Жаңалықтар

Индустриялық-инновациялық даму қортындысы ертең Үкіметте талқыланады

Ертең ҚР Үкіметінің отырысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өткен жылғы қорытындысы мен қазіргі орындалу барысы талқыланады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап, Baq.kz тілшісі хабарлады. «Үдемелі индустриялық-иннвациялық бағдарламалар экономикалық ілгерілеудің басты бағытты екені белгілі. Сондықтан да осы бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жұмыстар жайында Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Үкімет отырысында баяндама жасайды деп күтілуде»,-деді ресми өкіл. Сондай-ақ отырыста осы тақырыпқа қатысты «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев және «Атамекен» Ұлттық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов те баяндама жасамақшы. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ   www.baq.kz  
29.04.2013 14:33 3139

Индустриялық-инновациялық даму қортындысы ертең Үкіметте талқыланадыЕртең ҚР Үкіметінің отырысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өткен жылғы қорытындысы мен қазіргі орындалу барысы талқыланады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап, Baq.kz тілшісі хабарлады.
«Үдемелі индустриялық-иннвациялық бағдарламалар экономикалық ілгерілеудің басты бағытты екені белгілі. Сондықтан да осы бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жұмыстар жайында Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Үкімет отырысында баяндама жасайды деп күтілуде»,-деді ресми өкіл.
Сондай-ақ отырыста осы тақырыпқа қатысты «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев және «Атамекен» Ұлттық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов те баяндама жасамақшы.


Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
 

www.baq.kz
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға