Осындай мерекелік іс-шаралардан бейне түсіріп, бір ғана көріністі немесе бірнеше эпизодты біріктіріп, әдемі материал дайындауға болады. Барлығы да сіздің ұшқыр қиялыңыз бен операторлық креативіңізге байланысты. Бізге бәрі де қызықты!
Конкурс талаптары:
Kaztube.kz сайтына тіркеліңіз.
• Еркін жанрда ерекше бейне түсіріп, kaztube.kz сайтындағы «конкурс «Наурыз» санатына бейнені жүктеңіз.
• Бейнематериалдар 30 наурызға дейін қабылданады.
• Жеңімпаздар видеоның танымалдылығына байланысты анықталады.
Үзқдік деп танылған төрт бейнеролик иесінің тіл үйрену мектебіне жолдама жеңіп алатын мүмкіндігі бар.
Қымбатты достар, қала тұрғындары! Сіздерді Наурыз мейрамына орай 15 және 30 наурыз аралығында ұйымдастырылатын конкурсқа қатысуға шақырамыз!