Жаңалықтар

«Сақина тастау», «Үйімнің үстіндегі кім?»

«Сақина тастау» Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек. Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады. Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.    «Үйімнің үстіндегі кім?» «Үйімнің үстіндегі кім?» — бұл ойынды ойнау үшін қатынасушылардың бірі жұдырығын түйеді де, столдың үстіне қояды оның үстіне 2, 3, 4, 5-ші ойыншылар да өздерінің бір-бір жұдырықтарын қояды. Бірінің үстіне бірі қойылған жұдырықтар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойыншы 2—3-ақ адам болса, әр ойыншы екі жұдырығын өзара аламастыра қоюына болады. Ең үстіңгі жұдырықтың астындағы қолдың иесі: Үйімнің үстіндегі кім? Мұсамын. Неғып жүрсің? Ұшамын. Тезірек ұш. Қорқамын. Кейінірек ұш! Асығамын. Секіріп түс. Жығыламын. Астыңдағы не? Келі. Ішіндегі не? Тары. Жүзің неден сары? Жас шіркінің кәрі. Осы сөз айтылысымен ойыншылар түгелдей: «Атта жымпи, көжеңді іште тымпи»— деп қолдарын алады да, тым-тырыс бола қалады. Кім бұрын күліп қойса, сол ұпай төлейді. Ұпайдың тәртібі — күліп қойған ойыншының алақанын жазып, білегінен ұстап отырады да: Кімнің үйіне қондың?— деп сұрайды. Күлген бала тез өзі білетін үйлерінің ішінен ең шағын басты біреудің атын атайды. Мысалы, Әсеттікіне қондым — дейді. Ұпай алушы бала: Әсет атам ет асатар, Ет асатса бес асатар, Бесбай етті неше асатар? — деп тез-тез 5 рет айтып шық деген бұйрық береді. Ойнаушы жаңылтпашты жақсы айтып кетсе, сонымен ұпайдан құтылады. Егер айта алмаса ойын бастаушы күліп қойған ойыншының алақанын каттырақ шымши отырып «ет асата» бастайды. «Ет асатуды» үйде неше кісі болса, сонша қайталап жасайды. Ең соңынан ойын бастаушы «Енді жақсылап тұрып, өзім де бір асайын» — деп батыра шымшып, өзі де «асайды». Мысалы, Әсеттің үйінде 3 адам бар. Өзі, әйелі Қанипа, ұлы Мұрат. Мә, Әсет ағай. Мә, сізге Қанипа апай. Мә, саған Мұрат балақай, — дейді де, содан кейін өзі «асайды». Ойын осылайша жүргізіле береді.
22.05.2013 05:13 5018


«Сақина тастау»

Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады. 

 

«Үйімнің үстіндегі кім?»

«Үйімнің үстіндегі кім?» — бұл ойынды ойнау үшін қатынасушылардың бірі жұдырығын түйеді де, столдың үстіне қояды оның үстіне 2, 3, 4, 5-ші ойыншылар да өздерінің бір-бір жұдырықтарын қояды. Бірінің үстіне бірі қойылған жұдырықтар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойыншы 2—3-ақ адам болса, әр ойыншы екі жұдырығын өзара аламастыра қоюына болады.

Ең үстіңгі жұдырықтың астындағы қолдың иесі:

Үйімнің үстіндегі кім?
Мұсамын.
Неғып жүрсің?
Ұшамын.
Тезірек ұш.
Қорқамын.
Кейінірек ұш!
Асығамын.
Секіріп түс.
Жығыламын.
Астыңдағы не?
Келі.
Ішіндегі не?
Тары.
Жүзің неден сары?
Жас шіркінің кәрі.

Осы сөз айтылысымен ойыншылар түгелдей: «Атта жымпи, көжеңді іште тымпи»— деп қолдарын алады да, тым-тырыс бола қалады. Кім бұрын күліп қойса, сол ұпай төлейді.

Ұпайдың тәртібі — күліп қойған ойыншының алақанын жазып, білегінен ұстап отырады да:

Кімнің үйіне қондың?— деп сұрайды. Күлген бала тез өзі білетін үйлерінің ішінен ең шағын басты біреудің атын атайды. Мысалы, Әсеттікіне қондым — дейді. Ұпай алушы бала:

Әсет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар,
Бесбай етті неше асатар?

— деп тез-тез 5 рет айтып шық деген бұйрық береді.

Ойнаушы жаңылтпашты жақсы айтып кетсе, сонымен ұпайдан құтылады. Егер айта алмаса ойын бастаушы күліп қойған ойыншының алақанын каттырақ шымши отырып «ет асата» бастайды. «Ет асатуды» үйде неше кісі болса, сонша қайталап жасайды. Ең соңынан ойын бастаушы «Енді жақсылап тұрып, өзім де бір асайын» — деп батыра шымшып, өзі де «асайды». Мысалы, Әсеттің үйінде 3 адам бар. Өзі, әйелі Қанипа, ұлы Мұрат.

Мә, Әсет ағай.
Мә, сізге Қанипа апай.
Мә, саған Мұрат балақай,

— дейді де, содан кейін өзі «асайды». Ойын осылайша жүргізіле береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға