Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Samruk Dance Crew» би ұжымы «Би аймағы» байқауында 1 миллион теңге ұтып алды.
Екінші жүлделі орынды елордалық Назарбаев Университетінің «NU Dance Crew» ұжымы және Қостанайдың «Inter Dance» би ансамблі еншілесе, үшінші орын «Dance PROject» елордалық командасына бұйырды. Іс шараны Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Жас Отан» Жастар Қанатымен бірігіп өткізген болатын.
«Би аймағы» жобасы – барлық би сүйер жастардың басын бір арнаға тоғыстыратын біртұтас қозғалыс болып табылады.
Байқау тапсырмаларының әр алуандығы топ мүшелеріне үнемі ізденісте болып, қабілеттерін шыңдауға серпіліс береді.
Шараға Астана, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған қалаларының 100 астам ниет білдірген жастары қатысты. Жеңімпаз-топ Республикалық деңгейде өтетін іс шараларға қатысуға жолдама алды.
Мерекелі іс шараның басты мақсаты – талантты да талапты жастарды анықтап, олардың қасиетін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасау, жастар арасында салауатты өмір салты мен би мәдениетін насихаттау, жастардан құралған би топтарының арасында аймақтықтық байланыстарды нығайту.
Байқаудың қазылар алқасы құрамында Марат Омаров, Ярослав Мелехин және басқа көптеген қазақ сахнасының танымал жұлдыздары болды.
Наурыз мейрамы қарсаңында ЕҰУ студенттері миллион ұтып алды
Оқи отырыңыз
9 Сәуір, 10:00
Төрешілер былығына федерация кінәлі ме? І Бізде бомбардирлер жоқ І «Астанаға» обал болды8 Сәуір, 17:20
Талант, тәртіп және төзім: GGG формуласын кім бұза алады?8 Сәуір, 09:02
140 балл және «Алтын белгі» мектебі: жоғары нәтиженің құпиясы неде?3 Сәуір, 10:03
«Таза ауада серуендемейді»: дәрігер бала дамуының кешеуілдеуіне әсер ететін факторларды атады