Жаңалықтар

Корей музыкалық комедия театры

Бүгінде Қазақстан өзге ұлт өкілдерінің екінші отанына айналып отырған көп ұлтты мемлекеттің бірі. Тарих та ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы жекелей адамдар ғана емес тұтастай халық тағдырына тікелей әсер еткен кезең еді.
02.03.2014 20:27 14883

Бүгінде Қазақстан өзге ұлт өкілдерінің екінші отанына айналып отырған көп ұлтты мемлекеттің бірі. Тарих та ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы жекелей адамдар ғана емес тұтастай халық тағдырына тікелей әсер еткен кезең еді. Себебі КСРО-да тұрғындары күшпен жер аударту науқаны басталған сәт. Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырына әсер етті. Өз елінің ұлттық мүддесін қорғамақшы болған ұлт зиялыларын, тіпті қарапайым адамдарды туған жерінен жазықсыз қудалап, басқа аймаққа қоныс аудартты. Екінші дүниежүзілік соғыс та, Гитлердің жойқын қимылдары да халық тағдырына әсер етпей қоймайды. Осыған қарамастан бөтен елге ауа көшкен өзге ұлт өкілдері сол жердің этникалық жағдайына сіңісе отырып, өзінің ұлттық сипатын сақтай білді. Солардың қатарында корей халқы да бар. Дерек көзіне сүйенсек 1937 Қиыр Шығыстағы мемлекеттік шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз деген сылтауды мақсат етіп, сонда тұратын корей халқын Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырған. Сол жылы Қазақстанға тұрақтаған корейлердің саны 95421 адамды құраған. Қазір күнде еліміз де санақ бойынша 100 мың астам корей халқының тұрғындары өмір сүреді.

Жер аударылған корейлер сол уақыт кезеңінде өмір сүру құқығын айтпағанда, тіпті өз ана тілінде сөйлеуге, салт-дәстүрін жүргізу, және де корейлік есіммен жүру құқығының барлығынан айырылған болатын.

Бірақ соған қарамастан қазақ жерінде тұрақтап қалған корейліктер өз мәдениетін, салт-дәстүрін, дінін барынша сақтай отырып бүгінгі күнге жеткізіп келеді. Бұған елбасымыздың сөзі де серпін берді. Елбасы өз жолдауында «Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды».

Бүгінде өз қалпын жоғалтпай, осы күнге жеткен, корей мәдениетінен көрініс беретін мәдени кешеннің бірі – Корей музыкалық комедия театры. Театр тарихына көз жүгіртсек, ол – 1932 жылы 9 қыркүйекте Ресейдің Владивосток қаласында құрылған. Алғашқы кезеңде театр "Корей өлкелік театры" деген атпен көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде ұйымдасып өнер көрсетті. Қазақстанға 20-шы ғасырдың 30 жылдардың аяғын да қоныс аударып Корей музыкалық драма театры деген атпен жұмыс істеген. Бастапқы уақытта театр ұжымы яғни 1937-1941, 1959-1968 жылдар аралығында Қызылорда қаласында, кейін 1942-1959 жылдары Алматы облысының Үштөбе қаласында қоныс тепкен. 1968 жылы түпкілікті Алматыға қоныстанып, әлі күнге дейін қала тұрғындарына өз өнерлерін көрсетіп келеді.

Алғашқы кезеңде театр репертуарында корей ұлтының шығармаларынан бастап шет, ел, орыс, қазақ, өзбек жазушы-драматургтерінің туындылары қойыла бастаған. Сахналанған қазақ шығармаларын тізіп айтар болсақ, олардың қатарында М.Әуезовтің "Еңлік - Кебек", "Қарагөз", Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы", Қ.Байсейітов пен Қ.Шаңғытбаевтың "Беу, қыздар-айы", Қ.Мұхамеджановтың "Бөлтірік бөрік астында", О.Бодықовтың "Қарақұм трагедиясы", Ш.Айтматовтың "Арманым, Әселім", "Ана – Жер анасы", Х.Хамзаның "Бай мен батырағы" пьесалары сахналанған. Ким Дин, Н.П. Ли, Ли Хам Дек, Ли Гер Су, Пак Чун Себ, Цой Бон До, В.Е. Ким, И.Ким, режиссерлер мен суретшілері Ен Сен Нен, Мен Дон Ук, Те Ден Гу, Тхай Дян Чун, Цай Ен, Г.М. Кан, К.Е. Пак, сында актерлер театр труппасының үнемі шығармашылық ізденісте болып, оның ары қарай өсіп дамуы жолында белсене ат салысып, зор үлестерін қосты. Сондай-ақ сол кезде театр труппасында "Ариран" эстрада ансамблі мен ұлттық бишілер тобы жұмыс істесе қазіргі уақытта фольклорлы-этнографиялық топ «Самульнори» көрерменге өз өнерлерін ұсынуда. 1990 жылдан бастап театрдың көркемдік жетекшісі В.Е. Ким болды. Оның басқарумен театр ұжымы Мәскеуде, Сахалин, Өзбекстан, Қырғызстан сынды шет мемлекеттер қатар Қазақстанның қалалары бірқатар елді мекендерінде гастрольдік сапарлар да болып, халыққа өз өнерлерін көрсеткен.

Театрға 1966 жылы республикалық театр дәрежесі берілген. Бүгінде театр репертуарында корей ұлтының ұлттық және заманауи үлгідегі қойылымдар мен қатар қазақстандық және шет елдік өнер шедеврлерінің туындылары бар. Көп жылдық тынбай, талмай жасаған еңбектің берген нәтижесі де қуантарлық. Себебі осы уақытқа дейін театрға келген 5 млн астам көрерменге, труппа 250 ден астам спектакльдер және концерт бағдарламаларын көрсеткен.

Халыққа сіңірген еңбектері ескеріліп сонау 1982 жылы кеңес театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісімен», еліміз тәуелсіздік алған соң 2002 жылы елбасының алғыс хатымен, 2005 жылы Корея Республикасы Президентінің Құрмет мадақтамасымен, 2012 жылы – ҚР Президентінің алғыс мадақтамасымен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға