық ойындарда Ольга Кривошеева, Елена Чебукина, Татьяна Меньшовалар алдыңғы жеңістердің жалғасын тапты.

1984 жылы Алматы қаласының әйелдер волейбол командасы КСРО-ның чемпионы атанды.

1924 жылы волейболшылардың халықаралық одағы құрылып, 1992 жылдан бастап одақ құрамына Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы кірді.

Биыл Қазақстан волейболына 85 жыл толып отыр. Осы жылы ерлер командалары арасындағы ҚР Президенті Кубогы халықаралық турнирі 20-рет өткелі отыр. Ал, келер жылы Президент Кубогымен қатар, Қазақстанда волейболдан Азия чемпионаты ұйымдастырылады деп шешілген.

Бүгінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Кубогы үшін турнир дәстүрлі сайысқа айналып, халықаралық волейбол федерация тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға