Жаңалықтар

Бекхожин Қалижан

Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы 1913 жылы Павлодар қаласында туған. Қазақ ақыны. Қазақстанның Халық жазушысы. 1938 жылы Қазақ пединститутын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1938 жылдан соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында жұмыс істеді. 1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындылары замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады. Қазақ халқының дарындары тұлғалары туралы «Орман қызы» атты тұңғыш поэмасы 1938 жылы республикалық бәйгеде жүлде алды. «Партизан Балтабай», «Кек» (1940) поэмалары азамат соғысы жылдарындағы қазақ халқының ерлігіне арналды. Тарихи тақырыпқа жазылған «Ақсақ құлан» атты поэмасында (1938) күй өнерінің құдіретін, 13 ғасырдағы қазақ халқының ерлік күресін суреттесе, «Батыр Науан» поэмасы (1940) қазақтардың Ресей отаршылдығына қарса қаһармандық күресінің көркем шежіресі ретінде танылған шығарма. Тоталитарлық жүйенің кезінде осы поэмасы үшін Бекхожин жазықсыз қудалауға ұшырады. Соғыс жылдары «Александр Невскиий» (1941), «Жиырма сегіз» (1942), атты патриоттық дастандар жазды. Соғыстан кейін көптеген лирикалық жинақтарында сол тұстағы Қазақстан әлеуметтік өзгерістерді, замандастарын жырласа, «Мариям Жәгөрқызы» поэмасында (1949-1954) екі жастың шынайы махаббатын бейнеледі. Сталинге табынған кездегі елдегі қиын өмірді суреттеген «Тұрлаулы тағдыр» поэмасы (1957, 1962) қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс болды. 1974 жылы ақын Әзербайжан халқының ұлы ақыны Низами мен қыпшақ қызы Әппақтың аяулы махаббаты туралы «Әппақ-наме» атты поэма жазды. «Сері күйші» поэмасында (1989) композитор, ғұлама, шешен, әрі батыр Қорқыт Атаның бейнесін шынайы шеберлікпен сомдады. Бекхожин «Қазақ совет әдебиеті» атты орта мектепке арналған оқулықты жазуға қатысты. Ақынның әдеби-сын мақалалары және творчествалық портреттер жинағы «Кешкі жаңғырық» 1987 жылы жарияланды. Бекхожин драматургия саласында да үлкен үлес қосқан жазушы. «Егер жүрек шын берілсе», «Нөсерден кейін», «Ұлыстың ұлан асуы», «Гималай сарыны» пьесалары республика, облыстық театрларды қойылды. «Ұлан асу» пьесасында қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің қолбасшысы Абылай ханның ерлік жолы, өмірі шынайы суреттелген. Аударма саласында А.Пушкин, А,Горький т.б. классиктер шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бекхожиннің өлеңдері мен поэмалары ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен танылды. Бекхожин Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1978). Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі
08.04.2013 03:02 10050

Бекхожин Қалижан Нұрғожаұлы 1913 жылы Павлодар қаласында туған. Қазақ ақыны. Қазақстанның Халық жазушысы. 1938 жылы Қазақ пединститутын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1938 жылдан соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында, Тіл және әдебиет институтында жұмыс істеді.

1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындылары замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады. Қазақ халқының дарындары тұлғалары туралы «Орман қызы» атты тұңғыш поэмасы 1938 жылы республикалық бәйгеде жүлде алды.

«Партизан Балтабай», «Кек» (1940) поэмалары азамат соғысы жылдарындағы қазақ халқының ерлігіне арналды. Тарихи тақырыпқа жазылған «Ақсақ құлан» атты поэмасында (1938) күй өнерінің құдіретін, 13 ғасырдағы қазақ халқының ерлік күресін суреттесе, «Батыр Науан» поэмасы (1940) қазақтардың Ресей отаршылдығына қарса қаһармандық күресінің көркем шежіресі ретінде танылған шығарма. Тоталитарлық жүйенің кезінде осы поэмасы үшін Бекхожин жазықсыз қудалауға ұшырады.

Соғыс жылдары «Александр Невскиий» (1941), «Жиырма сегіз» (1942), атты патриоттық дастандар жазды. Соғыстан кейін көптеген лирикалық жинақтарында сол тұстағы Қазақстан әлеуметтік өзгерістерді, замандастарын жырласа, «Мариям Жәгөрқызы» поэмасында (1949-1954) екі жастың шынайы махаббатын бейнеледі. Сталинге табынған кездегі елдегі қиын өмірді суреттеген «Тұрлаулы тағдыр» поэмасы (1957, 1962) қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс болды.

1974 жылы ақын Әзербайжан халқының ұлы ақыны Низами мен қыпшақ қызы Әппақтың аяулы махаббаты туралы «Әппақ-наме» атты поэма жазды. «Сері күйші» поэмасында (1989) композитор, ғұлама, шешен, әрі батыр Қорқыт Атаның бейнесін шынайы шеберлікпен сомдады.

Бекхожин «Қазақ совет әдебиеті» атты орта мектепке арналған оқулықты жазуға қатысты. Ақынның әдеби-сын мақалалары және творчествалық портреттер жинағы «Кешкі жаңғырық» 1987 жылы жарияланды.

Бекхожин драматургия саласында да үлкен үлес қосқан жазушы. «Егер жүрек шын берілсе», «Нөсерден кейін», «Ұлыстың ұлан асуы», «Гималай сарыны» пьесалары республика, облыстық театрларды қойылды. «Ұлан асу» пьесасында қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің қолбасшысы Абылай ханның ерлік жолы, өмірі шынайы суреттелген.

Аударма саласында А.Пушкин, А,Горький т.б. классиктер шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Бекхожиннің өлеңдері мен поэмалары ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен танылды. Бекхожин Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1978). Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған.

Дереккөзі: Павлодар облысының әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға