Жаңалықтар

Шағын бизнес

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экон. байланыстардың негізгі бөлігі Ш. б-тің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғ-дың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Ш. б-тің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлер табы — нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экон. қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеум. атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеум. шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Ш. б-ті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экон. базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы — жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеум.-экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі — Ш. б-ті дамыту. Осыған орай ҚР Президетінің арнаулы Жарлығымен (31.12. 1998) “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасы” бекітілді. Бағдарламаның мақсаты — шағын кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамыту, оның экономиканың басым секторларындағы үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын, бәсекелі ортаны жасау, қоғамның орта табының негізі ретіндегі меншік иелерінің бұқаралық жігін қалыптастыру. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық-несиелік және инвестиц. қолдау көрсету бағдарламаның негізгі шараларының бірі болып табылады. 2000 ж. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиенің жалпы сомасы 86,1%-ға көбейіп, 74,2 млрд. теңгені құрады. Соңғы 7 жылда республикада Ш. б. кәсіпорындарының саны 2 еседен астамға көбейді. Бұл орайда қызметтің мына түрлерінде шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны жоғары болып отыр: “құрылыс” 3 есе, “сауда, автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды, жеке тұтыну заттарын жөндеу”, “кен қазу өнеркәсібі” 2,3 есе, “көлік пен байланыс” 2,2 есе. Ш. б. кәсіпорындары санының жедел қарқынмен өсуі жалпы алғанда өнеркәсіпте (174,8%), балық аулау мен балық өсіруде (181,9%), мейманхана және мейрамхана бизнесінде (168,9%), білім беруде (182,2%), денсаулық сақтауда және әлеум. қызметтер көрсетуде (180,2%) байқалып отыр. 2001 — 05 ж. Ш. б. кәсіпорындары шығарған өнім көлемі ағымдағы бағамен есептегенде 3,4 есе көбейді. Аймақтық тұрғыда өнім шығару көлемінің жартысына жуығы дерлік Алматы мен Астана қалаларының үлесіне тиеді: 47,1%. Астана қ-ның үлесі соңғы 5 жылда 9%-дан 15,8%-ға дейін көбейді. Мұндай өсім Атырау (4,3%-дан 7,2%-ға), Қызылорда (3,1%-дан 4,0%-ға) облыстарында да байқалды. 2000 — 06 ж. Ш. б. кәсіпорындарында істейтін жұмыскерлердің саны 1,5 еседей көбейіп, 538,7 мың адамға жетті. 2000 — 04 ж. олардағы жұмыскерлердің жалақысы 2,1 есе көбейіп, 16662 теңге болды. 2004 ж. ең жоғары жалақы кен қазу өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындарда байқалды: 60604 теңге, сондай-ақ құрылыста 32025 теңге; қ. Шағын кәсіпорын. С. Тоқсанбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:08 4322

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экон. байланыстардың негізгі бөлігі Ш. б-тің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғ-дың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Ш. б-тің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлер табы — нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экон. қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеум. атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеум. шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Ш. б-ті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экон. базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы — жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеум.-экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі — Ш. б-ті дамыту. Осыған орай ҚР Президетінің арнаулы Жарлығымен (31.12. 1998) “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 1999 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасы” бекітілді. Бағдарламаның мақсаты — шағын кәсіпкерлікті тұрақты түрде дамыту, оның экономиканың басым секторларындағы үлесін ұлғайту, жұмыс орындарын, бәсекелі ортаны жасау, қоғамның орта табының негізі ретіндегі меншік иелерінің бұқаралық жігін қалыптастыру. Шағын кәсіпкерлікке қаржылық-несиелік және инвестиц. қолдау көрсету бағдарламаның негізгі шараларының бірі болып табылады. 2000 ж. шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген несиенің жалпы сомасы 86,1%-ға көбейіп, 74,2 млрд. теңгені құрады. Соңғы 7 жылда республикада Ш. б. кәсіпорындарының саны 2 еседен астамға көбейді. Бұл орайда қызметтің мына түрлерінде шағын кәсіпкерліктің өсу қарқыны жоғары болып отыр: “құрылыс” 3 есе, “сауда, автомобиль, тұрмыстық бұйымдарды, жеке тұтыну заттарын жөндеу”, “кен қазу өнеркәсібі” 2,3 есе, “көлік пен байланыс” 2,2 есе. Ш. б. кәсіпорындары санының жедел қарқынмен өсуі жалпы алғанда өнеркәсіпте (174,8%), балық аулау мен балық өсіруде (181,9%), мейманхана және мейрамхана бизнесінде (168,9%), білім беруде (182,2%), денсаулық сақтауда және әлеум. қызметтер көрсетуде (180,2%) байқалып отыр. 2001 — 05 ж. Ш. б. кәсіпорындары шығарған өнім көлемі ағымдағы бағамен есептегенде 3,4 есе көбейді. Аймақтық тұрғыда өнім шығару көлемінің жартысына жуығы дерлік Алматы мен Астана қалаларының үлесіне тиеді: 47,1%. Астана қ-ның үлесі соңғы 5 жылда 9%-дан 15,8%-ға дейін көбейді. Мұндай өсім Атырау (4,3%-дан 7,2%-ға), Қызылорда (3,1%-дан 4,0%-ға) облыстарында да байқалды. 2000 — 06 ж. Ш. б. кәсіпорындарында істейтін жұмыскерлердің саны 1,5 еседей көбейіп, 538,7 мың адамға жетті. 2000 — 04 ж. олардағы жұмыскерлердің жалақысы 2,1 есе көбейіп, 16662 теңге болды. 2004 ж. ең жоғары жалақы кен қазу өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындарда байқалды: 60604 теңге, сондай-ақ құрылыста 32025 теңге; қ. Шағын кәсіпорын.

С. Тоқсанбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға