Жаңалықтар

Фолькнер мен Маркестiң көлеңкесiнде

Мо Янь 1955 жылы қытайдың Шандоң өлкесiнiң Гауми ауданында дүниеге келген. Қытайда «Мәдениет төңкерiсi» жүрiп жатқандықтан ол бастауыш мектептен кейiн оқудан шығып қалады. 1976 жылы әскер қатарына шақырылып, 1997 жылы ғана босаған. 1981 жылдан бастап шығармалар жариялай бастайды. «Мо Янь» оның бүркен- шiк аты. Өз аты — Гуан Моие. «Мо Янь» деген қытай тiлiнде «тiл қатқаным жоқ» дегендi бiлдiредi. Жазушы Швед әдебиет академиясы айрықша атаған «Қызыл арпа» повесiн 1985 жылы жариялаған. Шығарма өткен ғасырдың 30-жылдарындағы тарихи оқиғаларды өзек ете отырып, патшалық жойылғаннан (1912 жылы қытайда шүршiттер құрған Чин патшалығы құлады) кейiнгi қытай қоға мы туралы баяндайды. Iшкi соғыс, жапондардың басып кiруi, жаңа таным мен ескiлiктiң тартысы, адам тағдырының тәлкегi шығармаға өзек болған. Повестiң көзге бiрден түсетiн ерекшелiгi – жазушының оқиғаны баяндау мәнерi латынамерикалық жазушы Г.Маркестiң қаламынан туған шығармалардың сарынын елестетедi. Жазушы кейiн аталған повестiң тақырыбында бiрнеше шығарма жариялап, оларды тұтас күйiнде «роман» деп атаған. Содан бастап 2011 жылы жарық көрген «Балақай» шығармасына дейiн жазушы қаламынан 11 роман, жүзге тарта повесть пен әңгiмелер туды. Бұл шығармалардың бәрi дерлiк жазушының туған топырағы мен өскен ортасынан ойып алған оймақтай мекенге табан тiрейдi. Бұл жағынан оның АҚШ жазушысы У.Фолкнерден үлгi алғаны көрiнiп тұр. Жазушының өзi шығармашылығында У.Фолькнердiң жан-жақты әсерiне ұшырағанын жасырған емес. 1987 жылы «Қызыл арпа» повесi бойынша қытай режиссерi Жаң Имоу түсiрген кинофильм сол жылы Берлин кинофестивалiнiң «Алтын аю» гран-приiн жеңiп алды. Жазушының бұдан тыс та бiрнеше шығармасына кино түсiрiлген. Мо Янь қазiр Қытай жазушылар одағы төрағасының орынбасары. Мо Янь — қытайдың 1980 жылдан кейiн әдебиет майданына келген жас буынының өкiлi саналады. Қытайда солақай саясат түзелiп, ел етек-жеңiн жиып, қалыпты тұрмысқа көше бастаған тұста қытай әдебиетiне бiр буын жас жазушылар келген. Олар қызыл үкiмет құрылған жылдарда туылды, мектеп жасында «Мәдениет төңкерiсiнiң» дауылына жолықты. Көбi күн дидарлы көсемнiң талабы бойынша ауылдарға айдалып, оқудың орнына қара жұмысқа жегiлдi. Олар қытайдың дәстүрлi классикалық шығармалары – «Үш патшалық хикаясы», «Су бойында», «Қызыл сарайдағы түс», т.б. романдарын оқып және соларды ертегi ретiнде тыңдап өстi. Қолдарына қалам ұстап, әдебиетке келген тұсында жаңадан аударылып, алдарынан шыққан У.Фолькнер, В.Уоллф, Т.Элиот, Т.Манн, Э.Хемингуэй, Д.Стэйн, Г.Грасс, И.Калвино, С.Беккет, Г.Маркес, т.б. шет елдiң модернист жазушыларының шығармаларымен ұшырасты. Бүгiнде қытай әдебиетiнiң басты прозаиктерi саналатын Ма Иуан, Жа Пiңуа, Уаң Зыңщи, Жаң Тешiңдердiң қатарында сол тұста Мо Яньның да есiмi аталатын. Арада 20 жыл өткенде сол топтан екi жазушы қара үзiп шықты. Оның бiрi – Мо Яань болса, ендi бiрi – Жа Пiңуа едi. Осынау жылдарда қытай әдебиетi бiрнеше мәрте Нобель сыйлығына қол созып көрген. Өткен ғасырда Швед әдебиет академиясы екi мәрте қытай әдебиетiне сыйлық беру туралы ойланған деседi. Сол тұста олар қытайдың өткен ғасырдың 30-жылдарында әдебиетке келген жазушыларын басты назарда ұстаған. Алайда, басты үмiткер саналатын Лау Шы (1899ж — 1996ж) 1967 жылы саяси дүрбелең кесiрiнен өзiне қол жұмсап тынса, одан кейiнгi Шын Соңуын (1902ж — 1988ж) 1988 жылы өмiрден озды. Осылайша, ағылшын және қытай тiлiн еркiн меңгерген ұрпаққа Нобель сыйлығын берудiң мүмкiндiгi қалмайды.
22.04.2013 05:15 4094

Мо Янь 1955 жылы қытайдың Шандоң өлкесiнiң Гауми ауданында дүниеге келген. Қытайда «Мәдениет төңкерiсi» жүрiп жатқандықтан ол бастауыш мектептен кейiн оқудан шығып қалады. 1976 жылы әскер қатарына шақырылып, 1997 жылы ғана босаған. 1981 жылдан бастап шығармалар жариялай бастайды. «Мо Янь» оның бүркен- шiк аты. Өз аты — Гуан Моие. «Мо Янь» деген қытай тiлiнде «тiл қатқаным жоқ» дегендi бiлдiредi. Жазушы Швед әдебиет академиясы айрықша атаған «Қызыл арпа» повесiн 1985 жылы жариялаған. Шығарма өткен ғасырдың 30-жылдарындағы тарихи оқиғаларды өзек ете отырып, патшалық жойылғаннан (1912 жылы қытайда шүршiттер құрған Чин патшалығы құлады) кейiнгi қытай қоға мы туралы баяндайды. Iшкi соғыс, жапондардың басып кiруi, жаңа таным мен ескiлiктiң тартысы, адам тағдырының тәлкегi шығармаға өзек болған. Повестiң көзге бiрден түсетiн ерекшелiгi – жазушының оқиғаны баяндау мәнерi латынамерикалық жазушы Г.Маркестiң қаламынан туған шығармалардың сарынын елестетедi. Жазушы кейiн аталған повестiң тақырыбында бiрнеше шығарма жариялап, оларды тұтас күйiнде «роман» деп атаған. Содан бастап 2011 жылы жарық көрген «Балақай» шығармасына дейiн жазушы қаламынан 11 роман, жүзге тарта повесть пен әңгiмелер туды. Бұл шығармалардың бәрi дерлiк жазушының туған топырағы мен өскен ортасынан ойып алған оймақтай мекенге табан тiрейдi. Бұл жағынан оның АҚШ жазушысы У.Фолкнерден үлгi алғаны көрiнiп тұр. Жазушының өзi шығармашылығында У.Фолькнердiң жан-жақты әсерiне ұшырағанын жасырған емес. 1987 жылы «Қызыл арпа» повесi бойынша қытай режиссерi Жаң Имоу түсiрген кинофильм сол жылы Берлин кинофестивалiнiң «Алтын аю» гран-приiн жеңiп алды. Жазушының бұдан тыс та бiрнеше шығармасына кино түсiрiлген. Мо Янь қазiр Қытай жазушылар одағы төрағасының орынбасары.

Мо Янь — қытайдың 1980 жылдан кейiн әдебиет майданына келген жас буынының өкiлi саналады. Қытайда солақай саясат түзелiп, ел етек-жеңiн жиып, қалыпты тұрмысқа көше бастаған тұста қытай әдебиетiне бiр буын жас жазушылар келген. Олар қызыл үкiмет құрылған жылдарда туылды, мектеп жасында «Мәдениет төңкерiсiнiң» дауылына жолықты. Көбi күн дидарлы көсемнiң талабы бойынша ауылдарға айдалып, оқудың орнына қара жұмысқа жегiлдi. Олар қытайдың дәстүрлi классикалық шығармалары – «Үш патшалық хикаясы», «Су бойында», «Қызыл сарайдағы түс», т.б. романдарын оқып және соларды ертегi ретiнде тыңдап өстi. Қолдарына қалам ұстап, әдебиетке келген тұсында жаңадан аударылып, алдарынан шыққан У.Фолькнер, В.Уоллф, Т.Элиот, Т.Манн, Э.Хемингуэй, Д.Стэйн, Г.Грасс, И.Калвино, С.Беккет, Г.Маркес, т.б. шет елдiң модернист жазушыларының шығармаларымен ұшырасты. Бүгiнде қытай әдебиетiнiң басты прозаиктерi саналатын Ма Иуан, Жа Пiңуа, Уаң Зыңщи, Жаң Тешiңдердiң қатарында сол тұста Мо Яньның да есiмi аталатын. Арада 20 жыл өткенде сол топтан екi жазушы қара үзiп шықты. Оның бiрi – Мо Яань болса, ендi бiрi – Жа Пiңуа едi. Осынау жылдарда қытай әдебиетi бiрнеше мәрте Нобель сыйлығына қол созып көрген. Өткен ғасырда Швед әдебиет академиясы екi мәрте қытай әдебиетiне сыйлық беру туралы ойланған деседi. Сол тұста олар қытайдың өткен ғасырдың 30-жылдарында әдебиетке келген жазушыларын басты назарда ұстаған. Алайда, басты үмiткер саналатын Лау Шы (1899ж — 1996ж) 1967 жылы саяси дүрбелең кесiрiнен өзiне қол жұмсап тынса, одан кейiнгi Шын Соңуын (1902ж — 1988ж) 1988 жылы өмiрден озды. Осылайша, ағылшын және қытай тiлiн еркiн меңгерген ұрпаққа Нобель сыйлығын берудiң мүмкiндiгi қалмайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға