Жаңалықтар

Байғалы Шолпан Байғалықызы

Байғалы Шолпан Байғалықызы 1948 жылы 20 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданында (бұрынғы Краснокутск) Жаңатап ауылында туған. Краснокутскі ауданы мен Қашыр ауданын Ертіс өзені бөліп тұрғанымен қанаттас елдің бірінде қыстауы, екінші Краснокутсі ауданының шұрайлы жері жаз жайлау болса керек. Ш. Байғалы бір жасынан бастап осы Қашыр ауданының Қызылтаң ауылында тұрып, тәрбиеленеді. Қызылтаң сегіз жылдық мектебінде оқып, он жылдық білім алғаннан кейін осы мектепте аға пионер вожатый болады. Әкесі Байғалы-айтыскер ақын ретінде Қарқаралы, Ерейментау, Баянауыл, Ертіс өңірін аралаған. Бақсылығымен «Көк биелі Байғалы» деген атпен ел есінде сақталған. Алғашқы өлеңдері Қызыл таң ауылында 7 сыныпта оқып жүргенде республикалық «Қазақстан әйелдері» журналында одан кейін облыстық «Қызыл ту», «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жарық көрген. Тұңғыш жазған «Ауылым», «Туған жер» деген өлеңдеріне жергілікті сазгер Мейрам Ермекбаев ән жазған топтамаларым жарық көрді. 1967 жылы облыстық «Қызыл ту» газетіне корректор болады. 1968 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы сырттай оқып бітіреді. 1972 жылы «Жалын» баспасынан «Көктем тынысы» жастар жинағына топтамасы енген. 15 жылдай облыстық радио және телевизия хабарларын тарату комитетінде жастар хабарының редакторы болған. Республикалық деңгейде «Құштарлық» (мүсінші Көкен Темірғалин туралы), «Қыздар» (Екібастұзға комсомолдық жолдамамен келген сылақшы қыздар туралы), «Қолтаңба» (трактор зауытының 300 мыңыншы тракторторын құрастырушы туралы), «Ұшқыш Ғалым» атты телеочерктері лауреат, дипломант атағын алып берген. Облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі сияқты журналистік жолында шығармашылығымен облыс жұртшылығына танылды. «Ардақ» атты қыз-келіншектерге арналған бет ұйымдастырып, қыздар туралы проблема көтерді. Облыстық мәслихатта, облыс әкімдігінде ішкі саясат бөлімінде, баспасөз қызметінде, облыстық тілдерді дамыту департаментінде, қалалық әкімшілікте тіл саясаты бөлімдерінде бөлім меңгерушісі, департамент бастығының орынбасары, кеңесші тағы сол сияқты мемлекеттік қызметте жүріп, газет-журнал жұмыстарына араласты. ИнЕУ-де журналистерге дәріс береді. Облыстық «Ақ жаулық» газетінің редакторы, одан кейін «Айбар», «Ертіс-Бизнес», «Айбат» газеттерін шығарды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. 70-80-ші жылдары облыста ақындар айтысын қайтадан жандандыруға ат салысқан, алғашқы айтысқа шыққан айтыскер қыздардың бірі. «Достық шеңбері», Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына арналған айтыстарда жүлделі орындарды иемденген. Тоқсаныншы жылдары Алматыда өткен республикалық Наурыз айтысы мен Қызылжарда өткен Мағжан Жұмабаевтың, Көкшетауда өткен Ақан Сері Қорамсаұлының, Шымкентте өткен Қажымұқан Мұңайтпасовтың республикалық айтыстарына қатысқан. «Көктем тынысы» кітабында («Жазушы» баспасы, 1972 ж.) өлеңдер топтамасы, «ЭКО» баспасынан «Ай-нұрым менің» (2000 ж.), «Еркелеймін Ертіске» (2003 ж) кітабы, «Сезімді қайтем тулаған» (2006 ж.) өлеңдер жинағы және «Қазақ журналистикасының тарихынан лекция курсы» (2008 ж.), «Сыр сандық» өлең-әңгімелер жинағы жарық көрді. Жергілікті орыс ақыны Ю.Примак, О.Григорьеваның, неміс тілінде өлең жазған Н.Ваккердің орыс тіліндегі өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
08.04.2013 05:05 4423

Байғалы Шолпан Байғалықызы 1948 жылы 20 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданында (бұрынғы Краснокутск) Жаңатап ауылында туған.

Краснокутскі ауданы мен Қашыр ауданын Ертіс өзені бөліп тұрғанымен қанаттас елдің бірінде қыстауы, екінші Краснокутсі ауданының шұрайлы жері жаз жайлау болса керек. Ш. Байғалы бір жасынан бастап осы Қашыр ауданының Қызылтаң ауылында тұрып, тәрбиеленеді. Қызылтаң сегіз жылдық мектебінде оқып, он жылдық білім алғаннан кейін осы мектепте аға пионер вожатый болады. Әкесі Байғалы-айтыскер ақын ретінде Қарқаралы, Ерейментау, Баянауыл, Ертіс өңірін аралаған. Бақсылығымен «Көк биелі Байғалы» деген атпен ел есінде сақталған.

Алғашқы өлеңдері Қызыл таң ауылында 7 сыныпта оқып жүргенде республикалық «Қазақстан әйелдері» журналында одан кейін облыстық «Қызыл ту», «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жарық көрген. Тұңғыш жазған «Ауылым», «Туған жер» деген өлеңдеріне жергілікті сазгер Мейрам Ермекбаев ән жазған топтамаларым жарық көрді.

1967 жылы облыстық «Қызыл ту» газетіне корректор болады. 1968 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы сырттай оқып бітіреді. 1972 жылы «Жалын» баспасынан «Көктем тынысы» жастар жинағына топтамасы енген.

15 жылдай облыстық радио және телевизия хабарларын тарату комитетінде жастар хабарының редакторы болған. Республикалық деңгейде «Құштарлық» (мүсінші Көкен Темірғалин туралы), «Қыздар» (Екібастұзға комсомолдық жолдамамен келген сылақшы қыздар туралы), «Қолтаңба» (трактор зауытының 300 мыңыншы тракторторын құрастырушы туралы), «Ұшқыш Ғалым» атты телеочерктері лауреат, дипломант атағын алып берген. Облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі сияқты журналистік жолында шығармашылығымен облыс жұртшылығына танылды. «Ардақ» атты қыз-келіншектерге арналған бет ұйымдастырып, қыздар туралы проблема көтерді.

Облыстық мәслихатта, облыс әкімдігінде ішкі саясат бөлімінде, баспасөз қызметінде, облыстық тілдерді дамыту департаментінде, қалалық әкімшілікте тіл саясаты бөлімдерінде бөлім меңгерушісі, департамент бастығының орынбасары, кеңесші тағы сол сияқты мемлекеттік қызметте жүріп, газет-журнал жұмыстарына араласты. ИнЕУ-де журналистерге дәріс береді.

Облыстық «Ақ жаулық» газетінің редакторы, одан кейін «Айбар», «Ертіс-Бизнес», «Айбат» газеттерін шығарды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

70-80-ші жылдары облыста ақындар айтысын қайтадан жандандыруға ат салысқан, алғашқы айтысқа шыққан айтыскер қыздардың бірі. «Достық шеңбері», Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына арналған айтыстарда жүлделі орындарды иемденген. Тоқсаныншы жылдары Алматыда өткен республикалық Наурыз айтысы мен Қызылжарда өткен Мағжан Жұмабаевтың, Көкшетауда өткен Ақан Сері Қорамсаұлының, Шымкентте өткен Қажымұқан Мұңайтпасовтың республикалық айтыстарына қатысқан.

«Көктем тынысы» кітабында («Жазушы» баспасы, 1972 ж.) өлеңдер топтамасы, «ЭКО» баспасынан «Ай-нұрым менің» (2000 ж.), «Еркелеймін Ертіске» (2003 ж) кітабы, «Сезімді қайтем тулаған» (2006 ж.) өлеңдер жинағы және «Қазақ журналистикасының тарихынан лекция курсы» (2008 ж.), «Сыр сандық» өлең-әңгімелер жинағы жарық көрді.

Жергілікті орыс ақыны Ю.Примак, О.Григорьеваның, неміс тілінде өлең жазған Н.Ваккердің орыс тіліндегі өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға