Жаңалықтар

Алғашқы арман

  Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары. Осы бір алтын ғасырдай қыдырлы кезең қазақ топырағына қайта айналып соқса деп арман етесің. Апайтөс Әбдісаландар ринг шар­шы алаңында мына бостан за­манымызға жарасты өрлікпен ой­қас­тап, боз кілемнің үстінде түйе балуан Әбілсейіттеріміз еркін ел­дің ерлерінше оқсата белдесіп, құс­тай ұшқан желаяқ Ғұсман мен Әмин­деріміз жарыс жолында ақ­қан жұлдыздай жарқырап, ғажа­йып волейболшыларымыз Заңғар, Октябрь, Жәнібектер керме тордың үстіне белден көтеріле қақырата соққан доптарының шатыр-шұ­ты­ры жер жаңғырықтырып, қазақ спортының даңқын дүйім дүниеге жаңа жетістіктермен күн аралатпай жайып жатса… деп бір сәт қиял­дағанның несі айып. Әдебиетімізге жарқылдап жас Олжастар, Мұқа­ға­лилар, Мұхтар мен Әбіштер келсе… Осы аталған және аталмаған ардақты есімдер қатарына қазақ футболының аңызы, Қазақстан фут­болының тұтас бір дәуірін жасаған, бір кездегі советтік футбол алама­нындағы атақты сайып­қыран Тимур Сегізбаевты қоссақ, әсіресе спорт пен әдебиеттегі алтын ғасырымызды қайта оралту орайындағы бейкүнә арманымызға бола бізді ешкім асыра сөкпес деп үміттенеміз. Ал, осы қазақ футболының аңы­зы Сегізбаев сұрапыл соғыс бас­талардан бес апта бұрын сегіз баланың ішінде ұлдардың үлкені болып Семейде дүниеге келгенін қазір біреу білер, біреу білмес. Әкесі Санжар сол кездегі Қырғыз автономиялы республикасы Жоғар­ғы сотын басқарған білікті заңгер, адал азамат. Соған қарамастан, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшы­рап, түр­меге қамалып, кейінірек ақ­талған. Осыдан-ақ Тимурдың ба­ла­лық ша­ғы­ның аспаны бұлтсыз болма­ға­нын, тұрмыс қиындық­та­ры­мен қа­р­шадайынан-ақ бетпе-бет келгенін, әлдебір бюрократтың бәл­денген бұ­ла еркесі болып өспегенін аңға­р­ған­даймыз. Футболдың болашақ жұл­ды­зының буыны қатып, бұғанасы бекіген жері Есік болса, есейіп ержетуге бет алған шақта отбасы отағасының қызмет бабымен Ал­ма­тыға қоныс аударады. Сегізбаевтар тұрған үйдің ту сыртында – физкультура институты. Қол созым жерде 28 гвардияшы-панфилов­шы­лар саябағы. Сол кезде бұл сая­бақ­тың ішінде неше түрлі спорт алаң­дары болады екен. Бір жағында баскетбол, бір жағында волейбол, одан әрі теннис алаңы. Осы ара­дағы ойындарды елмен бірге есті бала да құмарта тамашалайды. Бо­йы 2 метр 33 сантиметр феномен баскетболшы Уәйіс Ақтаевты, ба­бын­дағы волейболшы Октябрь Жа­рыл­ғаповты, жас жүрегіне от тас­та­ған басқа да майталман спорт­шы­ларды алғаш осында көреді. Сөй­тіп, кейін елдің волейбол құра­масының белді ойыншысы болған Жәнібек Сауранбаевпен бірге алаң­нан қияс кеткен допты заулай жү­гіріп әкеліп беретін Тимурдың кеудесіне спортшы болсам деген асыл арман ұя салады. Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»
12.04.2013 06:28 2802

 

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары. Осы бір алтын ғасырдай қыдырлы кезең қазақ топырағына қайта айналып соқса деп арман етесің.

Апайтөс Әбдісаландар ринг шар­шы алаңында мына бостан за­манымызға жарасты өрлікпен ой­қас­тап, боз кілемнің үстінде түйе балуан Әбілсейіттеріміз еркін ел­дің ерлерінше оқсата белдесіп, құс­тай ұшқан желаяқ Ғұсман мен Әмин­деріміз жарыс жолында ақ­қан жұлдыздай жарқырап, ғажа­йып волейболшыларымыз Заңғар, Октябрь, Жәнібектер керме тордың үстіне белден көтеріле қақырата соққан доптарының шатыр-шұ­ты­ры жер жаңғырықтырып, қазақ спортының даңқын дүйім дүниеге жаңа жетістіктермен күн аралатпай жайып жатса… деп бір сәт қиял­дағанның несі айып. Әдебиетімізге жарқылдап жас Олжастар, Мұқа­ға­лилар, Мұхтар мен Әбіштер келсе…

Осы аталған және аталмаған ардақты есімдер қатарына қазақ футболының аңызы, Қазақстан фут­болының тұтас бір дәуірін жасаған, бір кездегі советтік футбол алама­нындағы атақты сайып­қыран Тимур Сегізбаевты қоссақ, әсіресе спорт пен әдебиеттегі алтын ғасырымызды қайта оралту орайындағы бейкүнә арманымызға бола бізді ешкім асыра сөкпес деп үміттенеміз.

Ал, осы қазақ футболының аңы­зы Сегізбаев сұрапыл соғыс бас­талардан бес апта бұрын сегіз баланың ішінде ұлдардың үлкені болып Семейде дүниеге келгенін қазір біреу білер, біреу білмес. Әкесі Санжар сол кездегі Қырғыз автономиялы республикасы Жоғар­ғы сотын басқарған білікті заңгер, адал азамат. Соған қарамастан, 1938 жылы қуғын-сүргінге ұшы­рап, түр­меге қамалып, кейінірек ақ­талған. Осыдан-ақ Тимурдың ба­ла­лық ша­ғы­ның аспаны бұлтсыз болма­ға­нын, тұрмыс қиындық­та­ры­мен қа­р­шадайынан-ақ бетпе-бет келгенін, әлдебір бюрократтың бәл­денген бұ­ла еркесі болып өспегенін аңға­р­ған­даймыз. Футболдың болашақ жұл­ды­зының буыны қатып, бұғанасы бекіген жері Есік болса, есейіп ержетуге бет алған шақта отбасы отағасының қызмет бабымен Ал­ма­тыға қоныс аударады. Сегізбаевтар тұрған үйдің ту сыртында – физкультура институты. Қол созым жерде 28 гвардияшы-панфилов­шы­лар саябағы. Сол кезде бұл сая­бақ­тың ішінде неше түрлі спорт алаң­дары болады екен. Бір жағында баскетбол, бір жағында волейбол, одан әрі теннис алаңы. Осы ара­дағы ойындарды елмен бірге есті бала да құмарта тамашалайды. Бо­йы 2 метр 33 сантиметр феномен баскетболшы Уәйіс Ақтаевты, ба­бын­дағы волейболшы Октябрь Жа­рыл­ғаповты, жас жүрегіне от тас­та­ған басқа да майталман спорт­шы­ларды алғаш осында көреді. Сөй­тіп, кейін елдің волейбол құра­масының белді ойыншысы болған Жәнібек Сауранбаевпен бірге алаң­нан қияс кеткен допты заулай жү­гіріп әкеліп беретін Тимурдың кеудесіне спортшы болсам деген асыл арман ұя салады.

Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға