Жаңалықтар

Қытайдың 1-ші дәрежелі әншісі қазақтың «Сарыжайлауын» қазақ тілінде орындап шыққан (ВИДЕ

Қытай Халық Республикасында елдің 1-ші дәрежелі әншісі Уаң Құңүй қазақтың «Сарыжайлауын» қазақ тілінде орындап шыққан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Отан, туған жер» деген қасиетті ұғымдарға ең мөлдір жырларын арнаған ақындардың арасынан алдыңғылардың бірі болып Мұқағали Мақатаевты еске алсақ, қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туындылары қазақ жерін әрдайым тербетіп тұратыны анық. Осы екі таланттың жүректерінен шыққан «Сарыжайлау» атты әнді Нұрғали Нүсіпжанов әлі күнге дейін «аманаттай» сақтап, айтып жүр. «Сарыжайлау» әні - қазақтың бейресми әнұраны десек те жарасатын сияқты. Ал бірнеше күн бұрын «Ютуб» әлеуметтік желісіне осы «Сарыжайлау» әнінің Уаң Құңүй есімді қытай әншісінің орындауындағы нұсқасы жарияланыпты. Ол әнді жаттанды түрде бастан-аяқ қазақша орындап шыққан. Видеоның соңында «Уаң Құңүй, ұлты қытай, Қытай коммунистік партиясының мүшесі, орталық ән-би үйірмесінің 7-ші дәрежелі жоғары дауысты әншісі, мемлекеттік 1-ші дәрежелі әнші. Шынжанның Буратал-Моңғұл обылысы Арасан ауданында дүниеге келген, Бейжің қаласында тұрады» деген анықтама беріліпті. Lite.BNews.kz  
23.04.2013 10:50 3622

Қытай Халық Республикасында елдің 1-ші дәрежелі әншісі Уаң Құңүй қазақтың «Сарыжайлауын» қазақ тілінде орындап шыққан, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.


«Отан, туған жер» деген қасиетті ұғымдарға ең мөлдір жырларын арнаған ақындардың арасынан алдыңғылардың бірі болып Мұқағали Мақатаевты еске алсақ, қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туындылары қазақ жерін әрдайым тербетіп тұратыны анық. Осы екі таланттың жүректерінен шыққан «Сарыжайлау» атты әнді Нұрғали Нүсіпжанов әлі күнге дейін «аманаттай» сақтап, айтып жүр. «Сарыжайлау» әні - қазақтың бейресми әнұраны десек те жарасатын сияқты.

Ал бірнеше күн бұрын «Ютуб» әлеуметтік желісіне осы «Сарыжайлау» әнінің Уаң Құңүй есімді қытай әншісінің орындауындағы нұсқасы жарияланыпты. Ол әнді жаттанды түрде бастан-аяқ қазақша орындап шыққан. Видеоның соңында «Уаң Құңүй, ұлты қытай, Қытай коммунистік партиясының мүшесі, орталық ән-би үйірмесінің 7-ші дәрежелі жоғары дауысты әншісі, мемлекеттік 1-ші дәрежелі әнші. Шынжанның Буратал-Моңғұл обылысы Арасан ауданында дүниеге келген, Бейжің қаласында тұрады» деген анықтама беріліпті.


Lite.BNews.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға