Өзінің қарарында Бас Ассамблея БҰҰ жүйесіндегі барлық мемлекеттер мен ұйымдарды жыл сайын бұл күні олардың қоршаған ортаны қорғауға және оны жақсартуға деген ұмтылыстарын көрсететін түрлі іс-шараларды өткізуге шақырады.
Бас Ассамблеяның 27-інші сессиясында сондай-ақ БҰҰ жүйесінде жаңа ұйым құрылды - БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП). Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жыл сайын ЮНЕП-тің мұрындық болуымен атап өтіледі.
ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдың маусымында қабылданған қоршаған орта проблемалары жөніндегі Стокгольм конференциясының қарарына сәйкес бекітілді.