Кеше Астанада «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында «Жер сағаты» акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Акция аясында 60 минутқа, сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарық пен электр құрылғылары сөндірілді. Бұл уақытта жер шарындағы миллиондаған адам электр жарығын сөндірді.
Жер сағаты – Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры (WWF) наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Акцияны өткізудегі мақсат – әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.
Астаналықтар «Жер сағаты» акциясы аясында 60 минутқа жарықты сөндірді
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс