Жаңалықтар

Ақан сері Қорамсаұлы

Қорамсаұлы Ақан сері (1843-1913) - ұлы әнші-композитор, ақын. Далалық мәдениеттегі сал-серілер мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Құс салып, жүйрік баптаған, саятшылық құрған. Құлагері — даладүлдүлдерінің ғажайып символына айналған. А. Көкшетауда туған. Мұсылманша, орысша терең білім алған. Дүниетанымдық ізденістерге негізделген, өмір шындығын жырлауға, жақсылық пен жамандық табиғатын танып-білуге бағытталған, сұлулық сырын танытатынжырларында ғажап лирик ақын ретінде ғана емес, ірі ойшыл ретінде де танылады.   Дүние адастырар қуғаннан соң. Дүние туралы Дүние жеткізбейді ойласаң да, Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да. Дүние туралы Жай жату -тек бүгінгі жанның қамы. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен, Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен. Көнбейді жаман адам ынтымаққа, Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен. Пайдасыздық, керексіздік туралы Алтынды орағанмен жез болмайды, Жібекті жуғанменен бөз болмайды. Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай, Жаманның көкейінде көз болмайды. Пайдасыздық, керексіздік туралы Шірімес алтын жерде жатқанымен, Оқ өтпес ажалсызға атқанымен. Амалсыздық туралы Жалқауға - сөз, жаманға - таяқ өтпес. Асыл сөз туралы Ердің көркі - дәулет. Байлық-кедейлік туралы Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар, Жаманға бітсе дәулет әуе айналар. Басына ер жігіттің іс түскенде, Арасы қас пен достың абайланар. Байлық-кедейлік туралы Жабыға - салма тоқым жалы бар деп, Жаманға - басынды име малы бар деп. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас. Амалсыздық, шарасыздық туралы Су шықпас қазғанменен тау басынан, Қазақтың дау кетпейді сау басынан. Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса, Ер жігіт жаңылады тәубасынан. Амалсыздық, шарасыздық туралы Шын тұлпар дүбір шықса шыдамайды, Тас қылып төрт аяғын байласаң да. Жатпайды болат пышақ қын түбінде, Өтпейді жасық темір қайрасаң да. Пайдасыздық, керексіздік туралы Дүние адастырар қуғаннан соң, Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң. Дүние - аз күншілік фани жалған, Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң. Дүние туралы Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды, Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды. Бұл дүние - жұртты алдайтын бейне базар, Әр адам өз әлінше базарлайды. Дүние туралы Би болмас - белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман - жуғанменен. Пайдасыздық, керексіздік туралы Ит үрер жақсыға да, жаманға да. Жақсы мен жаман туралы Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Жақсы мен жаман туралы Ер пайдасы тиеді сасқан жерде, Ез жаңылып етегін басқан жерде. Жаманға жазатайым ісің түссе, Жабысып қалады екен аспан жерге. Жақсы мен жаман туралы Тар жерде қолдың үшін бергенді айтшы, Екінің бірі мырза тасқан жерде. Жамандар көре алмаған қылады өсек, Лайық заманында асқан ерді. Жақсы мен жаман туралы Жігітті шешенсінген - дауда сына, есерді батырсынған - жауда сына. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы Жаманды мың көргенмен ішің сүймес. Жақсы мен жаман туралы Жақсы жолдас сыр шашпас. Достық туралы Адамға мал мен мансап - жолдас емес. Пайдасыздық, керексіздік туралы Мылтық - оқудан соңғы өнер. Ғылым-білім, өнер туралы Бұл дүние - баяны жоқ бір кең сарай. Дүние туралы Жақсы әйелдің сипаты: Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ, Қасыңа шақырғанда келсе зулап. Дауысы «әу» дегенде әрең шығып, Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ. Қара қас, жазық маңцай, қара көзді, Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді. Мінезі майдай еріткен қорғасындай, Келсе де ерте-кешті бір мінезді. Жүзінің ақ аралас, қызыл беті, Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті. Болған да тісі аппақ, пісте мұрын, Ауызы қалжың сөзге болса епті. Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды, Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған. Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе, Тап-таза үйдің іші сыпырылған. Жігітке адал жүріп болар серік, Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп. Білгізбей бар болса да, жоқ болса да, Ол бір марал тұрғаны қасын керіп. Әйел, ана туралы Жаман әйелдің сипаты: Болмайды сұлу қылықты жаман қатын, Білмейді оқытсаң да сөздің салтын. Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп, Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын. Кетеді таң атқан соң өсек бағып, Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса, Жүреді теріс қарап жылмың қағып. Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап, Былшылдар ел көзінше байын талап. Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп, Қонағын қыстай келген бәрін санап. Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып, Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып. Тазалық үй ішінде болмаған соң, Бойыңда қадір-баға қалар нағып. Орамал жерде жатыр кірі батпан, Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан. Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа, «Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан. Әйел, ана туралы   Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы
14.05.2013 07:59 11449

Қорамсаұлы Ақан сері (1843-1913) - ұлы әнші-композитор, ақын. Далалық мәдениеттегі сал-серілер мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Құс салып, жүйрік баптаған, саятшылық құрған. Құлагері — даладүлдүлдерінің ғажайып символына айналған. А. Көкшетауда туған. Мұсылманша, орысша терең білім алған. Дүниетанымдық ізденістерге негізделген, өмір шындығын жырлауға, жақсылық пен жамандық табиғатын танып-білуге бағытталған, сұлулық сырын танытатынжырларында ғажап лирик ақын ретінде ғана емес, ірі ойшыл ретінде де танылады.

 

Дүние адастырар қуғаннан соң.

Дүние туралы

Дүние жеткізбейді ойласаң да,

Жақсы артық әзілдесіп ойнасаң да.

Дүние туралы

Жай жату -тек бүгінгі жанның қамы.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Ақ қаудың астығы жоқ шайнағанмен,

Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.

Көнбейді жаман адам ынтымаққа,

Жүрмейді шошқа жөнге айдағанмен.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Алтынды орағанмен жез болмайды,

Жібекті жуғанменен бөз болмайды.

Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай,

Жаманның көкейінде көз болмайды.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Шірімес алтын жерде жатқанымен,

Оқ өтпес ажалсызға атқанымен.

Амалсыздық туралы

Жалқауға - сөз, жаманға - таяқ өтпес.

Асыл сөз туралы

Ердің көркі - дәулет.

Байлық-кедейлік туралы

Жақсыға бітсе дәулет бақ айналар,

Жаманға бітсе дәулет әуе айналар.

Басына ер жігіттің іс түскенде,

Арасы қас пен достың абайланар.

Байлық-кедейлік туралы

Жабыға - салма тоқым жалы бар деп,

Жаманға - басынды име малы бар деп.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас.

Амалсыздық, шарасыздық туралы

Су шықпас қазғанменен тау басынан,

Қазақтың дау кетпейді сау басынан.

Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса,

Ер жігіт жаңылады тәубасынан.

Амалсыздық, шарасыздық туралы

Шын тұлпар дүбір шықса шыдамайды,

Тас қылып төрт аяғын байласаң да.

Жатпайды болат пышақ қын түбінде,

Өтпейді жасық темір қайрасаң да.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Дүние адастырар қуғаннан соң,

Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң.

Дүние - аз күншілік фани жалған,

Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.

Дүние туралы

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,

Ер жігіт малсыз құлаш жаза алмайды.

Бұл дүние - жұртты алдайтын бейне базар,

Әр адам өз әлінше базарлайды.

Дүние туралы

Би болмас - белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман - жуғанменен.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Ит үрер жақсыға да, жаманға да.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

Жақсы мен жаман туралы

Ер пайдасы тиеді сасқан жерде,

Ез жаңылып етегін басқан жерде.

Жаманға жазатайым ісің түссе,

Жабысып қалады екен аспан жерге.

Жақсы мен жаман туралы

Тар жерде қолдың үшін бергенді айтшы,

Екінің бірі мырза тасқан жерде.

Жамандар көре алмаған қылады өсек,

Лайық заманында асқан ерді.

Жақсы мен жаман туралы

Жігітті шешенсінген - дауда сына, есерді батырсынған - жауда сына.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Жаманды мың көргенмен ішің сүймес.

Жақсы мен жаман туралы

Жақсы жолдас сыр шашпас.

Достық туралы

Адамға мал мен мансап - жолдас емес.

Пайдасыздық, керексіздік туралы

Мылтық - оқудан соңғы өнер.

Ғылым-білім, өнер туралы

Бұл дүние - баяны жоқ бір кең сарай.

Дүние туралы

Жақсы әйелдің сипаты:

Ақ жүзді әйел алсаң бойы сұңғақ,

Қасыңа шақырғанда келсе зулап.

Дауысы «әу» дегенде әрең шығып,

Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.

Қара қас, жазық маңцай, қара көзді,

Дауысы жіп-жіңішке, жұмсақ сөзді.

Мінезі майдай еріткен қорғасындай,

Келсе де ерте-кешті бір мінезді.

Жүзінің ақ аралас, қызыл беті,

Жаман сөз сөйлемейді, адал жіпті.

Болған да тісі аппақ, пісте мұрын,

Ауызы қалжың сөзге болса епті.

Жат қылық, шайпау мінез еш болмайды,

Шақ етіп дауысы шықпас баланы ұрған.

Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,

Тап-таза үйдің іші сыпырылған.

Жігітке адал жүріп болар серік,

Қуанар ғазиз құрбы жүзін көріп.

Білгізбей бар болса да, жоқ болса да,

Ол бір марал тұрғаны қасын керіп.

Әйел, ана туралы

Жаман әйелдің сипаты:

Болмайды сұлу қылықты жаман қатын,

Білмейді оқытсаң да сөздің салтын.

Ілмелеп, салған жерден кекесіндеп,

Қылады ұрыс-жанжал сөздің артын.

Кетеді таң атқан соң өсек бағып,

Қонаққа тамақ бер деп ептеп айтса,

Жүреді теріс қарап жылмың қағып.

Кісіге күле сөйлеп, келмес жанап,

Былшылдар ел көзінше байын талап.

Таусылды қант пен мейіз, ет пен шай деп,

Қонағын қыстай келген бәрін санап.

Сыпырмас үйдің ішін, киіз қағып,

Еш уақыт шаруа қылмас отын жағып.

Тазалық үй ішінде болмаған соң,

Бойыңда қадір-баға қалар нағып.

Орамал жерде жатыр кірі батпан,

Салдырап аяқ-табақ қирап жатқан.

Сүтін ішіп, шелегін ит жаласа,

«Кет!» деп еш айтпайды құдай атқан.

Әйел, ана туралы

 

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға