Жаңалықтар

Мұражайдың 25 жылдық мерейтойы

  1993 жылы музейдің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті. 1998 жылы музейдің 30 жылдық мерейтойы салтанатты жағдайда аталды. Салтанатты жиында аудан әкімінің шешімімен музейдің қалыптасуына айрықша еңбегі сіңген адамдар мен музей жанашырларының есімі жазылған «Құрмет кітабы» ашылды. 1999 жылы Ғанидың туған күнінде «Бабадан қалған мұрамыз, Ұрпаққа болсын жыр-аңыз» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияда Арал ауданынан қатысқан әкелі-балалы қолөнер шеберлері Молдахмет және Бейсембай Дүймановтар музей қорына өздері ағаштан ойып жасаған 54 бұйымды, жергілікті суретші Іскендір Жеткербаев «Ғани-Шырақ» атты құбылмалы бояқты, бірнеше шебер өздері жасаған қолөнер бұйымдарын музейге сыйға тартты. 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануына және облыс әкімінің «Сыр мәдениеті – жаңа ғасырда» бағдарламасына сәйкес тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, жергілікті өнер шеберлерімен кездесулер өткізілді. 2001 жылы музей үйінің ескі бөлігіне жөндеу, залдарға реэкспозиция жұмыстары жүргізіліп, «Өлке тарихы», «Археология» және «Этнография» залдары ашылды. Тамыз айында 1921 жылы Ғанидың бастамасымен алғаш рет жарыққа шыққан «Жас Алаш» газетінің 80 жылдығы құрметіне газеттің бас редакторы, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп бастаған «Атамекен» экспедициясы музейде болып, аудан жастарымен кездесу өткізді. 2001-2002 жылдары Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылып, елді мекендерде көрсетілді. Музейге реэкспозиция, Ғани алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Ғанидың 100 жылдық мерейтойы республикалық дәрежеде салтанатты жағдайда аталып өтті. Салтанатқа қатысушы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрайымы Рысалды Сариева, Қазақстанның халық әртісі, Ғани ролін сомдаған актер Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова, республиканың әр түкпірінде тұратын Ғанидың туыстары, комсомол ардагерлері музейде болып, жаңа экспозициямен танысты. 2003 жылы Қазалы қаласының 150 жылдығы мен Ғанидың серіктесі, белгілі қоғам қайраткері Сара Есованың 100 жылдық мерейтойы құрметіне тақырыптық көрме ұйымдастырылып, буклет-кітапша шығарылды, облыстық ақындар айтысы мен ақындар мүшәйрасы өткізілді. Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты
27.03.2013 10:45 4748

 

1993 жылы музейдің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті. 1998 жылы музейдің 30 жылдық мерейтойы салтанатты жағдайда аталды. Салтанатты жиында аудан әкімінің шешімімен музейдің қалыптасуына айрықша еңбегі сіңген адамдар мен музей жанашырларының есімі жазылған «Құрмет кітабы» ашылды.
1999 жылы Ғанидың туған күнінде «Бабадан қалған мұрамыз, Ұрпаққа болсын жыр-аңыз» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияда Арал ауданынан қатысқан әкелі-балалы қолөнер шеберлері Молдахмет және Бейсембай Дүймановтар музей қорына өздері ағаштан ойып жасаған 54 бұйымды, жергілікті суретші Іскендір Жеткербаев «Ғани-Шырақ» атты құбылмалы бояқты, бірнеше шебер өздері жасаған қолөнер бұйымдарын музейге сыйға тартты.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануына және облыс әкімінің «Сыр мәдениеті – жаңа ғасырда» бағдарламасына сәйкес тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, жергілікті өнер шеберлерімен кездесулер өткізілді.
2001 жылы музей үйінің ескі бөлігіне жөндеу, залдарға реэкспозиция жұмыстары жүргізіліп, «Өлке тарихы», «Археология» және «Этнография» залдары ашылды. Тамыз айында 1921 жылы Ғанидың бастамасымен алғаш рет жарыққа шыққан «Жас Алаш» газетінің 80 жылдығы құрметіне газеттің бас редакторы, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп бастаған «Атамекен» экспедициясы музейде болып, аудан жастарымен кездесу өткізді.

2001-2002 жылдары Ғани Мұратбаевтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылып, елді мекендерде көрсетілді. Музейге реэкспозиция, Ғани алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Ғанидың 100 жылдық мерейтойы республикалық дәрежеде салтанатты жағдайда аталып өтті. Салтанатқа қатысушы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрайымы Рысалды Сариева, Қазақстанның халық әртісі, Ғани ролін сомдаған актер Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова, республиканың әр түкпірінде тұратын Ғанидың туыстары, комсомол ардагерлері музейде болып, жаңа экспозициямен танысты.
2003 жылы Қазалы қаласының 150 жылдығы мен Ғанидың серіктесі, белгілі қоғам қайраткері Сара Есованың 100 жылдық мерейтойы құрметіне тақырыптық көрме ұйымдастырылып, буклет-кітапша шығарылды, облыстық ақындар айтысы мен ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Дереккөзі: Қызылорда облысы әкімдігінің сайты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға