Жаңалықтар

Облыстың этникалық бейнесі

1916 жылы Петропавл уезі тұрғындарының саны 312,6 мың адамға жетті, ал Петропавл қаласының өзінде 45,4 мың адам тұрды. Бұл көрсеткіштер революцияға дейінгі уақытта аймақ тұрғындары санының өсу сызығының өзіндік шыңы болды. Отызыншы жылдардың басында өлке тұрғындарының саны қысқара бастады. Бұл демографиялық феномен көшпенді халықты күштеп отырықшылдыққа ауыстырудың қайғылы болуымен белгілі науқанның, адамдардың мал-мүлкін тәркілеу арқылы ұжымдастырудың, мыңдаған адамдардың өмірін жалмаған қолдан жасалған ашаршылықтың салдары болды. Бұл жерде сталиндік қуғын-сүргінді де есептен шығаруға болмайды. Ұлы Отан соғысы жылдары жаппай әскерге шақыруға және табиғи өсімнің төмендеуіне қарамастан облыс тұрғындарының саны біршама өсті. Бұл өсімге соғыс қимылдары жүріп жатқан Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның, Молдавиянын және Балтық теңізі жағалауы республикаларының аумағынан адамдарды күштеп көшіру, сонымен бірге республикамызға билік етуші режимге ұнамсыз халықтарды қоныстандыру есебінен қол жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысының қоныстану және шаруашылық даму тарихының жаңа кезеңі республикамызда тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталған 1954 жылы болды. Бұл аймақтың тұрғындар саны 1955 жылдың аяғында 424 мың адамға жетті. Бүгіндері облыстың этникалық бейнесі бай және көп ұлтты. Мұнда толық татулық пен келісім жағдайында 96 ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүруде. 2006 жылғы жағдай бойынша қазақтардың саны 217,1 мың адам немесе 32,74 пайыз, орыстар — 326,5 мың (49,23%), украиндар — 39,5 мың (5,95%), немістер — 24,8 мың (3,75%), татарлар — 15,0 мың (2,26%) адам, 40,2 мың адам немесе 6,09% басқа ұлттардың өкілдері. Облыста Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы құрылған, оған 16 ұлттық-мәдени орталықтар кіреді. Петропавл қаласында он тілдік бөлімшелері бар ұлттық жаңғыру мектебі жұмыс істеуде. Ұзақ жылдар бойы демографиялық жағдай дабыл кағарлықтай болды, бірақ 2003 жылдан бастап ол біртіндеп түзеле бастады. Әр 1000 адамға шаққанда 2005 жылы 12,8 жаңа туған сәбиден 2000 жылы 11,3) келді, балалардың шетінеуі біршама азайды. 2006 жылдың төртінші тоқсанында экономикалық белсенді тұрғындардың саны 387,5 мың адам болды, олардың 359,7 мыңы экономикада еңбек етеді және 27,7 мыңы уақытша жұмыс істемейді. Еңбекпен қамтылған тұрғынның 206,3 мыңы жалданбалы жұмысшылар, 153,4 мың адам дербес жұмыс істейді. 2006 жылдың соңында экономикалық белсенді тұрғындардың санындағы ресми тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,3 пайыз болды.
04.04.2013 02:51 2503

1916 жылы Петропавл уезі тұрғындарының саны 312,6 мың адамға жетті, ал Петропавл қаласының өзінде 45,4 мың адам тұрды. Бұл көрсеткіштер революцияға дейінгі уақытта аймақ тұрғындары санының өсу сызығының өзіндік шыңы болды.

Отызыншы жылдардың басында өлке тұрғындарының саны қысқара бастады. Бұл демографиялық феномен көшпенді халықты күштеп отырықшылдыққа ауыстырудың қайғылы болуымен белгілі науқанның, адамдардың мал-мүлкін тәркілеу арқылы ұжымдастырудың, мыңдаған адамдардың өмірін жалмаған қолдан жасалған ашаршылықтың салдары болды. Бұл жерде сталиндік қуғын-сүргінді де есептен шығаруға болмайды. Ұлы Отан соғысы жылдары жаппай әскерге шақыруға және табиғи өсімнің төмендеуіне қарамастан облыс тұрғындарының саны біршама өсті. Бұл өсімге соғыс қимылдары жүріп жатқан Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның, Молдавиянын және Балтық теңізі жағалауы республикаларының аумағынан адамдарды күштеп көшіру, сонымен бірге республикамызға билік етуші режимге ұнамсыз халықтарды қоныстандыру есебінен қол жеткізілді. Солтүстік Қазақстан облысының қоныстану және шаруашылық даму тарихының жаңа кезеңі республикамызда тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталған 1954 жылы болды. Бұл аймақтың тұрғындар саны 1955 жылдың аяғында 424 мың адамға жетті.

Бүгіндері облыстың этникалық бейнесі бай және көп ұлтты. Мұнда толық татулық пен келісім жағдайында 96 ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүруде. 2006 жылғы жағдай бойынша қазақтардың саны 217,1 мың адам немесе 32,74 пайыз, орыстар — 326,5 мың (49,23%), украиндар — 39,5 мың (5,95%), немістер — 24,8 мың (3,75%), татарлар — 15,0 мың (2,26%) адам, 40,2 мың адам немесе 6,09% басқа ұлттардың өкілдері. Облыста Қазақстан халықтарының кіші Ассамблеясы құрылған, оған 16 ұлттық-мәдени орталықтар кіреді. Петропавл қаласында он тілдік бөлімшелері бар ұлттық жаңғыру мектебі жұмыс істеуде.

Ұзақ жылдар бойы демографиялық жағдай дабыл кағарлықтай болды, бірақ 2003 жылдан бастап ол біртіндеп түзеле бастады. Әр 1000 адамға шаққанда 2005 жылы 12,8 жаңа туған сәбиден 2000 жылы 11,3) келді, балалардың шетінеуі біршама азайды.

2006 жылдың төртінші тоқсанында экономикалық белсенді тұрғындардың саны 387,5 мың адам болды, олардың 359,7 мыңы экономикада еңбек етеді және 27,7 мыңы уақытша жұмыс істемейді. Еңбекпен қамтылған тұрғынның 206,3 мыңы жалданбалы жұмысшылар, 153,4 мың адам дербес жұмыс істейді. 2006 жылдың соңында экономикалық белсенді тұрғындардың санындағы ресми тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,3 пайыз болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға