Американың кардиология қауымдастығы қатерлі ауруларға тосқауыл қоятын жеті факторды анықтады. Бұл жайттар онкологиялық кеселдердің қаупін 51%-ға төмендететін болып шықты.
«РИА Новостидің» хабарлауынша, сарапшылар анықтаған жеті кеңес мыналар: 1) дене шынықтыру; 2) салмақты реттеу; 3) дұрыс тамақтану; 4) ағзадағы холестерин деңгейін бақылау; 5) қан қысымын бақылау; 6) қан құрамындағы қант мөлшерін асырмау; 7) шылымнан бас тарту. Мамандардың айтуынша, бұл кеңестер – жүрек-қан тамырлары және қатерлі ісік ауруларынан сақтанудың бірден-бір кепілі. Кеңестердің бәрін орындаған адамды өлім-жітім өзге науқастарға қарағанда 51%-ға аз төңіректейді. Аталған факторлардың төртеуін ұстану қатерлі ісік қаупін 33%-ға, ал бір-екеуін ғана ұстану 21%-ға төмендетеді. «Өмірді жақсарту үшін ештен кеш жақсы. Сол себепті ең болмағанда темекі тартуды доғарып, жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісіктің дамуын тежеуге болады», – дейді чикаголық дәрігер Лаура Расмусен-Торвик.
Адамзатты құтқаратын жеті жайт анықталды
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс