«ҚР Тұңғыш Президенті Күніне орай Ұлт Көшбасшысы еңбек жолын бастаған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында ағымдағы жылдың 29 қарашасында облыс әкімі Ә.Құсайыновтың қатысуымен домна газында жұмыс істейтін қазандық іске қосылады», - деп агенттік тілшісіне облыстық әкімшіліктен хабарлады.
Домна газында жұмыс істейтін қазандық 5 бу қазандық кешенінен тұрады. Негізгі отын ретінде бір қазандықта мөлшері 28 мың м3/сағ домна газы пайдаланылады. Әбілғазы Құсайыновтың қатысуымен металлургтер қаласында «Достық аллеясының» алғашқы кірпіші қаланады.
Соңында Металлургтер мәдениет сарайында Тұңғыш Президент Күніне арналған салтанатты жиналыс өтеді. Мейрам күні Теміртау қаласында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Қарағанды, Теміртау, облыс қалалары мен аудан орталықтарындағы мереке отшашумен аяқталады.
Домна газында жұмыс істейтін қазандық іске қосылады
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс