Станислав Каминский
Станислав «Қайраттың» сапында жоғары лигада ең көп ойын өткізген ойыншылардың қатарында. Каминскийдің алдын тек Владимир Никитенко орайды. Ал жалпы «Қайраттың» сапында барлығы 318 ойын, оның 243-ін жоғары лигаға тиесілі.
Кешегі «Қайраттың» қорғанысын тасқамал еткен, 1960 жылдарда- ғы еліміздің ең үздік қорғаушыларының бірі – Станислав Францевич Каминский.
Станислав Каминский – 1938 жылдың 17 тамызында Алтай аймағында дүниеге келген. Ала допқа әуестігі өзге балалар сияқты құрдастарымен аулада доп қуалаудан бастаған. Кейіннен футболға шындап ден қойып кәсбіи түрде айналыса бастайды.
Ол1958 жылы Алтай аймағының әкімшілік орталығы Барнауылда жергілікті «Урожай» командасына қабылданады. Шабуылшы болып ойнауды армандағанымен команданың бас бапкері Василий Сергеевич Фомичев қорғаушы болғанын қалайды. Осылайша бапкердің шешімімен қорғаушы болып өнер көрсетеді. Кейіннен «Қайрат» командасынан шақырту алып, Алматыға келеді.Станислав «Қайраттың» сапында жоғары лигада ең көп ойын өткізген ойыншылардың қатарында. Каминскийдің алдын тек Владимир Никитенко орайды. Ал жалпы «Қайраттың» сапында барлығы 318 ойын, оның 243-і жоғары лигаға тиесілі.
«Қайраттың» сапында 10 жылға жуық жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 1969 жылы ойыншы ретіндегі карьерасын аяқтайды. Бутсысын шеегеге ілгенімен, бірақ, футболдан алшақтамайды. Өзін бапкерлікте қырынан да сынауды жөн көрді. Алғаш 1969-1970 жылы «Лениногорец» командасын жаттықтырудан бастайды. Кейіннен Ташкенттің «Тракторын»,Семейдің «Спартагын», сондай-ақ «Динамо» (Барнауыл) командасында директор болып, кейіннен 1973-1975 жылдары бас бапкері болып қызметтер атқарады.Араға жеті жыл салып 1976 жылы «Қайратқа» қайта оралады. Міне осы кезде Сегізбаев/ Каминский тандемі өз жемісін берді. Екі бапкердің бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде «Қайрат» жоғары нәтиже көрсетеді. Каминский жаттықтырған кезде «Қайрат» өз тарихында бірінші рет жоғары лигада жетінші орынға тұрақтайды. Оған дейін «Қайрат» мұндай көрсеткішке қол жеткізіп көрмеген болатын. Бұл да бір әрине клуб тарихындағы өзінше рекорд. Осы еңбегін басшылар бағалап, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген бапкері атағы береді. 1978 жылы «Қайраттан» кеткеннен соң да бапкерлік жұмысын әріқарай жалғастырады. 1978-2001 жылдар аралығында мына командаларда қызмет атқарды:
1981-1982 жж. «Болат» (Теміртау)
1982-1984 жж. «Спартак» (Семей )
1984ж. «Жетысу» (Талдықорған)
1985-1987жж. Динамо (Барнаул)
1988ж. «Пахтакор» (Ташкент)
1989-1990 жж. «Қайрат»
1991ж «Нурафшон» (Бұхара)
1992ж. «Жігер» (Шымкент)
1992ж. Шахтёр (Қарағанды)
1993-1994жж.«Динамо» (Барнаул)
1996 ж. «Мұнайшы» (Атырау)
1997-1998жж.«Нурафшон» (Бұхара)
1999 ж. «Зарафшан»
Кейіннен туған жері Барнауылда «Динамо» клубында кеңесші болып, өмірінің соңғы күндеріне дейін қызмет атқарды. Көп жылғы ауруы ақыры асқынып, «Қайраттың» сапында жүргенде жанкүйерлерге тартымды әрі қызықты ойын үлгісін көрсеткен аңыз ойыншыларымыздың бірі–Станислав Францевич Каминский 2005 жылдың 13 қаңтарында дүниеден өтті.
Дереккөзі: Бек Төлеуов, Sport.