Жаңалықтар

Тоқсан би. Уәли хан Абылайханұлы

Тоқсан би (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз), би, халық судьясы, XVIII ғасырдағы қарапайым қазақ құқығының білгірі. Тоқсан Жабайұлы 17-18 ғасырлар шегінде қазақ ханы Тәукенің бастамасымен жасалған далалық "Жеті жарғы" заңдар кодексі туралы естелік әлі күшінде болып тұрған заманда өмір сүрген. Тәуке ханның, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің интеграциялық саясаттарын жалғастырушылардың арасында Тоқсан би де болған. Ол Солтүстік Қазақстаннан тысқары жерлерде де құрметке ие болатын. Оны барынша күрделі мәселелерді қарапайым құқық жолымен шешуге Жетісуға, қазақтар тұратын Сібірдегі аудандарға шақырған. Халықтың салт-дәстүрлері мен бастауларын жете білетін би кез келген қиын жағдайдан дұрыс шешім таба білген. Оның бірқатар сөздері халық арасында кең тараған. Осы заманғы сот жүйесі шын мәнінде халық билерінің қызметінен бастау алған Оған билердің парасаттылығы, парыз бен абыройға қызмет ету, талапшылдық сияқты қасиеттері дәлел болған. Елдегі билер әділдігі мен даналығы үшін құрметке бөленген. Ойлаудың қисынымен және күштілігімен, өткір сөзбен, үлкен жауапкершілікпен, ерекше шешімімен олар замандастарының лайықты бағасын алған. Тапқырлығының және оларға қоғам жүктеген міндеттерді абыроймен орындауының арқасында билер әлеуметтік баспалдақтың биік тұғырында тұрды, ал олардың әрекеттері мен қанатты сөздері аңызға айналған. Фольклор мәтіндерінің жазбалары осы заманғы зерттеулер үшін көптеген қазақ билері мен шешендерінің есімдерін сақтаған, олардың арасында Тоқсан би де бар. Олардың қызметін Шоқан Уәлиханов өзінің тарихи жазбаларында атап көрсеткен. Тоқсан бидің аты 2006 жылы облыс орталығындағы көшеге, ал 2007 жылғы қаңтар айындағы облыстық мәслихаттың шешімімен әйгілі би жерленген жерде салынған мазардан алыс емес Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының бір ауылына берілді. Уәли хан Абылайханұлы (1741-1821), Орта жүздің ханы, Абылай ханның екінші әйелі, қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы. Уәли әкесі қайтыс болғаннан кейін 1781 жылы ханның тағын мұраға алған. 1782 жылы ол Цин императорлар әулетінің ханы атағына бекітілді. 1782 жылғы 25 ақпанда екінші Екатерина патшайым Уәли сұлтанды Орта орданың ханы етіп бекіту туралы "Жарлықты грамотаға" қол қойды. Оны хан тағына отырғызу және ант қабылдау салтанаты 1782 жылғы 1 қарашада әулие Петр бекінісінде (қазіргі Петропавл қаласы) өтті. Уәли ханға арғын тайпасындағы әртүрлі рулардың, керей тайпасындағы рулардың бір бөлігінің және Орта жүздегі бірқатар басқа рулардың 11 мың отбасы бағынышты болды. Ол өзі билік еткен кезеңде өз әкесінің сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жалғастыра отырып орыстардың шекаралық билігімен саяси байланыстарды және Цин империясымен дипломатиялық қатынастарды қолдады. Жүздерді басқаруда өзіне бағынышты тұрғындардан салық жинауда белсенділік танытты, өзінің шешімімен және дәстүрлер негізінде көші қоныстарын бөлді, рулар арасындағы ірі даулы мәселелерді шешуде жоғары төреші болды, Уәли билік құрған алғашқы онжылдықта жүздер арасында жағдай бірқалыпты болды, алайда екінші бөлігінде оның билігі әлсірей бастады, бұл отаршылдау әкімшілігіне тиімді болды. Уәли хан Ресей мен Қытай мойындаған соңғы сайланған қазақ ханы болды. Оның ұлдары Ғұбайдолла мен Шыңғыс кейіннен Көкшетау және Құсмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтандары болды.
04.04.2013 03:10 5398

Тоқсан би (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз), би, халық судьясы, XVIII ғасырдағы қарапайым қазақ құқығының білгірі. Тоқсан Жабайұлы 17-18 ғасырлар шегінде қазақ ханы Тәукенің бастамасымен жасалған далалық "Жеті жарғы" заңдар кодексі туралы естелік әлі күшінде болып тұрған заманда өмір сүрген. Тәуке ханның, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің интеграциялық саясаттарын жалғастырушылардың арасында Тоқсан би де болған. Ол Солтүстік Қазақстаннан тысқары жерлерде де құрметке ие болатын. Оны барынша күрделі мәселелерді қарапайым құқық жолымен шешуге Жетісуға, қазақтар тұратын Сібірдегі аудандарға шақырған. Халықтың салт-дәстүрлері мен бастауларын жете білетін би кез келген қиын жағдайдан дұрыс шешім таба білген. Оның бірқатар сөздері халық арасында кең тараған.

Осы заманғы сот жүйесі шын мәнінде халық билерінің қызметінен бастау алған Оған билердің парасаттылығы, парыз бен абыройға қызмет ету, талапшылдық сияқты қасиеттері дәлел болған. Елдегі билер әділдігі мен даналығы үшін құрметке бөленген. Ойлаудың қисынымен және күштілігімен, өткір сөзбен, үлкен жауапкершілікпен, ерекше шешімімен олар замандастарының лайықты бағасын алған. Тапқырлығының және оларға қоғам жүктеген міндеттерді абыроймен орындауының арқасында билер әлеуметтік баспалдақтың биік тұғырында тұрды, ал олардың әрекеттері мен қанатты сөздері аңызға айналған.

Фольклор мәтіндерінің жазбалары осы заманғы зерттеулер үшін көптеген қазақ билері мен шешендерінің есімдерін сақтаған, олардың арасында Тоқсан би де бар. Олардың қызметін Шоқан Уәлиханов өзінің тарихи жазбаларында атап көрсеткен. Тоқсан бидің аты 2006 жылы облыс орталығындағы көшеге, ал 2007 жылғы қаңтар айындағы облыстық мәслихаттың шешімімен әйгілі би жерленген жерде салынған мазардан алыс емес Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының бір ауылына берілді.

Уәли хан Абылайханұлы (1741-1821), Орта жүздің ханы, Абылай ханның екінші әйелі, қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы.

Уәли әкесі қайтыс болғаннан кейін 1781 жылы ханның тағын мұраға алған. 1782 жылы ол Цин императорлар әулетінің ханы атағына бекітілді. 1782 жылғы 25 ақпанда екінші Екатерина патшайым Уәли сұлтанды Орта орданың ханы етіп бекіту туралы "Жарлықты грамотаға" қол қойды. Оны хан тағына отырғызу және ант қабылдау салтанаты 1782 жылғы 1 қарашада әулие Петр бекінісінде (қазіргі Петропавл қаласы) өтті. Уәли ханға арғын тайпасындағы әртүрлі рулардың, керей тайпасындағы рулардың бір бөлігінің және Орта жүздегі бірқатар басқа рулардың 11 мың отбасы бағынышты болды. Ол өзі билік еткен кезеңде өз әкесінің сыртқы саяси қызметінің негізгі бағыттарын жалғастыра отырып орыстардың шекаралық билігімен саяси байланыстарды және Цин империясымен дипломатиялық қатынастарды қолдады. Жүздерді басқаруда өзіне бағынышты тұрғындардан салық жинауда белсенділік танытты, өзінің шешімімен және дәстүрлер негізінде көші қоныстарын бөлді, рулар арасындағы ірі даулы мәселелерді шешуде жоғары төреші болды, Уәли билік құрған алғашқы онжылдықта жүздер арасында жағдай бірқалыпты болды, алайда екінші бөлігінде оның билігі әлсірей бастады, бұл отаршылдау әкімшілігіне тиімді болды. Уәли хан Ресей мен Қытай мойындаған соңғы сайланған қазақ ханы болды. Оның ұлдары Ғұбайдолла мен Шыңғыс кейіннен Көкшетау және Құсмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтандары болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға