Көкшетау халқы Әз-Наурыз мерекесін лайықты қарсы алды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Абылай хан алаңында «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» театрландырылған қойылымы өтті. Облыс орталығының алаңына мыңдаған ақмолалықтар жиналды. Облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов келушілерді мерекемен құттықтады.
«Жер-дүниені бусантып, бар әлемді жаңартып жеткен Әз-Наурыз мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын. Наурыз – жер бетіндегі ең көне мейрамдардың бірі. Ол біздің елімізге Тәуелсіздікпен бірге келді. Қайта жаңғыртылған Наурыздың тарихы – бұл біздің Тәуелсіздігіміздің тарихы! Наурыз мерекесі табыс, бақыт, гүлдену және қуаныш әкелсін!», - деді өңір басшысы.
Көктем мерекесін тойлауға облыстың үздік шығармашылық ұжымдары келді. Өнер иелері халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін паш етті. Мерекелік шара ұлттық спорттық ойындармен жалғасты.
Көкшетау халқы Әз-Наурыз мерекесін лайықты қарсы алды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс