Наполеонның Жозефина Богарнеге сыйлаған сақинасы француз Озенат аукциондық үйінде 898 мың еуроға сатылды. Наполеон оны кезінде болашақ жұбайына шаңырақ көтерер алдында тарту еткен екен.
Сарапшылар сапфир және бриллиант тастарымен безендірілген алтын сақинаның құны тым шарықтап кеткен дейді. Алайда коллекционерлер жүзіктің өзінен гөрі оның тарихи құндылығына қызыққан. Зергерлік бұйымдар нарығында 15 мың еуро тұратын жүзікке аукционда мөлшерлемесі 50 мың еуроны құрады. Бонапарт пен Жозефина Богарне 1795 жылы танысқан. Болашақ императордың жары өзінен алты жас үлкен болған.
Наполеонның Жозефинаға сыйлаған сақинасы 898 мың еуроға сатылды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс