Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді, деп хабарлайды Парламент аппаратының баспасөз қызметі. Отырыста бірнеше маңызды заң жобасы талқыланбақшы.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының жобасы (бірінші оқылым) жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов баяндама жасамақшы. Отырысқа қосымша баяндамашы ретінде қаржы және бюджет жөніндегі комитет мүшесі Нұртай Сабилянов қатыспақшы.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Сүлейменұлы Әйімбетов баяндама жасамақшы. Заң шығару органында бұдан басқа да бірқатар құжаттар қаралатын болады.
Бүгін Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы өтеді
Оқи отырыңыз
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?