Рим Папасы болып аргентиналық, Буэнос-Айрестің архиепископы Хорхе Марио Бергольо сайланды.
Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы өзіне Франциск І деген есімді таңдады. Кардиналдар жаңа Папаны сәрсенбі күні кеште, конклав отырысының екінші күні сайлады.
Х.М.Бергольо 1936 жылы 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте итальян эмигранты, теміржол жұмысшысының отбасында дүниеге келді. Ол химия технигі дипломын алды, одан кейін Буэнос-Айрестегі Вилла Девото семинариясында оқыды. 1958 жылы 11 наурызда иезуиттер орденіне кірді. Бұдан кейін Буэнос-Айрестегі Қасиетті Иосиф колледжінде білімін жалғастырып, философия лицензиатын алды. Х.М.Бергольо - Аргентинаның Католик университетінің ұлы канцлері.
Жаңа Рим Папасы Франциск І-ді таққа отырғызу салтанаты 19 наурызда өтуі мүмкін.
Таққа отыру мессасы кезінде Франциск І-ге папа билігінің жоғары белгілері - тұңғыш понтифик әулие Петрдің бұрын балықшы болғанын еске салатын балықшы сақинасы және басқа да қажетті рәсімдер жасалады.
Рим Папасы Франциск І деген есімді таңдады
Оқи отырыңыз
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс