Жаңалықтар

1900-1907 ж.ж.

1900 жылға уездің барлық тұрғындарының саны 99934 адамға, астық алқаптары 107272 десятинаға жетті. 5407152 пұт астық жиналды. 90-шы жылдары қазақтардың егістік алқабы 15 мыңнан 56,5 мың десятинаға өсті. Егістікпен шұғылданған 202 ауылдың 147-сі нақ осы кезде жерді өңдеуді бастады. Тұрғындар санының өсуі және темір жолдың тартылуы жергілікті рыноктың дамуына қол жеткізді. Мұның өзі қазақтың әдеттегі шаруашылық сипатын бұзды. Егер 1853 жылы 8 сыртқы округтің аумағында айналымы 11,4 мың сом болатын 5 жәрмеңке жұмыс істесе, 1900 жылы Ақмола облысында айналымы 18,5 миллион сом 60 жәрмеңке болды. Жәрмеңкелермен қат-қабат әдеттегі сауда-саттық өрістеді: 1900 жылы уезде айналымы 393 мың сом 166 сауда орны болды. 1900 жылы Петропавл стансасынан Ресейге 814 мың пұт ет, 1420 мың түрлі тері, 37 мың пұт жүн мен қыл, 420 мың пұт қой ішек-қарыны, оның 360 мыңы — Германияға жөнелтілді. АҚШ-қа 100 мыңнан аса ешкі терісі шығарылды. Дамыған кәсіпшіліктер де әдеттегі шаруашылықты бұзды: 1900 жылға шаруашылықтардың 59,2 пайызы кәсіпшіліктермен айналысты. Қазақ ауылдарының әлеуметтік жағынан бөлінуі жаңа өзгерістерге ұшырап, патриархалдық-феодалдық қатынастарды әлсіретті. 1901 жылғы зерттеу уездің 51,5 пайызын кедейлер құрағанын, оларда малдың 20 пайызы болғанын, ал ауылдарды билеушілердің 5,5 пайызы малдың 56,9 пайызын иеленгендігін көрсетті. Күн көріс көзінен айырылған адамдар қалаларда, деревнялар мен станицаларда, кеніштерде, кен орындарында жұмысқа жалданды. Байлар, сауда-саттыққа ден қоя отырып, мал шаруашылығында және егіншілікте олардың еңбегін пайдаланды. XX ғасырдың  басында П.А. Столыпин жүргізген реформа көші-қон үдерісін күрт күшейтіп жіберді. 1901-1905 жылдарда Ақмола облысына көшіп келіп қоныстанғандардың жылпы орташа саны 7675 адам, 1906-1909 жылдарда - 80761 адам, ал 1910-1914 жылдарда — 33943 адам болды. 1880-1917 жылдары халықтың орналасуының 321 пайызға өсуі ауыл шаруашылығының басты салаларындағы өндіргіш күштердің айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. 1915 жылы егістік аумағы 277 мың десятинаға жетті, оның алдындағы бір жылға қарағанда алынған жалпы бидайдың көлемі 12 миллион пұттан асып түсті. Уездегі жылқының және ірі қара малдың саны 2 есе артты. Бір атап көрсетерлігі – қазақтың егіншілігі дамыды: 1917 жылы ауылдар шаруашылығының 61 пайызы егіншілікпен айналысты, олар 25,9 десятина алқапқа тұқым сіңірді. 1917 жылы ауылдарда шөп дайындау 30 миллион пұтқа дейін жетті. Мәселен, 1908 жылы қыста мал қоятын қоралар саны шаруашылық басына үшеуге тарта болды. Мал табынында жылқы, қой-ешкілер кеміді, есесіне ірі қара малдың үлесі артты. Құрылымды қайта құру табын санының өсуіне қол жеткізді: 1901-1908 жылдары ол 361 мың бастан 773 мың басқа дейін өсті. Аграрлық сектордың өсуі өңдеу өнеркәсібін дамытуға қол жеткізді. 1912 жылы қалада жылдық өнімділігі 1266 мың сом 137 фабрика болды. Уезд аумағында 718 фабрика жұмыс істеп, олардың жылдық өнімділігі 1393 мың сом болды. XX ғасырдың басында өлкенің экономикасына шетел капиталының кіруі күшейді. Петропавлда Шредердің, Стольдің, ағайынды Брандтардың, Данияның сарап қоғамының ауыл шаруашылық техникаларын өткізу жөніндегі сауда кәсіпорындары орын тепті. Қала даланың үлкен орталық пен маңызды сауда орнына айналды. Өңірден астық пен ұн, ет пен сары май, жылқылар, жүн, қыл, тері сыртқа шығарылды. Өндірістік және тұтыну мақсатындағы тауарлар: тас көмір, темір, егістік және орақ машиналары, маталар, қант, шәй және басқалар әкелінді. Экономиканың өсуі әлеуметтік үдерістердің барысы мен бағытына әсер етіп отырды.
03.04.2013 23:28 5586

1900 жылға уездің барлық тұрғындарының саны 99934 адамға, астық алқаптары 107272 десятинаға жетті. 5407152 пұт астық жиналды. 90-шы жылдары қазақтардың егістік алқабы 15 мыңнан 56,5 мың десятинаға өсті. Егістікпен шұғылданған 202 ауылдың 147-сі нақ осы кезде жерді өңдеуді бастады.

Тұрғындар санының өсуі және темір жолдың тартылуы жергілікті рыноктың дамуына қол жеткізді. Мұның өзі қазақтың әдеттегі шаруашылық сипатын бұзды. Егер 1853 жылы 8 сыртқы округтің аумағында айналымы 11,4 мың сом болатын 5 жәрмеңке жұмыс істесе, 1900 жылы Ақмола облысында айналымы 18,5 миллион сом 60 жәрмеңке болды. Жәрмеңкелермен қат-қабат әдеттегі сауда-саттық өрістеді: 1900 жылы уезде айналымы 393 мың сом 166 сауда орны болды.

1900 жылы Петропавл стансасынан Ресейге 814 мың пұт ет, 1420 мың түрлі тері, 37 мың пұт жүн мен қыл, 420 мың пұт қой ішек-қарыны, оның 360 мыңы — Германияға жөнелтілді. АҚШ-қа 100 мыңнан аса ешкі терісі шығарылды.

Дамыған кәсіпшіліктер де әдеттегі шаруашылықты бұзды: 1900 жылға шаруашылықтардың 59,2 пайызы кәсіпшіліктермен айналысты.

Қазақ ауылдарының әлеуметтік жағынан бөлінуі жаңа өзгерістерге ұшырап, патриархалдық-феодалдық қатынастарды әлсіретті. 1901 жылғы зерттеу уездің 51,5 пайызын кедейлер құрағанын, оларда малдың 20 пайызы болғанын, ал ауылдарды билеушілердің 5,5 пайызы малдың 56,9 пайызын иеленгендігін көрсетті. Күн көріс көзінен айырылған адамдар қалаларда, деревнялар мен станицаларда, кеніштерде, кен орындарында жұмысқа жалданды. Байлар, сауда-саттыққа ден қоя отырып, мал шаруашылығында және егіншілікте олардың еңбегін пайдаланды.

XX ғасырдың  басында П.А. Столыпин жүргізген реформа көші-қон үдерісін күрт күшейтіп жіберді. 1901-1905 жылдарда Ақмола облысына көшіп келіп қоныстанғандардың жылпы орташа саны 7675 адам, 1906-1909 жылдарда - 80761 адам, ал 1910-1914 жылдарда — 33943 адам болды. 1880-1917 жылдары халықтың орналасуының 321 пайызға өсуі ауыл шаруашылығының басты салаларындағы өндіргіш күштердің айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. 1915 жылы егістік аумағы 277 мың десятинаға жетті, оның алдындағы бір жылға қарағанда алынған жалпы бидайдың көлемі 12 миллион пұттан асып түсті. Уездегі жылқының және ірі қара малдың саны 2 есе артты. Бір атап көрсетерлігі – қазақтың егіншілігі дамыды: 1917 жылы ауылдар шаруашылығының 61 пайызы егіншілікпен айналысты, олар 25,9 десятина алқапқа тұқым сіңірді. 1917 жылы ауылдарда шөп дайындау 30 миллион пұтқа дейін жетті. Мәселен, 1908 жылы қыста мал қоятын қоралар саны шаруашылық басына үшеуге тарта болды. Мал табынында жылқы, қой-ешкілер кеміді, есесіне ірі қара малдың үлесі артты. Құрылымды қайта құру табын санының өсуіне қол жеткізді: 1901-1908 жылдары ол 361 мың бастан 773 мың басқа дейін өсті.

Аграрлық сектордың өсуі өңдеу өнеркәсібін дамытуға қол жеткізді. 1912 жылы қалада жылдық өнімділігі 1266 мың сом 137 фабрика болды. Уезд аумағында 718 фабрика жұмыс істеп, олардың жылдық өнімділігі 1393 мың сом болды.

XX ғасырдың басында өлкенің экономикасына шетел капиталының кіруі күшейді. Петропавлда Шредердің, Стольдің, ағайынды Брандтардың, Данияның сарап қоғамының ауыл шаруашылық техникаларын өткізу жөніндегі сауда кәсіпорындары орын тепті. Қала даланың үлкен орталық пен маңызды сауда орнына айналды. Өңірден астық пен ұн, ет пен сары май, жылқылар, жүн, қыл, тері сыртқа шығарылды. Өндірістік және тұтыну мақсатындағы тауарлар: тас көмір, темір, егістік және орақ машиналары, маталар, қант, шәй және басқалар әкелінді. Экономиканың өсуі әлеуметтік үдерістердің барысы мен бағытына әсер етіп отырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға