Жаңалықтар

Жақсының шарапаты

Жұрт қайсысының аты бәйгеден келер екен деп айрықша назар аударған азиялық екi жазушының басын қосатын тағы бiр түйiн бар. Жаздан бастап Жапония мен Қытай Тынық мұхиттың солтүстiгiндегi аралға таласып жатыр. Екi елдiң халқы да «арал бiздiкi!» деуден бiр танбай келедi. Бұл таластың ақыры екi мемлекеттiң арасында қарулы қақтығысқа дейiн баруы мүмкiн дегендi бүгiнде саясаттанушылар жиi айтуда. Дәл осындай жағдайда қай елдiң жазушысы Нобель сыйлығының иегерi атанса, сол елдiң десi басым түсiп, халықаралық дәрежеде беделi бiр көтерiлiп қалатыны анық. Соңғы кезде «Швеция әдебиет академиясы қақтығысып жатқан екi елдiң бiрiнiң жазушысына сыйлық бере қоймас. Себебi, олай iстеу екiншi елдi ырықсыз жағдайға қалдырады» деген де ой айтылды. Алайда, Швеция әдебиет академиясы соңғы таңдауы арқылы мәселенiң екiншi бiр қырын да ашқан сыңайлы. Ол 1994 жылғы Нобель сыйлығының иегерi — жапон жазушысы Ое Кендзабуроға (Oe Kenzaburo) қатысты. Жапонияның екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн әдебиет майданына келген жазушысы ретiнде Ое Кендзабуро туған елiнiң империялық шапқыншылық соғыс қозғап, Азия халықтарына қырғын әкелген тарихты батыл сынауымен танылған қаламгер. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс тұсында жапондардан көп таяқ жесе де Жапон үкiметiн әлi де сол қырғынға толық кешiрiм сұрата алмай отырған қытайлар Ое Кендзабуроны тиiстi әдiлдiктi айтқан жапондық ретiнде өте жоғары бағалайды. Мұндай рухани жақындастық өз кезегiнде қытай әдебиетшi қауымы мен Ое Кендзабуро арасына берiк көпiр қалыптастырды. Жапон жазушысының барлық шығармалары қытай тiлiнде жарық көрген. Қытай жазушыларымен, әсiресе Мо Яньмен тығыз жеке қарым-қатынас бар. Жапон жазушысы бiрнеше мәрте қытай жазушысының шаңырағында болды. Мо Яньның Мигау ауданындағы шығармашылық үйiнiң кiреберiсiне бүгiнде Ое Кендзабуроның қытай жазуымен жазған «Мо Янь мырза – кәсiптес ретiнде ол ең мықты қарсылас, әйтсе де досым болып қала бередi» деген арнау сөзi iлулi тұр. Азияда Нобель сыйлығының санаулы иегерiнiң бiрi ретiнде жазушы қытай әдебиетiн Еуропа елдерiнде насихаттауда белсендi рөл ойнап келедi. Ое Кендзабуро өткен 15 жылда бiр емес, бiрнеше мәрте «Мо Янь шығармалары Нобель сыйлығына лайық» деп ашық мәлiмдеме жасаған болатын. Қалыптасқан дәстүрге сай Нобель сыйлығына үмiткерлердi негiзiнен әр елдiң әдебиет академиялары, қоғамдық әдеби ұйымдар мен бұрын Нобель сыйлығын алған жазушылар ұсына алады. Сондай-ақ, бұрынғы сыйлық иегерлерiнiң өтiнiшi көп жағдайда басты назарда ұсталады. Осы талапқа сай, Ое Кендзабуро 2006 жылдан бастап өзiне тиiстi өкiлеттiк бойынша Мо Яньды ресми түрде Нобель сыйлығына ұсына бастаған. Арада бiрнеше жыл өткенде бұл ұмтылыс өз жемiсiн бердi. Швеция әдебиет акедемиясы Харуки Муракамидi емес, Мо Яньды таңдады. Бiр сөзбен айтқанда, жауласуға дайын тұрған екi елдiң бiрiнiң жазушысы екiншi ел жазушысының Нобель сыйлығын алуына кең жол ашып бердi. Бiреулердiң «осы реткi сыйлық әдебиетке емес, бейбiтшiлiк саласына берiлген сыйлық болды» деген сөзiнiң төркiнi де осында жатыр.  
22.04.2013 05:14 3146

Жұрт қайсысының аты бәйгеден келер екен деп айрықша назар аударған азиялық екi жазушының басын қосатын тағы бiр түйiн бар. Жаздан бастап Жапония мен Қытай Тынық мұхиттың солтүстiгiндегi аралға таласып жатыр. Екi елдiң халқы да «арал бiздiкi!» деуден бiр танбай келедi. Бұл таластың ақыры екi мемлекеттiң арасында қарулы қақтығысқа дейiн баруы мүмкiн дегендi бүгiнде саясаттанушылар жиi айтуда. Дәл осындай жағдайда қай елдiң жазушысы Нобель сыйлығының иегерi атанса, сол елдiң десi басым түсiп, халықаралық дәрежеде беделi бiр көтерiлiп қалатыны анық. Соңғы кезде «Швеция әдебиет академиясы қақтығысып жатқан екi елдiң бiрiнiң жазушысына сыйлық бере қоймас. Себебi, олай iстеу екiншi елдi ырықсыз жағдайға қалдырады» деген де ой айтылды. Алайда, Швеция әдебиет академиясы соңғы таңдауы арқылы мәселенiң екiншi бiр қырын да ашқан сыңайлы. Ол 1994 жылғы Нобель сыйлығының иегерi — жапон жазушысы Ое Кендзабуроға (Oe Kenzaburo) қатысты. Жапонияның екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн әдебиет майданына келген жазушысы ретiнде Ое Кендзабуро туған елiнiң империялық шапқыншылық соғыс қозғап, Азия халықтарына қырғын әкелген тарихты батыл сынауымен танылған қаламгер. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс тұсында жапондардан көп таяқ жесе де Жапон үкiметiн әлi де сол қырғынға толық кешiрiм сұрата алмай отырған қытайлар Ое Кендзабуроны тиiстi әдiлдiктi айтқан жапондық ретiнде өте жоғары бағалайды. Мұндай рухани жақындастық өз кезегiнде қытай әдебиетшi қауымы мен Ое Кендзабуро арасына берiк көпiр қалыптастырды. Жапон жазушысының барлық шығармалары қытай тiлiнде жарық көрген. Қытай жазушыларымен, әсiресе Мо Яньмен тығыз жеке қарым-қатынас бар. Жапон жазушысы бiрнеше мәрте қытай жазушысының шаңырағында болды. Мо Яньның Мигау ауданындағы шығармашылық үйiнiң кiреберiсiне бүгiнде Ое Кендзабуроның қытай жазуымен жазған «Мо Янь мырза – кәсiптес ретiнде ол ең мықты қарсылас, әйтсе де досым болып қала бередi» деген арнау сөзi iлулi тұр. Азияда Нобель сыйлығының санаулы иегерiнiң бiрi ретiнде жазушы қытай әдебиетiн Еуропа елдерiнде насихаттауда белсендi рөл ойнап келедi. Ое Кендзабуро өткен 15 жылда бiр емес, бiрнеше мәрте «Мо Янь шығармалары Нобель сыйлығына лайық» деп ашық мәлiмдеме жасаған болатын.

Қалыптасқан дәстүрге сай Нобель сыйлығына үмiткерлердi негiзiнен әр елдiң әдебиет академиялары, қоғамдық әдеби ұйымдар мен бұрын Нобель сыйлығын алған жазушылар ұсына алады. Сондай-ақ, бұрынғы сыйлық иегерлерiнiң өтiнiшi көп жағдайда басты назарда ұсталады. Осы талапқа сай, Ое Кендзабуро 2006 жылдан бастап өзiне тиiстi өкiлеттiк бойынша Мо Яньды ресми түрде Нобель сыйлығына ұсына бастаған. Арада бiрнеше жыл өткенде бұл ұмтылыс өз жемiсiн бердi. Швеция әдебиет акедемиясы Харуки Муракамидi емес, Мо Яньды таңдады. Бiр сөзбен айтқанда, жауласуға дайын тұрған екi елдiң бiрiнiң жазушысы екiншi ел жазушысының Нобель сыйлығын алуына кең жол ашып бердi. Бiреулердiң «осы реткi сыйлық әдебиетке емес, бейбiтшiлiк саласына берiлген сыйлық болды» деген сөзiнiң төркiнi де осында жатыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға