Жаңалықтар

Жетістігі

2001 жылы трансферлік терезе  ашылған кезде Қостанайға қоныс аударады. «Тобыл» сияқты еліміздің азулы клубының сапында ел чемпионатының көрігінғана қыздырып қоймай, Еурокубоктарға да қатысты. 2003 жылы «Интертото» кубогы аясында Польшаның «Полония» клубына соққан голын жанкүйер қауым әлі ұмыта қойған жоқ. Жалпы, Нүркен 2001-2003 жылдар аралығында 44 рет «Тобыл» жейдесімен жасыл алаңға шығып, 14 гол соғады. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек, туып-өскен жері мен алғаш доп тепкен алаңы кімге болмасын ыстық емес пе? Ақыры Нүркенде 2003 жылы өзіне футбол әліппесін үйреткен «Тараз» клубынақайта оралып, футболшы ретіндегі карьерасын осы жерде аяқтайды. 2003-2007 жылдар аралығында 85 ойын өткізіп, 23 голдың авторы атанады. Нүркен – ел футболындағы 100 голдан артық доп соққан ойыншылар тізімінде алдыңғы лекте. Марқұм, талантты шабуылшы Олег Литвиненкодан кейінгі екінші орынды иемденіп тұр. Мазбаев – 362 ойында 138 гол соққан сұрмерген. Қазіргі қазақ футболында мерген шабуылшылардың жетіспей тұрғаны кімді болсын қынжылтатыны анық. Нүркен, Нұрбол, Мұрат секілді бесаспап шауылшыға зәруміз десек те болатын шығар...  Нүркен өзінің бір сұхбатында «қазіргі шабуылшылардың ішінен Ерзат Кенбаевтан үлкен үміт күтемін» деген болатын. Алайда... Ұлттық құрамада 1995—2000 жылдар аралығында ұлттық құрама сапында 13 кездесу өткізіп, 2 гол соққан. Нүркен ұлттық құрамада ойнап жүрген кездері Қазақстан Азия футболы конфедерациясының мүшесі болатын. Кейіннен Қазақстан УЕФА-ға өткенде ұлттық құрама сапында ойнау бақыты Нүркенге бұйырмады. Нүркеннің ұлттық құрамамен ерте қоштасуына жарақаты себеп болған. Еліміздің ұлттық құрамсы сапында ол Серік Бердалин, Сергей Гороховодацкий, Ваит Талгаев сияқты бапкерлерден тәлім алды. Бапкерлік қызметте Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, «Тараз» клубының спорттық директоры болып тағайындалды. 2008-2009 жылы Бірінші лигадағы ОСШИОСД командасын жаттықтырды. Кейіннен Қазақтанның жасөспірімдер арасындағы құрамасы бапкерінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 2010 жылы «Тараз» клубының бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді. Тарихи дерек 2003 жылғы 2 маусым күні «Тобылдың» Еуродолардағы алғашқы голын соқты. Командалық жетістіктері Қазақстан чемпионы: 1996, 2000 ж. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995, 1997 ж. Қазақстан кубогының иегері: 2000 ж   Клубтық карьерасы 1992-1997 жылдар: «Тараз» – 159 ойын (59 гол) 1998-1999 жылдар: «Қайсар» – 33 (25) 1999 жыл: «Синтез» – 14 (4) 2000 жыл: «Жеңіс» – 27 (9) 2001 жыл: «Достық» – 14 (4) 2001-2003 жылдар: «Тобыл» – 44 (14) 2003-2007 жылдар: «Тараз» – 85 (23) Барлығы: 1992-2007 жылдар – 362 ойын (138 гол) Ұлттық құрамада 1995-2000 жылдар – 13 ойын (2 гол) Сөз соңында айтарымыз, Нүркен жас футболшыларға үлгі тұтуға тұрарлықойыншы. Біздегі мақсатымыз – ел футболының 100 жылдық торқалы тойында осындай ойыншыларымызды жайлы қалам тартып, олардың жасыл алаңдағыөмірлерін жіпке тізіп, жас жеткіншектердің футболға деген махаббатын ояту. Бек Төлеуов, «Sport» газеті  
25.04.2013 09:57 2796

2001 жылы трансферлік терезе  ашылған кезде Қостанайға қоныс аударады. «Тобыл» сияқты еліміздің азулы клубының сапында ел чемпионатының көрігінғана қыздырып қоймай, Еурокубоктарға да қатысты.

2003 жылы «Интертото» кубогы аясында Польшаның «Полония» клубына соққан голын жанкүйер қауым әлі ұмыта қойған жоқ.

Жалпы, Нүркен 2001-2003 жылдар аралығында 44 рет «Тобыл» жейдесімен жасыл алаңға шығып, 14 гол соғады.

«Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек, туып-өскен жері мен алғаш доп тепкен алаңы кімге болмасын ыстық емес пе?

Ақыры Нүркенде 2003 жылы өзіне футбол әліппесін үйреткен «Тараз» клубынақайта оралып, футболшы ретіндегі карьерасын осы жерде аяқтайды. 2003-2007 жылдар аралығында 85 ойын өткізіп, 23 голдың авторы атанады.

Нүркен – ел футболындағы 100 голдан артық доп соққан ойыншылар тізімінде алдыңғы лекте. Марқұм, талантты шабуылшы Олег Литвиненкодан кейінгі екінші орынды иемденіп тұр. Мазбаев – 362 ойында 138 гол соққан сұрмерген.

Қазіргі қазақ футболында мерген шабуылшылардың жетіспей тұрғаны кімді болсын қынжылтатыны анық. Нүркен, Нұрбол, Мұрат секілді бесаспап шауылшыға зәруміз десек те болатын шығар... 

Нүркен өзінің бір сұхбатында «қазіргі шабуылшылардың ішінен Ерзат Кенбаевтан үлкен үміт күтемін» деген болатын. Алайда...

Ұлттық құрамада

1995—2000 жылдар аралығында ұлттық құрама сапында 13 кездесу өткізіп, 2 гол соққан. Нүркен ұлттық құрамада ойнап жүрген кездері Қазақстан Азия футболы конфедерациясының мүшесі болатын.

Кейіннен Қазақстан УЕФА-ға өткенде ұлттық құрама сапында ойнау бақыты Нүркенге бұйырмады. Нүркеннің ұлттық құрамамен ерте қоштасуына жарақаты себеп болған. Еліміздің ұлттық құрамсы сапында ол Серік Бердалин, Сергей Гороховодацкий, Ваит Талгаев сияқты бапкерлерден тәлім алды.

Бапкерлік қызметте

Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, «Тараз» клубының спорттық директоры болып тағайындалды. 2008-2009 жылы Бірінші лигадағы ОСШИОСД командасын жаттықтырды.

Кейіннен Қазақтанның жасөспірімдер арасындағы құрамасы бапкерінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 2010 жылы «Тараз» клубының бас бапкерінің көмекшісі болып жұмыс істеді.

Тарихи дерек

2003 жылғы 2 маусым күні «Тобылдың» Еуродолардағы алғашқы голын соқты.

Командалық жетістіктері

Қазақстан чемпионы: 1996, 2000 ж.

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995, 1997 ж.

Қазақстан кубогының иегері: 2000 ж

 

Клубтық карьерасы

1992-1997 жылдар: «Тараз» – 159 ойын (59 гол)

1998-1999 жылдар: «Қайсар» – 33 (25)

1999 жыл: «Синтез» – 14 (4)

2000 жыл: «Жеңіс» – 27 (9)

2001 жыл: «Достық» – 14 (4)

2001-2003 жылдар: «Тобыл» – 44 (14)

2003-2007 жылдар: «Тараз» – 85 (23)

Барлығы: 1992-2007 жылдар – 362 ойын (138 гол)

Ұлттық құрамада

1995-2000 жылдар – 13 ойын (2 гол)

Сөз соңында айтарымыз, Нүркен жас футболшыларға үлгі тұтуға тұрарлықойыншы. Біздегі мақсатымыз – ел футболының 100 жылдық торқалы тойында осындай ойыншыларымызды жайлы қалам тартып, олардың жасыл алаңдағыөмірлерін жіпке тізіп, жас жеткіншектердің футболға деген махаббатын ояту.

Бек Төлеуов, «Sport» газеті

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға